XLІ бөлім

18 Маусым 2013, 11:16

1964 жылы аталған поэма Қазақстан Ленин комсомол сыйлығымен марапатталды. Жарық көрген еңбектерi: “Нұрлы түндер”  (1962), “Қылықты тұн” (1963), “Шапағатты шақ” (1967), “Әр күн – арайлы таң”, “Қыш кiтабы”, “Мешiн жылы”, “Атамекен”, “Сөз төркiнi”, “Тарихқа дейiнгi тұркiлер тағы басқа” (1991). “Қыш кiтап”—тұнып тұрған қазба байлық. Әлi талай уақыт оның құнарын, әрине, экзотиканың шытынаған сыртынан емес, жалындаған поэзияның қақ жұрегiнен кесiп аларыңыз анық,”—деп Сорбонна профессоры Леон Робель лайықты бағасын бердi[1]. 1975 жылы жарық көрген “АзиЯ” кiтабы саяси қуғынға түседi. “АзиЯ” кiтабы көне славьян және тұркi жазба есекрткiштерiн зерттеуге арналған. Бұл еңбекте көне жазбаға деген ғылымда қалыптасып қалған шешiмдер мен пiкiрлер, жаттанды көзқарастарға қарсы шыға отырып, өрiстi ойларға жетелеп, өрелi ақын тiл маманына тән талдаулар жасаған. “Игорь жасағы туралы жырдың” тарихына, зерттелуiне, шығу төркiнiне шолу жасаған. “Алаш жұртының ұлы перзентi Олжас Сүлейменов өзiнiң “АзиЯ” кiтабында қазақ елiнiң, түрiк мiллетiнiң ғана емес, бүкіл Азия құрлығының атынан сөйледi. Совет империясы шегiнде қалыптасқан батысшылдық, орысшылдық тоқмойын тұсiнiктердi қақырата сөктi. Сөздiң қандай бұлақтан бастау алғанын дәлелдейдi,”—деп М.Мағауин “АзиЯ” еңбегiнiң құндылығына назар аударады. О.Сүлейменовтiң “Сөз төркiнi” деген еңбегi Италияда жарық көредi. Бұл еңбек қабылдануы жағынан өте кұрделi. Бұл кiтап небары бiрнеше ондаған, не жүздеген ғана тiршiлiк иесi болып Африканы мекендеп жұргенiнде алғашқы адамзат қауымының тiлi мен жазуының қалай шыққандығы жөнiнде. Тiлдер мен жазулардағы алғашқы сөздер мен таңбалардың жазу барысын қарастыра отырып, зерттеулер барысында тiлдер мен әлiпбилердiң шығуы жөнiндегi ғылымда қалыптасқан теориялардың “шамына” ерiксiз тиiп кеткен кездерi де кездеседi. “Тарихқа дейiнгi түркiлер” деген кiтабы көне түркi сына жазуының шығу тарихы жайында. Онда қазақ тiлiнiң шығу тарихы жөнiнде де көп сөз болады. Бұл дүниеге алғаш рет “көне қазақ тiлi” атты терминдi де енгiзiп отыр. Ал бiздiң тiлiмiз ХV ғасырда емес, Орхон дәуiрiнен көп ертеректе пайда болған дейдi[2]. Олжас Сүлейменов Қазақстан кино өнерiн дамытуға елеулi үлес қосқан ақын. Ол жазған сценарий бойынша “Бабалар жерi” (1964), “Көгiлдiр маршрут” (1967), “Қыс—қысылтау мезгiл” (1972), “Мұхтар Әуезов туралы сөз”, “Соңғы өткел” (1982), “Үндiстан сазы” (1984), “Жастық шақ заставасы” (1984) атты кинофильмдер түсiрiлген. О.Сүлейменовтiң “Атамекен” атты таңдамалы шығармалары Қадыр Мырзалиевтiң аудармасымен қазақ тiлiнде жарық көрдi. [1] Қайықбаев М. О.Сүлейменовтiң “Қыш кiтабы” // “Қазақ әдебиетi”, 1993, 18 маусым, 5-бет. [2] Балқыбек Ә. Сөз төркiнi // “Қазақ әдебиетi”, 2003, 21 қараша, 4-бет.  

1964 жылы аталған поэма Қазақстан Ленин комсомол сыйлығымен марапатталды.

Жарық көрген еңбектерi: “Нұрлы түндер”  (1962), “Қылықты тұн” (1963), “Шапағатты шақ” (1967), “Әр күн – арайлы таң”, “Қыш кiтабы”, “Мешiн жылы”, “Атамекен”, “Сөз төркiнi”, “Тарихқа дейiнгi тұркiлер тағы басқа” (1991).

“Қыш кiтап”—тұнып тұрған қазба байлық. Әлi талай уақыт оның құнарын, әрине, экзотиканың шытынаған сыртынан емес, жалындаған поэзияның қақ жұрегiнен кесiп аларыңыз анық,”—деп Сорбонна профессоры Леон Робель лайықты бағасын бердi[1].

1975 жылы жарық көрген “АзиЯ” кiтабы саяси қуғынға түседi. “АзиЯ” кiтабы көне славьян және тұркi жазба есекрткiштерiн зерттеуге арналған. Бұл еңбекте көне жазбаға деген ғылымда қалыптасып қалған шешiмдер мен пiкiрлер, жаттанды көзқарастарға қарсы шыға отырып, өрiстi ойларға жетелеп, өрелi ақын тiл маманына тән талдаулар жасаған. “Игорь жасағы туралы жырдың” тарихына, зерттелуiне, шығу төркiнiне шолу жасаған.

“Алаш жұртының ұлы перзентi Олжас Сүлейменов өзiнiң “АзиЯ” кiтабында қазақ елiнiң, түрiк мiллетiнiң ғана емес, бүкіл Азия құрлығының атынан сөйледi. Совет империясы шегiнде қалыптасқан батысшылдық, орысшылдық тоқмойын тұсiнiктердi қақырата сөктi. Сөздiң қандай бұлақтан бастау алғанын дәлелдейдi,”—деп М.Мағауин “АзиЯ” еңбегiнiң құндылығына назар аударады.

О.Сүлейменовтiң “Сөз төркiнi” деген еңбегi Италияда жарық көредi. Бұл еңбек қабылдануы жағынан өте кұрделi. Бұл кiтап небары бiрнеше ондаған, не жүздеген ғана тiршiлiк иесi болып Африканы мекендеп жұргенiнде алғашқы адамзат қауымының тiлi мен жазуының қалай шыққандығы жөнiнде. Тiлдер мен жазулардағы алғашқы сөздер мен таңбалардың жазу барысын қарастыра отырып, зерттеулер барысында тiлдер мен әлiпбилердiң шығуы жөнiндегi ғылымда қалыптасқан теориялардың “шамына” ерiксiз тиiп кеткен кездерi де кездеседi.

“Тарихқа дейiнгi түркiлер” деген кiтабы көне түркi сына жазуының шығу тарихы жайында. Онда қазақ тiлiнiң шығу тарихы жөнiнде де көп сөз болады. Бұл дүниеге алғаш рет “көне қазақ тiлi” атты терминдi де енгiзiп отыр. Ал бiздiң тiлiмiз ХV ғасырда емес, Орхон дәуiрiнен көп ертеректе пайда болған дейдi[2].

Олжас Сүлейменов Қазақстан кино өнерiн дамытуға елеулi үлес қосқан ақын. Ол жазған сценарий бойынша “Бабалар жерi” (1964), “Көгiлдiр маршрут” (1967), “Қыс—қысылтау мезгiл” (1972), “Мұхтар Әуезов туралы сөз”, “Соңғы өткел” (1982), “Үндiстан сазы” (1984), “Жастық шақ заставасы” (1984) атты кинофильмдер түсiрiлген. О.Сүлейменовтiң “Атамекен” атты таңдамалы шығармалары Қадыр Мырзалиевтiң аудармасымен қазақ тiлiнде жарық көрдi.



[1] Қайықбаев М. О.Сүлейменовтiң “Қыш кiтабы” // “Қазақ әдебиетi”, 1993, 18 маусым, 5-бет.

[2] Балқыбек Ә. Сөз төркiнi // “Қазақ әдебиетi”, 2003, 21 қараша, 4-бет.

 

Бөлісу: