LІ бөлім

18 Маусым 2013, 11:19

Ә.Кекiлбаев – қазiргi қазақ жазушыларының iшiндегi өзiнше көркемдiк көкжиегi, өзiнше iзденiсi, философиялық ой-толғауы бар ерекше дарын. Оның прозасында ешкiмге ұқсамайтын кең тыныс, ойлы астар бар. Ең алғашқы жарық көрген “Бiр шөкiм бұлт”, “Дала балладалары” атты екi кiтабы қазақ әдебиетiне өз айтары бар, интеллектуалды прозаның мықты өкiлi келгенiн дәлелдедi. Бұл екi хикаят та кейiн орысшаға аударылып “Дружба народов” журналына басылды. “Күй” деген хикаяты қазақ новелистикасының елеулi туындысы ретiнде немiсшеге аударылып Берлинде жарық көрдi. Кейiнiрек “Ханша-дария” хикаясы “Хатынгол балладасы” деген атпен немiс тiлiне аударылып жарияланды. Артынша “Фольк унд Вельд” (“Бейбiтшiлiк және iлгерiлеу”) баспасы бұл жазушының екi томдық прозасын жарыққа шығарды. Д.Қонаев атамыздың жас жазушыға қасиеттi батасын беретiн кезең де осы екi томдыққа байланысты. Әрине, мұның бәрi өзiнен-өзi бола салған нәрсе емес. Мәскеулiк үлкен әдеби журналға басылған хикаяттарын тiлге тиек ете отырып Мұрат Әуезов, Л.Теракопян, Г.Бельгер, Л.Аннинский, Е.Сидоров секiлдi сыншылардың арнайы мақала жазуы жазушыға шығармашылық серпiлiс туғызумен қатар, ұлт әдебиетiнiң жаңа белеске көтерiле бастағанын байқатқан айшықты кезең болатын. Әдебиет—бейнелеп айтсақ, кең ағысты, тасуы мен тартылуы қатар алмасып жатқан арналы өзенге ұқсайды. Сол бұрқ-сарқ тасыған ұлкен өзеннiң кеңiстiгiн бұл күнде өзiндiк бiрегей сабылған толқыны бар Кекiлбаев қара сөзiнсiз елестету мұмкiн емес. Жазушы Ә.Кекiлбаев алпысыншы жылдар iшiнде тынымсыз, табанды еңбек етiп, талантын әр қырынан таныта бiлдi. Өлеңдер жинағынан басқа повесть, әңгiмелердiң, сыни еңбектерiнiң бiрнеше кiтабын шығарды. “Аңыздың ақыры”, “Үркер” атты романдар жазды. Г.Мопассанның “Өмiр”, “Пьер мен Жан” романдарын, Л.Толстойдың “Соғыс және бейбiтшiлiк” романының тарауларын, шет ел авторларының әлденеше пьесаларын, әңгiмелерiн қазақ тiлiне аударды. Оның қаламынан шыққан дүниелер оқушыны да, сыншыларды да немқұрайды қалдырған емес. Жазушы шығармалары орыс, немiс, венгер, болгар, чех, эстон тiлдерiне аударылған. Ә.Кекiлбаевтың шәкiрттiк үйрену дәуiрi пәлендей ұзаққа созылған жоқ деуге болады. Өзiнiң алғашқы өлеңдерi, мақалалары, әңгiмелерi арқылы ол творчестволық мүмкiндiгiнен хабар берсе, кейiнгi жылдары жазған шағын көлемдi повестерi автордың жазушылық қарымын, өзiне тән қолтаңбасын, қалыптасқан стилiн айқын танытты. “Бiр шөкiм бұлт”, “Дала балладалары”, “Бiр уыс топырақ” кiтаптарына енген прозалық шығармалар оның творчестволық мұрат-мақсаттарының ауқымын анықтап, оның стилiндегi пиктерге тән байсалды баяндау, философиялық, психологиялық тереңдiктерге бару, кең тынысты, бейнелi, иiрiмдi тiлдiк құралдарды пайдалану секiлдi ерекшелiктерiн байқатты.  

Ә.Кекiлбаев – қазiргi қазақ жазушыларының iшiндегi өзiнше көркемдiк көкжиегi, өзiнше iзденiсi, философиялық ой-толғауы бар ерекше дарын. Оның прозасында ешкiмге ұқсамайтын кең тыныс, ойлы астар бар. Ең алғашқы жарық көрген “Бiр шөкiм бұлт”, “Дала балладалары” атты екi кiтабы қазақ әдебиетiне өз айтары бар, интеллектуалды прозаның мықты өкiлi келгенiн дәлелдедi. Бұл екi хикаят та кейiн орысшаға аударылып “Дружба народов” журналына басылды. “Күй” деген хикаяты қазақ новелистикасының елеулi туындысы ретiнде немiсшеге аударылып Берлинде жарық көрдi. Кейiнiрек “Ханша-дария” хикаясы “Хатынгол балладасы” деген атпен немiс тiлiне аударылып жарияланды. Артынша “Фольк унд Вельд” (“Бейбiтшiлiк және iлгерiлеу”) баспасы бұл жазушының екi томдық прозасын жарыққа шығарды. Д.Қонаев атамыздың жас жазушыға қасиеттi батасын беретiн кезең де осы екi томдыққа байланысты. Әрине, мұның бәрi өзiнен-өзi бола салған нәрсе емес. Мәскеулiк үлкен әдеби журналға басылған хикаяттарын тiлге тиек ете отырып Мұрат Әуезов, Л.Теракопян, Г.Бельгер, Л.Аннинский, Е.Сидоров секiлдi сыншылардың арнайы мақала жазуы жазушыға шығармашылық серпiлiс туғызумен қатар, ұлт әдебиетiнiң жаңа белеске көтерiле бастағанын байқатқан айшықты кезең болатын.

Әдебиет—бейнелеп айтсақ, кең ағысты, тасуы мен тартылуы қатар алмасып жатқан арналы өзенге ұқсайды. Сол бұрқ-сарқ тасыған ұлкен өзеннiң кеңiстiгiн бұл күнде өзiндiк бiрегей сабылған толқыны бар Кекiлбаев қара сөзiнсiз елестету мұмкiн емес.

Жазушы Ә.Кекiлбаев алпысыншы жылдар iшiнде тынымсыз, табанды еңбек етiп, талантын әр қырынан таныта бiлдi. Өлеңдер жинағынан басқа повесть, әңгiмелердiң, сыни еңбектерiнiң бiрнеше кiтабын шығарды. “Аңыздың ақыры”, “Үркер” атты романдар жазды. Г.Мопассанның “Өмiр”, “Пьер мен Жан” романдарын, Л.Толстойдың “Соғыс және бейбiтшiлiк” романының тарауларын, шет ел авторларының әлденеше пьесаларын, әңгiмелерiн қазақ тiлiне аударды. Оның қаламынан шыққан дүниелер оқушыны да, сыншыларды да немқұрайды қалдырған емес. Жазушы шығармалары орыс, немiс, венгер, болгар, чех, эстон тiлдерiне аударылған.

Ә.Кекiлбаевтың шәкiрттiк үйрену дәуiрi пәлендей ұзаққа созылған жоқ деуге болады. Өзiнiң алғашқы өлеңдерi, мақалалары, әңгiмелерi арқылы ол творчестволық мүмкiндiгiнен хабар берсе, кейiнгi жылдары жазған шағын көлемдi повестерi автордың жазушылық қарымын, өзiне тән қолтаңбасын, қалыптасқан стилiн айқын танытты. “Бiр шөкiм бұлт”, “Дала балладалары”, “Бiр уыс топырақ” кiтаптарына енген прозалық шығармалар оның творчестволық мұрат-мақсаттарының ауқымын анықтап, оның стилiндегi пиктерге тән байсалды баяндау, философиялық, психологиялық тереңдiктерге бару, кең тынысты, бейнелi, иiрiмдi тiлдiк құралдарды пайдалану секiлдi ерекшелiктерiн байқатты.

 

Бөлісу: