LVII бөлім

18 Маусым 2013, 11:23

Осы аталған повестердегi көркемдiк-эстетикалық, әлеуметтiк-философиялық қасиеттер “Аңыздың ақыры” атты кұрделi романда әрi қарай жалғасып, дами тұстi. Ә.Кекiлбаевтың тарихи балладалар циклi осы романда өзiнiң толық көркемдiк шешiмiн тапқан деуге болады. Бұл шығармалар, сөз жоқ, суреткердiң шығармашылық өсу жолындағы маңызды белес болып қалмақ. “Аңыздың ақыры” романында автор тағы да өзiнiң бұрынғы қалыптасқан байсалды баяндау тәсiлiне ерiк бередi. Мұнда жалпы сюжет, оқиғаның жотасы анық көрiнгенмен, бiрiншi кезекте адам жанының алуан иiрiмдерi, терең психологиясы, пейiл-мұрат, мiнез-құлық, iшкi драмалық коллизия, сырт көзге онша байқала бермейтiн, бiрақ iште қайнап жатқан ой-сезiм, сөз бен әрекеттiң арбасуы тәптiштеледi. “Аңыздың ақыры” (1974) деген романы—тарихи тақырыпты игерудегi жаңа қадамдардың бiрi. Мұнда өз атымен берiлген тарихи қаһарман болмаса да, оқиғалардың болып өткен дәуiрiн, замана, мiнез ерекшелiгiн аңғару қиын емес. Романда Қазақстан мен Орта Азияның орта ғасырлардағы өмiрiнен дерек беретiн тұстар мол. Бүкiл өмiрiн жорықпен өткiзген әйгiлi әскербасы, күллi жаһан елi екi патшалыққа аздық етедi-ау деп налыған атышулы әмiр—Ақсақ Темiр өмiрiнiң бiрсыпыра мiнез қырлары романдағы Алмас хан басынан табылғандай. Өзiнiң бастақ (астана) шаһарын көркейтуге күш салған даңққұмар Алмас ханның өмiрбаяндық мағлұматтары да Темiрдi еске түсiредi. Оқиғалар мен адамдардың iс-әрекетi, мiнез, дүниетанымы, тарихы, этнографиялық белгiлердiң молдығы бұл шығарманы тарихи романдар қатарына қосады. Романның көңiл бөлерлiк сонылықтары бар. Бұл оның құрылысына да, суреттеу мәнерiнен де, тiл өрнегiнен де айқын көрiнедi. Мұнда, ең алдымен, кейiпкерлер қатары аз. Шығармада бас-аяғы Алмас хан, үлкен ханша, кiшi ханша, бас шебер, жас шебер (Жаппар) секiлдi төрт-бес-ақ қаһарманның жай-күйi, тағдыры толығырақ аңғартылады. Бiр қарағанда, роман үшiн бұлар аздық ететiндей сезiледi. Дегенмен, шығарманы оқи келе, осы қаһармандар көтерiп тұрған жүктiң молдығына көз жетедi. Өмiрдiң кең байланыстарын, түрлi оқиғалар шоғырын кездестiремiз. Шығарманың оқиғалық мазмұны екi-ақ ауыз сөзбен тұжырып айтарлықтай. Жорықта жүрген Алмас хан қайта оралғанда қуансын деп оның кiшi әйелi шаһарда биiк мұнара салдырады, мұнараны жасаушы жас шебер кiшi ханшаға iңкәр болып, барлық өнерiн жұмсап, ескерткiштi ерекше сұлу етiп шығарады. Қызғаншақ күндес, үлкен ханша жорықтан жеңiспен оралған әмiршiге ишара белгiмен жас шебердiң кiшi ханшаға ғашықтығын бiлдiредi, бұған намыстанған хан жас шебердi жазалайды. Қысқартып ауызша мазмұндаса, оқиғаның негiзгi желiсi осы ғана. Жазушы осы аңыз әңгiменiң тасасынан өте қызғылықты сырлар таба бiлген, қаншама ғибратты, күрделi ойлар түйген.

Осы аталған повестердегi көркемдiк-эстетикалық, әлеуметтiк-философиялық қасиеттер “Аңыздың ақыры” атты кұрделi романда әрi қарай жалғасып, дами тұстi. Ә.Кекiлбаевтың тарихи балладалар циклi осы романда өзiнiң толық көркемдiк шешiмiн тапқан деуге болады. Бұл шығармалар, сөз жоқ, суреткердiң шығармашылық өсу жолындағы маңызды белес болып қалмақ.

“Аңыздың ақыры” романында автор тағы да өзiнiң бұрынғы қалыптасқан байсалды баяндау тәсiлiне ерiк бередi. Мұнда жалпы сюжет, оқиғаның жотасы анық көрiнгенмен, бiрiншi кезекте адам жанының алуан иiрiмдерi, терең психологиясы, пейiл-мұрат, мiнез-құлық, iшкi драмалық коллизия, сырт көзге онша байқала бермейтiн, бiрақ iште қайнап жатқан ой-сезiм, сөз бен әрекеттiң арбасуы тәптiштеледi.

“Аңыздың ақыры” (1974) деген романы—тарихи тақырыпты игерудегi жаңа қадамдардың бiрi. Мұнда өз атымен берiлген тарихи қаһарман болмаса да, оқиғалардың болып өткен дәуiрiн, замана, мiнез ерекшелiгiн аңғару қиын емес. Романда Қазақстан мен Орта Азияның орта ғасырлардағы өмiрiнен дерек беретiн тұстар мол. Бүкiл өмiрiн жорықпен өткiзген әйгiлi әскербасы, күллi жаһан елi екi патшалыққа аздық етедi-ау деп налыған атышулы әмiр—Ақсақ Темiр өмiрiнiң бiрсыпыра мiнез қырлары романдағы Алмас хан басынан табылғандай. Өзiнiң бастақ (астана) шаһарын көркейтуге күш салған даңққұмар Алмас ханның өмiрбаяндық мағлұматтары да Темiрдi еске түсiредi. Оқиғалар мен адамдардың iс-әрекетi, мiнез, дүниетанымы, тарихы, этнографиялық белгiлердiң молдығы бұл шығарманы тарихи романдар қатарына қосады.

Романның көңiл бөлерлiк сонылықтары бар. Бұл оның құрылысына да, суреттеу мәнерiнен де, тiл өрнегiнен де айқын көрiнедi. Мұнда, ең алдымен, кейiпкерлер қатары аз. Шығармада бас-аяғы Алмас хан, үлкен ханша, кiшi ханша, бас шебер, жас шебер (Жаппар) секiлдi төрт-бес-ақ қаһарманның жай-күйi, тағдыры толығырақ аңғартылады. Бiр қарағанда, роман үшiн бұлар аздық ететiндей сезiледi. Дегенмен, шығарманы оқи келе, осы қаһармандар көтерiп тұрған жүктiң молдығына көз жетедi. Өмiрдiң кең байланыстарын, түрлi оқиғалар шоғырын кездестiремiз. Шығарманың оқиғалық мазмұны екi-ақ ауыз сөзбен тұжырып айтарлықтай. Жорықта жүрген Алмас хан қайта оралғанда қуансын деп оның кiшi әйелi шаһарда биiк мұнара салдырады, мұнараны жасаушы жас шебер кiшi ханшаға iңкәр болып, барлық өнерiн жұмсап, ескерткiштi ерекше сұлу етiп шығарады. Қызғаншақ күндес, үлкен ханша жорықтан жеңiспен оралған әмiршiге ишара белгiмен жас шебердiң кiшi ханшаға ғашықтығын бiлдiредi, бұған намыстанған хан жас шебердi жазалайды. Қысқартып ауызша мазмұндаса, оқиғаның негiзгi желiсi осы ғана. Жазушы осы аңыз әңгiменiң тасасынан өте қызғылықты сырлар таба бiлген, қаншама ғибратты, күрделi ойлар түйген.

Бөлісу: