L бөлім

18 Маусым 2013, 11:18

Әбiш Кекiлбаев /1939/ (6.12.1939 ж.т., қазiргi Маңғыстау облысы, Онды ауылы)—жазушы, мемлекет және қоғам қайраткерi, ҚР-ның Мемлекеттiк сыйлығының иегерi (1987), Қазақстанның Халық жазушысы (1992), Қазақстан Президентiнiң Бейбiтшiлiк және рухани келiсiм сыйлығының иегерi, Қырғызстан Республикасы Мәдениетiне еңбегi сiңген қайраткер (1995). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiрген (1962), 1962-65 ж. “Қазақ әдебиетi”, “Жас алаш” газеттерiнде әдеби қызметкер, бөлiм меңгерушiсi, 1964-68 ж. ҚР Мәдениет министрлiгiнде репертуарлық-редакциялық коллегия мүшесi қызметтерiнде болады. 1970-75 ж. “Қазақфильм” киностудиясында бас редакторы, 1975-84 ж. Қазақстан Компартиясы ОК мәдениет бөлiмiнде нұсқаушы, сектор меңгерушiсi, 1984-86 ж. ҚР Мәдениет министлiгiнiң орынбасары, 1986-88 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1988-90 ж. ҚР тарихи және мәдениет ескерткiштерiн қорғау қоғамы Орталық кеңесi президуимының төрағасы, ал 1990 ж. Қазақстан Компартиясы ОК бөлiм меңгерушiсi, 1991 ж. ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң мәдениет, тiл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, 1992-93 ж. “Егемен Қазақстан” газетiнiң бас редакторы, 1993-94 ж. ҚР Мемлекеттiк кеңесшiсi, 1994-95 ж. ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң төрағасы, 1995 ж. ҚР Мемлекеттiк кеңесшiсi, 1996 ҚР Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты, комитетiнiң төрағасы болып iстеген. 1996 ж. 30-қазанынан бастап ҚР Мемлекеттiк хатшысы. Кекiлбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы “Алтын шуақ” деген атпен 1962 ж. жарық көрдi. Содан берi проза, әдеби сын саласында елеулi еңбек етiп келедi. “Бiр шөкiм бұлт” (1966), “Дала балладалары” (1968), “Тырау-тырау тырналар” (1973), “Бiр уыс топырақ” (1974), “Құс қанаты” (1975), “Баллада степей” (1975), “Баллада забытых лет” (1979), “Үркер” (1981), “Елең-алаң” (1984), “Мартовский снег” (1985), “Плеяды—созвездие надежды” (1987), “Заманмен сұхбат” (1998), “Азаматтықтың ақ таңы” (1998) т.б. әңгiмелер мен повестер жинақтарын, эсселер мен романдарын жариялаған. Кекiлбаев шығармалары адам өмiрiнiң мәнiн, замандар сырын терең, шебер бейнелеуiмен ерекшеленедi. Ол – “Ұйқыдағы арудың оянуы” (1979) дейтiн әдеби-тарихи, “Өмiрмен бетпе-бет” (1972), “Заманмен сұхбат” (1996) аталатын әдеби-сын, әдебиет пен өнер, өмiр мен заман туралы эсселер мен әдеби-философиялық, публицистикалық еңбектердiң авторы. Ол Л.Н.Толстой мен К.Гоцидың, Г.Мопассан мен Г.Ибсеннiң, А.Чехов пен И.Буниннiң бiрқатар шығармаларын қазақ тiлiне аударған. Шығармалары әлем халықтарының көптеген тiлдерiне аударылған. Немiстiң “Фольк унд Вельт” кiтап баспасы жұргiзген сауалнама хаттамасында оның есiмi “ХХ ғасырдың таңдаулы жазушылары” тiзiмiне енгiзiлген. Ол кеңестiк кезеңде Одақтық жазушылар алқасының, халықаралық “Лотос” жазушылар сыйлығы қазылар алқасының, орталық “Художествнная литература”, “Дружба народов” баспалары редакциялық алқаларының мүшесi болды, Азия-Африка жазушылары халықаралық комитетiнiң мүшелiгiне сайланды. Кекiлбаев шығармаларын М.Әуезов, Ш.Айтматов, З.Кедрина т.б. замандас белгiлi қаламгерлер жоғары бағалаған. Ол “Үркер”, “Елең-алаң” романдар циклi ұшiн 1986 ж. Абай атындағы ҚР Мемлекеттiк сыйлығына ие болды. Кекiлбаев жаңа драмасында Абылайханның кесек тұлғасын сахнаға шығарып, ұлы қолбасшы, дана саясаткерлердiң елдiң еркiндiгi, келешегi үшiн күресiн әсерлi бейнелеген. Көрнектi жазушы, философ, тарихшы, мемлекет және қоғам қайраткерi Кекiлбаевтың терең ой, құнарлы тiлмен адам жан сезiмiнiң қат-қат иiрiмдерiн шеберлiкпен суреттеп, дүниетанымдық бiлiмдарлығымен баурайтын шынайы шығармалары жұртшылыққа кең тараған. Кекiлбаев “Құрмет Белгiсi” орденiнiң иегерi.

Әбiш Кекiлбаев

/1939/

(6.12.1939 ж.т., қазiргi Маңғыстау облысы, Онды ауылы)—жазушы, мемлекет және қоғам қайраткерi, ҚР-ның Мемлекеттiк сыйлығының иегерi (1987), Қазақстанның Халық жазушысы (1992), Қазақстан Президентiнiң Бейбiтшiлiк және рухани келiсiм сыйлығының иегерi, Қырғызстан Республикасы Мәдениетiне еңбегi сiңген қайраткер (1995). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiрген (1962), 1962-65 ж. “Қазақ әдебиетi”, “Жас алаш” газеттерiнде әдеби қызметкер, бөлiм меңгерушiсi, 1964-68 ж. ҚР Мәдениет министрлiгiнде репертуарлық-редакциялық коллегия мүшесi қызметтерiнде болады. 1970-75 ж. “Қазақфильм” киностудиясында бас редакторы, 1975-84 ж. Қазақстан Компартиясы ОК мәдениет бөлiмiнде нұсқаушы, сектор меңгерушiсi, 1984-86 ж. ҚР Мәдениет министлiгiнiң орынбасары, 1986-88 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1988-90 ж. ҚР тарихи және мәдениет ескерткiштерiн қорғау қоғамы Орталық кеңесi президуимының төрағасы, ал 1990 ж. Қазақстан Компартиясы ОК бөлiм меңгерушiсi, 1991 ж. ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң мәдениет, тiл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, 1992-93 ж. “Егемен Қазақстан” газетiнiң бас редакторы, 1993-94 ж. ҚР Мемлекеттiк кеңесшiсi, 1994-95 ж. ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң төрағасы, 1995 ж. ҚР Мемлекеттiк кеңесшiсi, 1996 ҚР Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты, комитетiнiң төрағасы болып iстеген. 1996 ж. 30-қазанынан бастап ҚР Мемлекеттiк хатшысы. Кекiлбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы “Алтын шуақ” деген атпен 1962 ж. жарық көрдi. Содан берi проза, әдеби сын саласында елеулi еңбек етiп келедi. “Бiр шөкiм бұлт” (1966), “Дала балладалары” (1968), “Тырау-тырау тырналар” (1973), “Бiр уыс топырақ” (1974), “Құс қанаты” (1975), “Баллада степей” (1975), “Баллада забытых лет” (1979), “Үркер” (1981), “Елең-алаң” (1984), “Мартовский снег” (1985), “Плеяды—созвездие надежды” (1987), “Заманмен сұхбат” (1998), “Азаматтықтың ақ таңы” (1998) т.б. әңгiмелер мен повестер жинақтарын, эсселер мен романдарын жариялаған. Кекiлбаев шығармалары адам өмiрiнiң мәнiн, замандар сырын терең, шебер бейнелеуiмен ерекшеленедi. Ол – “Ұйқыдағы арудың оянуы” (1979) дейтiн әдеби-тарихи, “Өмiрмен бетпе-бет” (1972), “Заманмен сұхбат” (1996) аталатын әдеби-сын, әдебиет пен өнер, өмiр мен заман туралы эсселер мен әдеби-философиялық, публицистикалық еңбектердiң авторы. Ол Л.Н.Толстой мен К.Гоцидың, Г.Мопассан мен Г.Ибсеннiң, А.Чехов пен И.Буниннiң бiрқатар шығармаларын қазақ тiлiне аударған. Шығармалары әлем халықтарының көптеген тiлдерiне аударылған. Немiстiң “Фольк унд Вельт” кiтап баспасы жұргiзген сауалнама хаттамасында оның есiмi “ХХ ғасырдың таңдаулы жазушылары” тiзiмiне енгiзiлген. Ол кеңестiк кезеңде Одақтық жазушылар алқасының, халықаралық “Лотос” жазушылар сыйлығы қазылар алқасының, орталық “Художествнная литература”, “Дружба народов” баспалары редакциялық алқаларының мүшесi болды, Азия-Африка жазушылары халықаралық комитетiнiң мүшелiгiне сайланды. Кекiлбаев шығармаларын М.Әуезов, Ш.Айтматов, З.Кедрина т.б. замандас белгiлi қаламгерлер жоғары бағалаған. Ол “Үркер”, “Елең-алаң” романдар циклi ұшiн 1986 ж. Абай атындағы ҚР Мемлекеттiк сыйлығына ие болды. Кекiлбаев жаңа драмасында Абылайханның кесек тұлғасын сахнаға шығарып, ұлы қолбасшы, дана саясаткерлердiң елдiң еркiндiгi, келешегi үшiн күресiн әсерлi бейнелеген. Көрнектi жазушы, философ, тарихшы, мемлекет және қоғам қайраткерi Кекiлбаевтың терең ой, құнарлы тiлмен адам жан сезiмiнiң қат-қат иiрiмдерiн шеберлiкпен суреттеп, дүниетанымдық бiлiмдарлығымен баурайтын шынайы шығармалары жұртшылыққа кең тараған. Кекiлбаев “Құрмет Белгiсi” орденiнiң иегерi.

Бөлісу: