LXIX бөлім

19 Маусым 2013, 05:03

Романда Махамбеттiң Хиуада, Петербургта болуы, күйшi Құрманғазы мен ақын Шернияздың азаттық көтерiлiсiне қатысуы кең көрсетiледi. Мұнда жағдай мен мiнез, адамдар арасындағы ықыластар, байланыстар сыры егжей-тегжейлi талданбайды, оның есесiне адам мiнездерiнiң жеке қырлары әсiреленiп, барлық шырқау деңгейiне дейiн көтерiледi. Роман қаһармандарының (Исатай, Махамбет, Жантас, Құрманғазы т.б.) өз күштерiнiң мүмкiндiгiн толық есептеп жатпай, тек алдағы асыл арман-азаттыққа ұмтылуы, бұл жолдағы қауiп-қатерге көз жұмып қарауы романиктерге тән мiнез. Самсаған қолы бар, мың сан айласы, тұзағы бар Хиуа ханы Аллақұлға Махамбет өр жауап қайтарады, ал далада жортып жүрген жау жүрек Сүйiнқараның сөзi мен мiнезi де өктем, Махамбеттiң жан жолдастары—қоңырат Жантас, түрiкмен Балабек, қыпшақ Нояндар шетiнен сайыпқыран, халық кегi үшiн жанын қиюға әзiр. Махамбет бiраз күнiн бiрге өткiзген, өз қарауына тиген ауған сұлуы Нұрбалды керуенге қосып елiне қайтарып жiбередi, ол Қайыпқали сұлтанның Жәңгiрге қарсы бiрге қимылдайық деген ұсынысына илiкпейдi. Шығарманың бас қаһарманы кей ретте эпостың “мiнсiз” батырларын еске салады. Эпос қаһармандарын көркемдеудiң негiзгi тәсiлi сом сурет тұлға жасау ғой. Романтикалық тәсiл де кей ретте осы эпос дәстүрiмен үндесетiнiн көремiз. Махамбет бейнесiнiң бұлайша берiлуi өмiр материалына да, шығарма идеясына да сәйкес келедi. Ақынның қайтпас қажырға толы өлеңiн оқыған кiсi оның бейнесi романтикалық үлгiде iрiленiп, тiршiлiктегi кiшiгiрiм “мiндерден” арылып сомдалуында сөкеттiк жоқ екенiн түсiнсе керек. Сонымен, Ә.Әлiмжанов романында тарихи фактiлер мен көркемдiк қиялдау көп ретте бiрлестiкке келген. Күрескер ақын Махамбеттiң өмiрде атқармаған iстерiнiң өзi анық болуға тиiстi нәрседей қабылданады. Шығарманың негiзгi көркемдiк, стильдiк бағыты қаһармандар бойындағы белгiлi бiр қасиеттердi биiктетiп, көркейтiп көрсететiн романтикалық дәстүрге саяды[1]. Ә.Әлiмжановтың 1975 жылы “Жұлдыз” журналы бетiнде жарияланған “Жаушы” романын толық мағынасында заманалық туынды деп санаймыз. Романда осыдан екi жүз елу жыл бұрын өткен, халқымыздың санасынан мәңгi орын тепкен ауыр оқиғалар, намыс пен кек үшiн күрестер жаңғыртылып әңгiмеленген. Арада талай кезеңдер, әулеттер, сан алуан өзгерiстер өтсе де, сонау сұрапыл оқиғалардың естен шықпай, ескiрмей, бүгiнгi күн адамдарын толқытарлық себебi неде? Бiздiңше, халқымыздың жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрес хикаяларының қазiргi қауымға берер ғибраты мейлiнше мол. [1] Р.Бердiбай. Тарихи роман.—Алматы, Санат, 1997.—150-156 беттер.  

Романда Махамбеттiң Хиуада, Петербургта болуы, күйшi Құрманғазы мен ақын Шернияздың азаттық көтерiлiсiне қатысуы кең көрсетiледi. Мұнда жағдай мен мiнез, адамдар арасындағы ықыластар, байланыстар сыры егжей-тегжейлi талданбайды, оның есесiне адам мiнездерiнiң жеке қырлары әсiреленiп, барлық шырқау деңгейiне дейiн көтерiледi. Роман қаһармандарының (Исатай, Махамбет, Жантас, Құрманғазы т.б.) өз күштерiнiң мүмкiндiгiн толық есептеп жатпай, тек алдағы асыл арман-азаттыққа ұмтылуы, бұл жолдағы қауiп-қатерге көз жұмып қарауы романиктерге тән мiнез. Самсаған қолы бар, мың сан айласы, тұзағы бар Хиуа ханы Аллақұлға Махамбет өр жауап қайтарады, ал далада жортып жүрген жау жүрек Сүйiнқараның сөзi мен мiнезi де өктем, Махамбеттiң жан жолдастары—қоңырат Жантас, түрiкмен Балабек, қыпшақ Нояндар шетiнен сайыпқыран, халық кегi үшiн жанын қиюға әзiр. Махамбет бiраз күнiн бiрге өткiзген, өз қарауына тиген ауған сұлуы Нұрбалды керуенге қосып елiне қайтарып жiбередi, ол Қайыпқали сұлтанның Жәңгiрге қарсы бiрге қимылдайық деген ұсынысына илiкпейдi. Шығарманың бас қаһарманы кей ретте эпостың “мiнсiз” батырларын еске салады. Эпос қаһармандарын көркемдеудiң негiзгi тәсiлi сом сурет тұлға жасау ғой. Романтикалық тәсiл де кей ретте осы эпос дәстүрiмен үндесетiнiн көремiз. Махамбет бейнесiнiң бұлайша берiлуi өмiр материалына да, шығарма идеясына да сәйкес келедi. Ақынның қайтпас қажырға толы өлеңiн оқыған кiсi оның бейнесi романтикалық үлгiде iрiленiп, тiршiлiктегi кiшiгiрiм “мiндерден” арылып сомдалуында сөкеттiк жоқ екенiн түсiнсе керек.

Сонымен, Ә.Әлiмжанов романында тарихи фактiлер мен көркемдiк қиялдау көп ретте бiрлестiкке келген. Күрескер ақын Махамбеттiң өмiрде атқармаған iстерiнiң өзi анық болуға тиiстi нәрседей қабылданады. Шығарманың негiзгi көркемдiк, стильдiк бағыты қаһармандар бойындағы белгiлi бiр қасиеттердi биiктетiп, көркейтiп көрсететiн романтикалық дәстүрге саяды[1].

Ә.Әлiмжановтың 1975 жылы “Жұлдыз” журналы бетiнде жарияланған “Жаушы” романын толық мағынасында заманалық туынды деп санаймыз. Романда осыдан екi жүз елу жыл бұрын өткен, халқымыздың санасынан мәңгi орын тепкен ауыр оқиғалар, намыс пен кек үшiн күрестер жаңғыртылып әңгiмеленген. Арада талай кезеңдер, әулеттер, сан алуан өзгерiстер өтсе де, сонау сұрапыл оқиғалардың естен шықпай, ескiрмей, бүгiнгi күн адамдарын толқытарлық себебi неде? Бiздiңше, халқымыздың жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрес хикаяларының қазiргi қауымға берер ғибраты мейлiнше мол.



[1] Р.Бердiбай. Тарихи роман.—Алматы, Санат, 1997.—150-156 беттер.

 

Бөлісу: