Испанияның жастар құрамасы Еуропа чемпионы атанды

19 Маусым 2013, 03:09

Еуропаның жастар чемпионатындағы ақтық кездесу сейсенбі күні Испания мен Италия ұлттық командалары арасында өтті. Иерусалимде болған ойында испандық жас футболшылар қарсыластарын 4:2 есебімен тізе бүктірді. Испания құрамасының капитаны Тиаго Алькантара ойынның бірінші таймында үш гол соғып, италиялықтардың жағдайын қиындатып жіберді.  Испанияның жастар құрамасы Еуропа чемпионатында қатарынан екінші рет жеңімпаз атанып отыр.  

Еуропаның жастар чемпионатындағы ақтық кездесу сейсенбі күні Испания мен Италия ұлттық командалары арасында өтті.

Иерусалимде болған ойында испандық жас футболшылар қарсыластарын 4:2 есебімен тізе бүктірді. Испания құрамасының капитаны Тиаго Алькантара ойынның бірінші таймында үш гол соғып, италиялықтардың жағдайын қиындатып жіберді. 

Испанияның жастар құрамасы Еуропа чемпионатында қатарынан екінші рет жеңімпаз атанып отыр.

 

Бөлісу: