LXV бөлім

19 Маусым 2013, 05:00

Повестегi интеллектуал қаһарманның бiрi Жомарт. Егер Асқар елiнiң дәл бүгiнгi кезек күтiп тұрған рухани, мәдени, шаруашылық мұқтажын өтеудiң жолын көбiрек ойласа, сол мүдделердiң жүзеге асуына нақтылы iсiмен ат салысса, Жомарт тарихи шындықтарды қалпына келтiру арқылы халқының мәдени кемелденуiне болыспақ. Ол археологиялық қазба жұмыстар Қазақстанның ертедегi қала мәдениетiн, отырықшылық дәстүрiн анықтауға көмектеседi деп сенедi. Ежелгi Отырар, сол шаһарда туған данышпан ғалым әл-Фараби туралы сөйлегенде Жомарт алдына жан салмайды. Ол өзiнiң “ескiшiлдiгiнiң” саяси, философиялық астарын анық дәлелдей алады. Тарихты бiлу жеке өзiндiк мақсат емес екенiн, ол бүгiнгi сәулеттi өмiрiмiздiң қадiрiн түсiнуге құрал екенiн ұқтырады… Өмiрде шешiмiн тауып болмаған халықтық мүдделердi көтеру аталған шығармалардың тағы да бiр өзгешелiгi. Проблемалық көсемсөздiң серпiндiлiк, мәселенi сенiмдi қоя бiлушiлiк, ақиқатты батыл да өткiр көтергiштiк, өмiр құбылыстарына баға, төрелiк беруге кейiпкерлер ғана емес, автор да араласып отырушылық Ә.Әлiмжанов шығармаларына тән тұрақты қасиет деп айтуға болады. Жазушының кейбiр шығармалары тақырыптық жағынан Қазақстаннан тыс өлкелер өмiрiне арналған. Бұндай туындыларда да тарих пен бүгiнгi күннiң мәселелерi араласып жатады. “Отырардан жеткен сый” повесiнде автор Үндiстан елiнiң ұлы моғолдар билеген ертедегi кезеңiн кеңiнен сөз етедi. Ақбар патшаның жорықтары, қаталдықтары, даңққұмарлығы қаншама қарапайым адамның қанын төгуге себепкер болғанын айтады. Бүкiл бiр мемлекеттiң байлығын жаңа астана—Фатехпур қаласын салуға жұмсаудың өзiнен-ақ Ақбардың атаққұмарлығы, халық мүддесiн мүлде елемейтiндiгi елес бередi. Автор ақырында сол қаланың өмiрi ұзақ болмағанын баян етеді. Шығармада сездiрiлетiн қызықты ойдың бiрi—Үндiстан мен Орта Азия мәдениетiндегi ежелден келе жатқан тамырластық жайы. Үндiстанның көне ескерткiштерi, соның iшiнде Тәжмахал секiлдi теңдесi жоқ мұралар жөнiнде шығарма қаһарманы—Жомарттың көзiмен берiлген бағалар, сол ұлы елдiң тарихи жолын көрсеткен тұстар автордың кең эрудициясын танытады. Халықаралық тақырыпқа еркiн бару, оны қазiргi замандас тағдырына қатыстыра әңгiмелеу әдебиетiмiзге Ә.Әлiмжанов әкелген жаңалық десе болады. Бiзде шетел өмiрiне арналған бiрен-саран шығарма бұрыннан да бар болатын. Бiрақ бұрынғы мен бүгiнгiнi барабар бiлетiн парасатты қаһарман тұлғасын жасау уәзипасы “Отырардан жеткен сый” повесiнде мүлде жаңаша шешiм тапқан. Тарихшы, археолог Жомарт Үндiстанның тарихын үлкен бiлгiрлiкпен талдайды, ол еңбекшi адамның ауыр тағдырына ерекше iлтипатпен қарайды, билеушiлердiң  озбырлығын таңбалайды.

Повестегi интеллектуал қаһарманның бiрi Жомарт. Егер Асқар елiнiң дәл бүгiнгi кезек күтiп тұрған рухани, мәдени, шаруашылық мұқтажын өтеудiң жолын көбiрек ойласа, сол мүдделердiң жүзеге асуына нақтылы iсiмен ат салысса, Жомарт тарихи шындықтарды қалпына келтiру арқылы халқының мәдени кемелденуiне болыспақ. Ол археологиялық қазба жұмыстар Қазақстанның ертедегi қала мәдениетiн, отырықшылық дәстүрiн анықтауға көмектеседi деп сенедi. Ежелгi Отырар, сол шаһарда туған данышпан ғалым әл-Фараби туралы сөйлегенде Жомарт алдына жан салмайды. Ол өзiнiң “ескiшiлдiгiнiң” саяси, философиялық астарын анық дәлелдей алады. Тарихты бiлу жеке өзiндiк мақсат емес екенiн, ол бүгiнгi сәулеттi өмiрiмiздiң қадiрiн түсiнуге құрал екенiн ұқтырады…

Өмiрде шешiмiн тауып болмаған халықтық мүдделердi көтеру аталған шығармалардың тағы да бiр өзгешелiгi. Проблемалық көсемсөздiң серпiндiлiк, мәселенi сенiмдi қоя бiлушiлiк, ақиқатты батыл да өткiр көтергiштiк, өмiр құбылыстарына баға, төрелiк беруге кейiпкерлер ғана емес, автор да араласып отырушылық Ә.Әлiмжанов шығармаларына тән тұрақты қасиет деп айтуға болады.

Жазушының кейбiр шығармалары тақырыптық жағынан Қазақстаннан тыс өлкелер өмiрiне арналған. Бұндай туындыларда да тарих пен бүгiнгi күннiң мәселелерi араласып жатады. “Отырардан жеткен сый” повесiнде автор Үндiстан елiнiң ұлы моғолдар билеген ертедегi кезеңiн кеңiнен сөз етедi. Ақбар патшаның жорықтары, қаталдықтары, даңққұмарлығы қаншама қарапайым адамның қанын төгуге себепкер болғанын айтады. Бүкiл бiр мемлекеттiң байлығын жаңа астана—Фатехпур қаласын салуға жұмсаудың өзiнен-ақ Ақбардың атаққұмарлығы, халық мүддесiн мүлде елемейтiндiгi елес бередi. Автор ақырында сол қаланың өмiрi ұзақ болмағанын баян етеді. Шығармада сездiрiлетiн қызықты ойдың бiрi—Үндiстан мен Орта Азия мәдениетiндегi ежелден келе жатқан тамырластық жайы.

Үндiстанның көне ескерткiштерi, соның iшiнде Тәжмахал секiлдi теңдесi жоқ мұралар жөнiнде шығарма қаһарманы—Жомарттың көзiмен берiлген бағалар, сол ұлы елдiң тарихи жолын көрсеткен тұстар автордың кең эрудициясын танытады. Халықаралық тақырыпқа еркiн бару, оны қазiргi замандас тағдырына қатыстыра әңгiмелеу әдебиетiмiзге Ә.Әлiмжанов әкелген жаңалық десе болады. Бiзде шетел өмiрiне арналған бiрен-саран шығарма бұрыннан да бар болатын. Бiрақ бұрынғы мен бүгiнгiнi барабар бiлетiн парасатты қаһарман тұлғасын жасау уәзипасы “Отырардан жеткен сый” повесiнде мүлде жаңаша шешiм тапқан. Тарихшы, археолог Жомарт Үндiстанның тарихын үлкен бiлгiрлiкпен талдайды, ол еңбекшi адамның ауыр тағдырына ерекше iлтипатпен қарайды, билеушiлердiң  озбырлығын таңбалайды.

Бөлісу: