LVIII бөлім

18 Маусым 2013, 11:24

Қаһармандардың сырт әрекетi мен диалогтарын мейлiнше аз айтып, олардың iшкi әлемiндегi құбылыстар мен толқыныстарды тереңдеп, жан-жақты көрсету мақсаты, оқиға-аңыздың көлемi мен сипаты жазушыны шығарманың құрылысын өзгеше түзуге жетелеген. Әлгiнде ғана баяндалған қысқаша хабардың сыры мен жыры романның “Қызыл алма”, “Мұнара”, “Махаббат”, “Аңыздың ақыры” деген төрт тарауында түрлi қырынан ашыла түскен. Бұлардың әрқайсысында Алмас хан, Жаппар, Кiшi ханшалардың өмiр деректерi, өскен ортасы, мiнез ерекшелiктерi кеңiнен таныстырылған. Көркем тұлғаның өрнектерi осылайша негiзгi оқиғаны баяндау тұсында байқалған. Бұдан шығарманың идеясы мен суреткердiң көздеген мұраты, оқиға сипаты қашан да композициялық тың шешiмдерге апаратынын көремiз. Негiзгi мәселе – қаһармандардың жан тебiренiсiн неғұрлым жүйелi етiп, мүмкiн қадарынша толық баяндауға да осы тәсiл сәйкес шыққан. Әлбетте, қарамы аз оқиғаның iшкi тұрткiлерiн, аңсарларын кең ашу арқылы суреттеудiң өзiндiк қиындығы бар. Қанша шебер, қанша кемел тiлмар әңгiмешi болсаң да, мұндайда қайталауға, қара дүрсiн баяндауға тұсiп кетудiң қаупi кездеспек. Мұны бiз шығарманың екiншi тарауынан байқаймыз. Бiр жақсысы—автор мұндай мүлтiк туатынын өзi де сезгенге ұқсайды, сондықтан да романның көп тұстарында баяндау мен таңдауды, суреттеудi табиғи ұластырып, айтушы мен қаһарман ойларын жымдастырып жiберген. Сөйтiп, шығарманың iшкi бөлiктерi, сурет бояулары арасында да сәйкестiк сақталған. “Аңыздың ақыры” романы бiр тараптан ертеде Еуропа әдебиетiнде кең орын тепкен “жабық романдарды” еске салады. Мұнда да кейiпкерлердiң сезiм тартыстары мен қайшылықтары, оңаша толғаныстары мен кұдiктерi ұңги көрсетiледi. Әлем әдебиетiнде романның алуан үлгiсi бар. Ол байлықты меңгеру, пайдалысын iске асыру, жарату қазақ жазушыларының әрдайым алда тұрған уәзипаларының бiрi. Сол үшiн бiз романның мына түрi қолайлы, ана түрi жарамсыз деп үстiрт ұкiм айтқымыз келмейдi. Қазақ әдебиетiнде романның түрлi нысандары қатар өмiр сүруге қақылы деймiз. Тек қана бiр мәселе мiндеттi—ол шығарманың анық өмiрлiк байланыстар мен жанды идеяларды көтеруi, түрi мен мазмұны табиғи бiрлесе шығуы, оқырманның көркемдiк сауалына жауап беруi. Осы тұрғыдан алып қарағанда, “Аңыздың ақыры” өз жаңалығымен келген шығарманың бiрi… Бұл романда қаһармандардың iшкi өмiрiн көрсету кұрделi орын иелейдi дедiк. Автор қай мәселенi сөз етсе де, соңынан табиғи түрде кейiпкердiң көңiл күйiн көрсетуге ауысып отырады.

Қаһармандардың сырт әрекетi мен диалогтарын мейлiнше аз айтып, олардың iшкi әлемiндегi құбылыстар мен толқыныстарды тереңдеп, жан-жақты көрсету мақсаты, оқиға-аңыздың көлемi мен сипаты жазушыны шығарманың құрылысын өзгеше түзуге жетелеген. Әлгiнде ғана баяндалған қысқаша хабардың сыры мен жыры романның “Қызыл алма”, “Мұнара”, “Махаббат”, “Аңыздың ақыры” деген төрт тарауында түрлi қырынан ашыла түскен. Бұлардың әрқайсысында Алмас хан, Жаппар, Кiшi ханшалардың өмiр деректерi, өскен ортасы, мiнез ерекшелiктерi кеңiнен таныстырылған. Көркем тұлғаның өрнектерi осылайша негiзгi оқиғаны баяндау тұсында байқалған. Бұдан шығарманың идеясы мен суреткердiң көздеген мұраты, оқиға сипаты қашан да композициялық тың шешiмдерге апаратынын көремiз. Негiзгi мәселе – қаһармандардың жан тебiренiсiн неғұрлым жүйелi етiп, мүмкiн қадарынша толық баяндауға да осы тәсiл сәйкес шыққан.

Әлбетте, қарамы аз оқиғаның iшкi тұрткiлерiн, аңсарларын кең ашу арқылы суреттеудiң өзiндiк қиындығы бар. Қанша шебер, қанша кемел тiлмар әңгiмешi болсаң да, мұндайда қайталауға, қара дүрсiн баяндауға тұсiп кетудiң қаупi кездеспек. Мұны бiз шығарманың екiншi тарауынан байқаймыз. Бiр жақсысы—автор мұндай мүлтiк туатынын өзi де сезгенге ұқсайды, сондықтан да романның көп тұстарында баяндау мен таңдауды, суреттеудi табиғи ұластырып, айтушы мен қаһарман ойларын жымдастырып жiберген. Сөйтiп, шығарманың iшкi бөлiктерi, сурет бояулары арасында да сәйкестiк сақталған.

“Аңыздың ақыры” романы бiр тараптан ертеде Еуропа әдебиетiнде кең орын тепкен “жабық романдарды” еске салады. Мұнда да кейiпкерлердiң сезiм тартыстары мен қайшылықтары, оңаша толғаныстары мен кұдiктерi ұңги көрсетiледi. Әлем әдебиетiнде романның алуан үлгiсi бар. Ол байлықты меңгеру, пайдалысын iске асыру, жарату қазақ жазушыларының әрдайым алда тұрған уәзипаларының бiрi. Сол үшiн бiз романның мына түрi қолайлы, ана түрi жарамсыз деп үстiрт ұкiм айтқымыз келмейдi. Қазақ әдебиетiнде романның түрлi нысандары қатар өмiр сүруге қақылы деймiз. Тек қана бiр мәселе мiндеттi—ол шығарманың анық өмiрлiк байланыстар мен жанды идеяларды көтеруi, түрi мен мазмұны табиғи бiрлесе шығуы, оқырманның көркемдiк сауалына жауап беруi. Осы тұрғыдан алып қарағанда, “Аңыздың ақыры” өз жаңалығымен келген шығарманың бiрi…

Бұл романда қаһармандардың iшкi өмiрiн көрсету кұрделi орын иелейдi дедiк. Автор қай мәселенi сөз етсе де, соңынан табиғи түрде кейiпкердiң көңiл күйiн көрсетуге ауысып отырады.

Бөлісу: