«Астана Опера» театрының әлемдік премьерасы қазан айында болады

18 Маусым 2013, 12:28

«Астана Опера» театрының әлемдік премьерасы қазан айында өтеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті. «Театрдың әлемдік премьерасы қазан айында өтеді. Ол қазақстандық сахнада алғаш рет қойылатын Дж.Вердидің «Аттила» операсымен ашылады», - деді министр. Дегенмен, М. Құл-Мұхаммедтің атап өтуінше, театрдың ашылу салтанаты одан ертерек, 21 маусымда болады. Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» классикалық ұлттық операсын қою көзделген. «Елорда күнін мерекелеу аясында 3 шілдеде Юрий Григоровичьтің қойылымындағы П. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балеті өтеді»,-деді министр. Baq.kz

«Астана Опера» театрының әлемдік премьерасы қазан айында өтеді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

«Театрдың әлемдік премьерасы қазан айында өтеді. Ол қазақстандық сахнада алғаш рет қойылатын Дж.Вердидің «Аттила» операсымен ашылады», - деді министр.

Дегенмен, М. Құл-Мұхаммедтің атап өтуінше, театрдың ашылу салтанаты одан ертерек, 21 маусымда болады. Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» классикалық ұлттық операсын қою көзделген.

«Елорда күнін мерекелеу аясында 3 шілдеде Юрий Григоровичьтің қойылымындағы П. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балеті өтеді»,-деді министр.

Baq.kz

Бөлісу: