LXVIII бөлім

19 Маусым 2013, 05:02

…Жазушының суретшiлдiгi өзiнiң алға қойған идеясына, қаһарман өмiрi мен заманын белгiлi бiр қырынан алып көрсету мақсатына сай мөлшерде жұмсалған. Шығармадағы түрлi көркем кестелер, сәттi табылған бояулар үндестiгi Ә.Әлiмжановтың публицистiк қарымына, оңтайына бағындырылған. Суретшiлдiк пен публицистiк арақатынасы, келiсiмi бiрiн-бiрi толықтырып отыруы—“Махамбеттiң жебесi” романының айрықша сипатын құрайды. Бұл арада ұлы сыншы В.Г.Белинскийдiң публицистiк таланттар адам тағдырын, болмыстың даралық суретiн жан-жақты ашудан гөрi олардың мәнiн түсiндiруге, дәлелдеуге бейiм болатындығы туралы пiкiрiн еске алу қажет. Ол А.Герцен шығармасын сөз ете келiп: “такие таланты также естественны, как и таланты художественные… Для них важен не предмет, а смысл предмета,”[1]—деген едi. “Махамбеттiң жебесi” романындағы Құрманғазының ойы ретiнде берiлген мына үзiндi шығарманың басым пафосы көсемдiк сарын деген пiкiрдi дәлелдей алса керек. “Жоқ, Құрманғазы ажалдан қорықпайды, құлдықтан қорқады. Дала бостандықты сүйедi, күштi жанды сүйедi, далада айқас дүбiрi бiр тынып көрген емес, дала перзентiн ешкiм ешқашан да күшпен тiзе бүктiрiп көрген емес… Қазақтардың арғы аталары Кирдiң де, Дараның да, Нәдiр шаһтың да бетiн қайтарып, тоңмойын жоңғарларды түрiп шықты. Бiрақ ру тартысы басталып, бауырластар бiрiн-бiрi бауыздауға кiрiстi. Ен дала үшке бөлiндi: Ұлы жұз, Орта жүз, Кiшi жүз. Жүз деген—бет қой. Бүлiнген ел, бет жүзi үшке бөлiнген ел не оңсын. Хандар таққа, сұлтандар баққа таласты. Ел күштен айрылды”[2]. Шындыққа негiзделген, санада қорытылған мұндай ойлар сендiрерлiк қуатқа толы. Өткен ғасырда қазақ жерiн дүбiрлеткен үлкен қозғалыстардың бiрi—Исатай, Махамбет бастаған елдiң азаттық үшiн күресiн, бұл оқиғаға қатысты белгiлi адамдардың iс-әрекетiн тарихқа, мiнезге сәйкес етiп аша бiлуi романның жетiстiгi деп бiлемiз. Атап көрсетерлiк бiр мәселе—жазушы сол қозғалысқа себеп болған жағдайларды кең қамтуға, заман шындығын мол қарпуға талаптанған. Махамбеттiң, оның жауынгер серiктерi Жантастың, Балабектiң Хиуа шаһарында болу кезеңiн көрсету де шығарма идеясына қажет қызмет етедi. “Махамбеттiң жебесi” романында өмiр шындығы мен көркемдiк шындықтың қатынасы, үйлесiмi қаншалық деген мәселеге де тоқталу лазым. Қандай да болсын өмiр шындығы қаз-қалпында көркем әдебиетке түспейтiнi ежелден мәлiм. Өмiр материалы жазушының дарын ерекшелiгiне, алға қойған нақтылы мақсатына, уақыт талабына, жанр заңдарына орай едәуiр “сүргiге” түседi. Кейде шығармашылық қиялмен (вымысел) жасалған көркемдiк шындық анық өмiрде болғанды өткiрлей, аша түседi. [1] Белинский В.Г. Толыє шығармалар жинағы. 10-том. 1956, 319-б. [2] Әлiмжанов Ә. Махамбеттiң жебесi. Алматы, 1970, 192-б.  

…Жазушының суретшiлдiгi өзiнiң алға қойған идеясына, қаһарман өмiрi мен заманын белгiлi бiр қырынан алып көрсету мақсатына сай мөлшерде жұмсалған. Шығармадағы түрлi көркем кестелер, сәттi табылған бояулар үндестiгi Ә.Әлiмжановтың публицистiк қарымына, оңтайына бағындырылған. Суретшiлдiк пен публицистiк арақатынасы, келiсiмi бiрiн-бiрi толықтырып отыруы—“Махамбеттiң жебесi” романының айрықша сипатын құрайды. Бұл арада ұлы сыншы В.Г.Белинскийдiң публицистiк таланттар адам тағдырын, болмыстың даралық суретiн жан-жақты ашудан гөрi олардың мәнiн түсiндiруге, дәлелдеуге бейiм болатындығы туралы пiкiрiн еске алу қажет. Ол А.Герцен шығармасын сөз ете келiп: “такие таланты также естественны, как и таланты художественные… Для них важен не предмет, а смысл предмета,”[1]—деген едi.

“Махамбеттiң жебесi” романындағы Құрманғазының ойы ретiнде берiлген мына үзiндi шығарманың басым пафосы көсемдiк сарын деген пiкiрдi дәлелдей алса керек. “Жоқ, Құрманғазы ажалдан қорықпайды, құлдықтан қорқады. Дала бостандықты сүйедi, күштi жанды сүйедi, далада айқас дүбiрi бiр тынып көрген емес, дала перзентiн ешкiм ешқашан да күшпен тiзе бүктiрiп көрген емес… Қазақтардың арғы аталары Кирдiң де, Дараның да, Нәдiр шаһтың да бетiн қайтарып, тоңмойын жоңғарларды түрiп шықты. Бiрақ ру тартысы басталып, бауырластар бiрiн-бiрi бауыздауға кiрiстi. Ен дала үшке бөлiндi: Ұлы жұз, Орта жүз, Кiшi жүз. Жүз деген—бет қой. Бүлiнген ел, бет жүзi үшке бөлiнген ел не оңсын. Хандар таққа, сұлтандар баққа таласты. Ел күштен айрылды”[2]. Шындыққа негiзделген, санада қорытылған мұндай ойлар сендiрерлiк қуатқа толы.

Өткен ғасырда қазақ жерiн дүбiрлеткен үлкен қозғалыстардың бiрi—Исатай, Махамбет бастаған елдiң азаттық үшiн күресiн, бұл оқиғаға қатысты белгiлi адамдардың iс-әрекетiн тарихқа, мiнезге сәйкес етiп аша бiлуi романның жетiстiгi деп бiлемiз. Атап көрсетерлiк бiр мәселе—жазушы сол қозғалысқа себеп болған жағдайларды кең қамтуға, заман шындығын мол қарпуға талаптанған. Махамбеттiң, оның жауынгер серiктерi Жантастың, Балабектiң Хиуа шаһарында болу кезеңiн көрсету де шығарма идеясына қажет қызмет етедi.

“Махамбеттiң жебесi” романында өмiр шындығы мен көркемдiк шындықтың қатынасы, үйлесiмi қаншалық деген мәселеге де тоқталу лазым. Қандай да болсын өмiр шындығы қаз-қалпында көркем әдебиетке түспейтiнi ежелден мәлiм. Өмiр материалы жазушының дарын ерекшелiгiне, алға қойған нақтылы мақсатына, уақыт талабына, жанр заңдарына орай едәуiр “сүргiге” түседi. Кейде шығармашылық қиялмен (вымысел) жасалған көркемдiк шындық анық өмiрде болғанды өткiрлей, аша түседi.



[1] Белинский В.Г. Толыє шығармалар жинағы. 10-том. 1956, 319-б.

[2] Әлiмжанов Ә. Махамбеттiң жебесi. Алматы, 1970, 192-б.

 

Бөлісу: