LV бөлім

18 Маусым 2013, 11:22

Мысалы, “Ханша дария” хикаясы Шыңғысхан туралы көне аңызға құрылған, оның дүниеге, ұрғашыға деген тойымсыз, қанағатсыз мiнезiн суреттей отырып, ханның атышулы ұзақ ғұмырына саяхат жасамайды. Көрсе қызар, нәпсiқұмар хан таңғұт ханшасы Гүрбелжiндi бас салған кезде, арын қорғауға жанын салған сұлу жасырын ұстаған суық қаруы арқылы ханның жанды жерiнен жаралайды. Хан саулап аққан қанын тыя алмай масқара болғанын соңынан бiлiп, тән жарасынан гөрi ертеңгi ел сөзi – жанға тиер намыс отына өртенiп, ақырында көп ұзамай у iшiп өледi. Намыс пен нәпсiқұмарлықтың ара-жiгi осылай төгiледi. Автор көне аңызға философиялық мән-мағына қосып, өркөкiрек адам рухының қайсарлығын дәрiптейдi; халықтарды қанға бояған, айналасына қаһар шашқан әмiршiлердiң әлсiздiгiн, қанқұйлы жауыздарды аспандағы Алла емес, адам қолының өзi жазалайтынын айтады. Тарихи шындық бойынша, Маңғұлдың әйгiлi ханы Шыңғысхан таңғұт елiн жаулап алғанымен, ажалы әйелден болмаған. Үндi елiнен жорықтан қайтып келе жатқанда өзгеше беймәлiм дерттен ауырып өлген. Сай Калашников, В.Ян, Рашид-ад-Дин жазбаларында қазақ жазушысы аталмыш шығармасында маңғұл ханын тарихи тұлға ретiнде емес, жай ғана өзiнiң ойын, дiттеген идеясын ашу ұшiн фабула ретiнде ғана алып отыр. Шығармадағы хан да, таңғұт сұлуы да ойдан шығарылған көркем әдеби бейне деп түсiнген жөн. Ал жазушының “Шыңырау” атты повесi ондағы оқиғалар мен әлеуметтiк ой-пiкiрлер жағынан бiздiң заманымызға жақын тұр. Мұнда да Ә.Кекiлбаевтың о бастағы философиялық, аналитикалық суреттеу тәсiлiнен айнымағанын көремiз. Дегенмен, бұл жолы ежелгi аңыз-әңгiмелердiң бiрiн таңдап алып, соны өзiнше байытып жатпайды, қайта керiсiнше – өткен ғасырда қазақ ауылында өткен қарапайым оқиғаны тiлге тиек еедi де, соны шебер реалистiк мәнерде трагедиялық коллизиялар дәрежесiне көтередi, сөйтiп, бүгiнгi күннiң қажетiне асарлық адамшылық, этикалық мәселелердi күн тәртiбiне қояды. “Шыңырау” повесi—“көзiн құдықта ашса да, жер астына әр түскен сайын бiр жас қартайғандай болатын” құдықшы Еңсептiң қайғылы тағдыры туралы. Еңсептiң туғалы көргенi—қара жер, құдықшы кәсiбi. Сондықтан, оның дүниеге көзқарасы кәсiбiне тiкелей байланысты. Ол құдықшы боп есейiп, құдықшы боп өлдi. Ата кәсiбiне ден қойып, ол өмiр талқысын, өмiр ризығын да содан тапты. Кәсiбiнiң арқасында кемелiне келiп, ақыл-ойы да толысты, түрлi сезiмдi бастан кешiрдi. Шығармадан үзiндi келтiрейiк.

Мысалы, “Ханша дария” хикаясы Шыңғысхан туралы көне аңызға құрылған, оның дүниеге, ұрғашыға деген тойымсыз, қанағатсыз мiнезiн суреттей отырып, ханның атышулы ұзақ ғұмырына саяхат жасамайды. Көрсе қызар, нәпсiқұмар хан таңғұт ханшасы Гүрбелжiндi бас салған кезде, арын қорғауға жанын салған сұлу жасырын ұстаған суық қаруы арқылы ханның жанды жерiнен жаралайды. Хан саулап аққан қанын тыя алмай масқара болғанын соңынан бiлiп, тән жарасынан гөрi ертеңгi ел сөзi – жанға тиер намыс отына өртенiп, ақырында көп ұзамай у iшiп өледi. Намыс пен нәпсiқұмарлықтың ара-жiгi осылай төгiледi. Автор көне аңызға философиялық мән-мағына қосып, өркөкiрек адам рухының қайсарлығын дәрiптейдi; халықтарды қанға бояған, айналасына қаһар шашқан әмiршiлердiң әлсiздiгiн, қанқұйлы жауыздарды аспандағы Алла емес, адам қолының өзi жазалайтынын айтады.

Тарихи шындық бойынша, Маңғұлдың әйгiлi ханы Шыңғысхан таңғұт елiн жаулап алғанымен, ажалы әйелден болмаған. Үндi елiнен жорықтан қайтып келе жатқанда өзгеше беймәлiм дерттен ауырып өлген. Сай Калашников, В.Ян, Рашид-ад-Дин жазбаларында қазақ жазушысы аталмыш шығармасында маңғұл ханын тарихи тұлға ретiнде емес, жай ғана өзiнiң ойын, дiттеген идеясын ашу ұшiн фабула ретiнде ғана алып отыр. Шығармадағы хан да, таңғұт сұлуы да ойдан шығарылған көркем әдеби бейне деп түсiнген жөн.

Ал жазушының “Шыңырау” атты повесi ондағы оқиғалар мен әлеуметтiк ой-пiкiрлер жағынан бiздiң заманымызға жақын тұр. Мұнда да Ә.Кекiлбаевтың о бастағы философиялық, аналитикалық суреттеу тәсiлiнен айнымағанын көремiз. Дегенмен, бұл жолы ежелгi аңыз-әңгiмелердiң бiрiн таңдап алып, соны өзiнше байытып жатпайды, қайта керiсiнше – өткен ғасырда қазақ ауылында өткен қарапайым оқиғаны тiлге тиек еедi де, соны шебер реалистiк мәнерде трагедиялық коллизиялар дәрежесiне көтередi, сөйтiп, бүгiнгi күннiң қажетiне асарлық адамшылық, этикалық мәселелердi күн тәртiбiне қояды.

“Шыңырау” повесi—“көзiн құдықта ашса да, жер астына әр түскен сайын бiр жас қартайғандай болатын” құдықшы Еңсептiң қайғылы тағдыры туралы. Еңсептiң туғалы көргенi—қара жер, құдықшы кәсiбi. Сондықтан, оның дүниеге көзқарасы кәсiбiне тiкелей байланысты. Ол құдықшы боп есейiп, құдықшы боп өлдi. Ата кәсiбiне ден қойып, ол өмiр талқысын, өмiр ризығын да содан тапты. Кәсiбiнiң арқасында кемелiне келiп, ақыл-ойы да толысты, түрлi сезiмдi бастан кешiрдi. Шығармадан үзiндi келтiрейiк.

Бөлісу: