LXІV бөлім

19 Маусым 2013, 04:59

Жасынан жетiмдiк тақсiретiн тартқан, әкесiнiң бiр кезде “халық жауы” делiнiп ұсталғаны ұшiн әркiмдерге көз түрткi болып өскен ауыл баласы—Асқардың қиындықпен арпалысып, күрескер мiнездi болып ер жеткенiн көрсету, оның бастан кешкендерiн өмiрге де, мiнезге де лайық суреттеу, соғыстан кейiнгi ел өмiрiнiң негiзгi бағытын талдау “Күнге қарай бет алған керуен” повесiнiң ұнамды сипаттары. Атап көрсетерлiк бiр нәрсе—повесть кейiпкерлерiнiң мiнез даралығын ашуға көңiл бөлiнгендiк. Бұйығылау болып ескенмен, ақылы зерек, көңiлi өр, кейде ұялшақ, кейде өжет Асқардың тұлғасы өзiнiң шыншылдығына сендiредi. Оның сүйген қызы Зәуремен арасындағы сергелдең мен сарсаң шебер, табиғи әңгiмеленген. Бойында адамшылық, намыс оты мол, серiктестерiнен көп тұста рухани биiк тұратын Асқар алғашқы махаббатын жiгерлi қорғай алмайтын жасқаншақ болып көрiнуi өмiр ақиқатына қайшы емес. Бiрақ ол көп мәселеде турашыл, көздеген iсiн тындырмай қоймайтын қажырлы. Адам мiнезiнiң шытырманын ашуға жазушы айрықша көңiл бөлген. “Күнге қарай бет алған керуенде” автордың кейiнгi шығармасында толыға түсетiн қаһарманы—Жомарттың мiнез қырлары да елестетiлген. Сол секiлдi болашақ дәрiгер Зәуренiң, ұжымшардың өнегелi адамдары Сапардың, Қалтайдың бейнелерi сенiмдi ашылған. алыстағы Ақтұма ауылының адамдары бастан кешкен оқиғалар белгiлi дәрежеде бүкiл елiмiздiң соғыстан кейiнгi ахуалынан хабар бергендей. Туған жерге деген махаббат, Отан алдындағы перзенттiк парызды адал ақтау мәселесi—“Көгiлдiр таулар” повесiнде де идеялық желi болып тартылған. Мұнда автор өзiнiң сүйiктi қаһармандары Асқардың, Жомарттың, Зәуренiң, Гүлсараның бейнелерiн түрлi қырынан тереңдете түскен. Кей тұста шығарма авторы мен Асқар, Жомарттар ойы тұтасып, үндесiп отырады. Қаһармандардың өмiрдiң үлкен жолына шығар алдындағы талпыныстары мен iзденiстерi өте салдарлы, салмақты болып көрiнедi. Олардың мiнез ерекшелiктерi нақтылы анықталғаны соншалық—үлкен iстер атқаратынына, аңсар, мұратына жетерiне зайыр сенемiз. “Көгiлдiр тауларда” туған жерге сүйiспеншiлiк пен тарихтың тұңғиығын ашуға құштарлық сарыны күштi естiледi. Көгiлдiр таулар—туған жер бейнесi мұнда тiптi романтикалық биiкке көтерiлген десе де болады. Шығарма кейiпкерлерiнiң бiрi Анаштың әңгiмесiнен отаншылдық, өз елi мен жерiн қастерлей бiлудiң лебi еседi. Сонау шекараның арғы жағында, Шығыс Түркiстанда жүрiп Жоңғар тауларын аңсайтын, бiр заманда қиыншылық кезде жер ауып кеткен қазақтар сағынышы да сездiрiлген. Түрлi хикаяны “сөйлетiп”, қызмет бабымен көп елдердi аралайтын, бiрақ әрдайым туған елiн—көгiлдiр тауларын естен шығармайтын әңгiмелеушi автор бейнесi де қызықты. Бiрде Анаштың әңгiмесi ретiнде, екiншiде автордың атынан, кейде үшiншi жақтан айтылатын тараулар шығарманың әлгi айтқан бас идеясын жан-жақты ашуға септеседi.

Жасынан жетiмдiк тақсiретiн тартқан, әкесiнiң бiр кезде “халық жауы” делiнiп ұсталғаны ұшiн әркiмдерге көз түрткi болып өскен ауыл баласы—Асқардың қиындықпен арпалысып, күрескер мiнездi болып ер жеткенiн көрсету, оның бастан кешкендерiн өмiрге де, мiнезге де лайық суреттеу, соғыстан кейiнгi ел өмiрiнiң негiзгi бағытын талдау “Күнге қарай бет алған керуен” повесiнiң ұнамды сипаттары. Атап көрсетерлiк бiр нәрсе—повесть кейiпкерлерiнiң мiнез даралығын ашуға көңiл бөлiнгендiк. Бұйығылау болып ескенмен, ақылы зерек, көңiлi өр, кейде ұялшақ, кейде өжет Асқардың тұлғасы өзiнiң шыншылдығына сендiредi. Оның сүйген қызы Зәуремен арасындағы сергелдең мен сарсаң шебер, табиғи әңгiмеленген. Бойында адамшылық, намыс оты мол, серiктестерiнен көп тұста рухани биiк тұратын Асқар алғашқы махаббатын жiгерлi қорғай алмайтын жасқаншақ болып көрiнуi өмiр ақиқатына қайшы емес. Бiрақ ол көп мәселеде турашыл, көздеген iсiн тындырмай қоймайтын қажырлы. Адам мiнезiнiң шытырманын ашуға жазушы айрықша көңiл бөлген.

“Күнге қарай бет алған керуенде” автордың кейiнгi шығармасында толыға түсетiн қаһарманы—Жомарттың мiнез қырлары да елестетiлген. Сол секiлдi болашақ дәрiгер Зәуренiң, ұжымшардың өнегелi адамдары Сапардың, Қалтайдың бейнелерi сенiмдi ашылған. алыстағы Ақтұма ауылының адамдары бастан кешкен оқиғалар белгiлi дәрежеде бүкiл елiмiздiң соғыстан кейiнгi ахуалынан хабар бергендей.

Туған жерге деген махаббат, Отан алдындағы перзенттiк парызды адал ақтау мәселесi—“Көгiлдiр таулар” повесiнде де идеялық желi болып тартылған. Мұнда автор өзiнiң сүйiктi қаһармандары Асқардың, Жомарттың, Зәуренiң, Гүлсараның бейнелерiн түрлi қырынан тереңдете түскен. Кей тұста шығарма авторы мен Асқар, Жомарттар ойы тұтасып, үндесiп отырады. Қаһармандардың өмiрдiң үлкен жолына шығар алдындағы талпыныстары мен iзденiстерi өте салдарлы, салмақты болып көрiнедi. Олардың мiнез ерекшелiктерi нақтылы анықталғаны соншалық—үлкен iстер атқаратынына, аңсар, мұратына жетерiне зайыр сенемiз.

“Көгiлдiр тауларда” туған жерге сүйiспеншiлiк пен тарихтың тұңғиығын ашуға құштарлық сарыны күштi естiледi. Көгiлдiр таулар—туған жер бейнесi мұнда тiптi романтикалық биiкке көтерiлген десе де болады. Шығарма кейiпкерлерiнiң бiрi Анаштың әңгiмесiнен отаншылдық, өз елi мен жерiн қастерлей бiлудiң лебi еседi. Сонау шекараның арғы жағында, Шығыс Түркiстанда жүрiп Жоңғар тауларын аңсайтын, бiр заманда қиыншылық кезде жер ауып кеткен қазақтар сағынышы да сездiрiлген. Түрлi хикаяны “сөйлетiп”, қызмет бабымен көп елдердi аралайтын, бiрақ әрдайым туған елiн—көгiлдiр тауларын естен шығармайтын әңгiмелеушi автор бейнесi де қызықты. Бiрде Анаштың әңгiмесi ретiнде, екiншiде автордың атынан, кейде үшiншi жақтан айтылатын тараулар шығарманың әлгi айтқан бас идеясын жан-жақты ашуға септеседi.

Бөлісу: