LXX бөлім

19 Маусым 2013, 05:04

Тарихи тақырыптағы туындылар жасау үшiн күрделi өнерлiк мәселенiң бiрi—шығарма идеясына сай оқиғалар, кейiпкерлер талғау. Осы уәзипаның үдесiнен “Жаушы” романының авторы шыға бiлген. Мұнда—халықтың қаһарлы күшiн, қоғам дамуындағы шешушi орнын көрсету нысанасы көзделген. Жоңғар басқыншыларына қарсы кұреттiң халықтық сипатын ашуы “Жаушының” атап көрсетерлiк ұнамды белгiлерiнiң бiрi. Қатал қыс, жұт, қуаңшылық жаз кезектесiп келген тұста қазақ елiне тап берген жыртқыш жаулар әлегi, елдiң қапелiмде күштi соққыдан есеңгiреп, абдырап қалған сәтi, ата қоныстарынан босып кету мезетi, ел басқарады деген “ақсүйектердiң” халықты ажал мен азап өтiнде қалдырып қойғаны шығармада шыншыл баяндалады… Романның негiзгi қаһармандары халық бұқарасының өкiлдерi болып келуi шығарманың сара идеялық бағытын айқындайды. Мейiрiмсiз жау соққысын көрiп, азабын арқалаған көбiнесе қатардағы момын малшылар болып көрiнедi. Бес ұлының төртеуiнен айрылып, сергелдеңге түссе де, мойымаған, жiгерi жасымаған Манай қарт, оның батыр ұлы Кенже, жылқышы Малайсары, Жанатай батыр, ақсақ бақташы Орақбай, жоңғармен алғашқы ұрыста мерт болған Сейiт, қарапайым ауыл қызы Сәния, жаудың сырын жеткiзiп жәрдемдескен Нақжан мен Томан, Сарыарқада алғашқы азатшыл жасақты ұйымдастырушылар Саңырақ пен Тайлақ батыр, Лаубай, Мерген секiлдi сарбаздар iсi мен ерлiгi романда алғы кезекке шыққан. Кейiпкерлердi осылайша iрiктеу 1923-31 жылдардағы жоңғарға қарсы ауыр күрестiң негiзгi салмағын бұқара көтергенiн қапысыз аңғартады, азаттық, бостандық үшiн қозғалыстың терең демократиялық сипатын ашады. Ұланғайыр тарихи оқиғалар аумағын қандай шығармаға да тiзiп сыйғызу қиын. Олай ету көркем әдебиетке қажет те емес. Оқиғалар мен байланыстарды адам тағдыры, өмiрi, оның күйiнiш-сүйінiшi арқылы көрсету шарт. Ә.Әлiмжанов “Жаушы” романында осы принциптi мықтап ұстанған. Бұкiл романда ондаған кейiпкерлер қатарын көрсек те, солардың iшiнен автодың екшеп бейнелегiсi келген адамдарын айыру қиын емес. Олар: Манай мен оның ұлы Кенже, Кенженiң сүйген қызы Сәния, қыздың әкесi Орақбай. Осы екi отбасының сергелдеңi мен сарсаңы, бейнетi мен арманы қалың оқиғалардың арасында көзге шалынып отырады. Осылардың басына түскен тауқымет бүкiл жұрттың ортақ тағдырындай елес бередi. “Жаушы” романы өзiнiң жанрлық бiтiмi жағынан қазақ әдебиетiндегi соны құбылыстардың бiрi. Ә.Әлiмжанов “Махамбеттiң жебесi” романындағы секiлдi мұнда да баяндау тәсiлiн суреттеулермен ұтымды ұштастырып отырған. Шығарманың күллi көркемдiк кестесi басты идеяны—қазақ халқының жаулаушыларға қарсы азаттық соғысының алғашқы кезеңiн халықтың буырқанған күшi қалай серпiлiске түскенiн көрсету идеясына бағындырылған. Бұл ретте “Жаушыны” тарихи-публицистикалық роман қатарына жатқызуға болады[1].     Әнуар Әлiмжанов шығармашылығы туралы еңбектер:   1.      Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. А., 1969. 2.      Ауэзов М. Доброе начало. В кн. “Караван идет к солнцу”. А., 1963. 3.      Омаров И. Глазами читателя. А., 1967. 4.      Дәстүр және жаңашылық. А., 1980. 5.      Бердiбай Р. Тарихи роман. А., 1977. 6.      Рустемова К. Поэтика прозы А.Алимжанова. А., 1997. 7.      Әлем таныған Әнуар. [1] Р.Бердiбай. Тарихи роман.—Алматы, Санат, 1997.—158-165 беттер.  

Тарихи тақырыптағы туындылар жасау үшiн күрделi өнерлiк мәселенiң бiрi—шығарма идеясына сай оқиғалар, кейiпкерлер талғау. Осы уәзипаның үдесiнен “Жаушы” романының авторы шыға бiлген. Мұнда—халықтың қаһарлы күшiн, қоғам дамуындағы шешушi орнын көрсету нысанасы көзделген. Жоңғар басқыншыларына қарсы кұреттiң халықтық сипатын ашуы “Жаушының” атап көрсетерлiк ұнамды белгiлерiнiң бiрi.

Қатал қыс, жұт, қуаңшылық жаз кезектесiп келген тұста қазақ елiне тап берген жыртқыш жаулар әлегi, елдiң қапелiмде күштi соққыдан есеңгiреп, абдырап қалған сәтi, ата қоныстарынан босып кету мезетi, ел басқарады деген “ақсүйектердiң” халықты ажал мен азап өтiнде қалдырып қойғаны шығармада шыншыл баяндалады…

Романның негiзгi қаһармандары халық бұқарасының өкiлдерi болып келуi шығарманың сара идеялық бағытын айқындайды. Мейiрiмсiз жау соққысын көрiп, азабын арқалаған көбiнесе қатардағы момын малшылар болып көрiнедi. Бес ұлының төртеуiнен айрылып, сергелдеңге түссе де, мойымаған, жiгерi жасымаған Манай қарт, оның батыр ұлы Кенже, жылқышы Малайсары, Жанатай батыр, ақсақ бақташы Орақбай, жоңғармен алғашқы ұрыста мерт болған Сейiт, қарапайым ауыл қызы Сәния, жаудың сырын жеткiзiп жәрдемдескен Нақжан мен Томан, Сарыарқада алғашқы азатшыл жасақты ұйымдастырушылар Саңырақ пен Тайлақ батыр, Лаубай, Мерген секiлдi сарбаздар iсi мен ерлiгi романда алғы кезекке шыққан. Кейiпкерлердi осылайша iрiктеу 1923-31 жылдардағы жоңғарға қарсы ауыр күрестiң негiзгi салмағын бұқара көтергенiн қапысыз аңғартады, азаттық, бостандық үшiн қозғалыстың терең демократиялық сипатын ашады.

Ұланғайыр тарихи оқиғалар аумағын қандай шығармаға да тiзiп сыйғызу қиын. Олай ету көркем әдебиетке қажет те емес. Оқиғалар мен байланыстарды адам тағдыры, өмiрi, оның күйiнiш-сүйінiшi арқылы көрсету шарт. Ә.Әлiмжанов “Жаушы” романында осы принциптi мықтап ұстанған. Бұкiл романда ондаған кейiпкерлер қатарын көрсек те, солардың iшiнен автодың екшеп бейнелегiсi келген адамдарын айыру қиын емес. Олар: Манай мен оның ұлы Кенже, Кенженiң сүйген қызы Сәния, қыздың әкесi Орақбай. Осы екi отбасының сергелдеңi мен сарсаңы, бейнетi мен арманы қалың оқиғалардың арасында көзге шалынып отырады. Осылардың басына түскен тауқымет бүкiл жұрттың ортақ тағдырындай елес бередi.

“Жаушы” романы өзiнiң жанрлық бiтiмi жағынан қазақ әдебиетiндегi соны құбылыстардың бiрi. Ә.Әлiмжанов “Махамбеттiң жебесi” романындағы секiлдi мұнда да баяндау тәсiлiн суреттеулермен ұтымды ұштастырып отырған. Шығарманың күллi көркемдiк кестесi басты идеяны—қазақ халқының жаулаушыларға қарсы азаттық соғысының алғашқы кезеңiн халықтың буырқанған күшi қалай серпiлiске түскенiн көрсету идеясына бағындырылған. Бұл ретте “Жаушыны” тарихи-публицистикалық роман қатарына жатқызуға болады[1].

 

 

Әнуар Әлiмжанов шығармашылығы туралы еңбектер:

 

1.      Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. А., 1969.

2.      Ауэзов М. Доброе начало. В кн. “Караван идет к солнцу”. А., 1963.

3.      Омаров И. Глазами читателя. А., 1967.

4.      Дәстүр және жаңашылық. А., 1980.

5.      Бердiбай Р. Тарихи роман. А., 1977.

6.      Рустемова К. Поэтика прозы А.Алимжанова. А., 1997.

7.      Әлем таныған Әнуар.



[1] Р.Бердiбай. Тарихи роман.—Алматы, Санат, 1997.—158-165 беттер.

 

Бөлісу: