Денсаулық пойыздары 180 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетті

18 Маусым 2013, 12:30

«Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары 2010 жылдан бері 180 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетті. Бұл туралы бүгін консультативтік-диагностикалық пойыздардың бас дәрігері Сырым Ашғалиев мәлім етті. Оның атап өтуінше, медициналық пойыздардың вагондары заманауи клиникалық диагностикалық аспаптармен, рентгенологиялық және қосалқы құрал-саймандармен жабдықталған. Сонымен қатар 18 жоғары білікті дәрігер медициналық көмек көрсетеді. С.Ашғалиевтің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы «Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының 36 стансасында 59 күн жұмыс істеп, 9027 тұрғынды тексерді. «Денсаулық» пойызының дәрігерлері 97 күнде Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының 72 стансасына барып, 13463 тұрғынды қарады. Ал «Жәрдем» пойызы 85 күн бойы Маңғыстаудың 43 стансасында тұратын 11474 тұрғынды тексеруден өткізді. ҚазАқпарат.

«Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары 2010 жылдан бері 180 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетті. Бұл туралы бүгін консультативтік-диагностикалық пойыздардың бас дәрігері Сырым Ашғалиев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, медициналық пойыздардың вагондары заманауи клиникалық диагностикалық аспаптармен, рентгенологиялық және қосалқы құрал-саймандармен жабдықталған. Сонымен қатар 18 жоғары білікті дәрігер медициналық көмек көрсетеді.

С.Ашғалиевтің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы «Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының 36 стансасында 59 күн жұмыс істеп, 9027 тұрғынды тексерді. «Денсаулық» пойызының дәрігерлері 97 күнде Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының 72 стансасына барып, 13463 тұрғынды қарады. Ал «Жәрдем» пойызы 85 күн бойы Маңғыстаудың 43 стансасында тұратын 11474 тұрғынды тексеруден өткізді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: