XLVІ бөлім

18 Маусым 2013, 06:46

О.Сүлейменов кезiнде Махамбет туралы екi өлең жазған. Осы өлеңдерде ақынның Махамбет туралы ойы да, сезiнуi де бiр-бiрiне мұлде ұқсамайды. Өлеңнiң алдыңғысы “Арғымақтар” кiтабына “Махамбетке” деген атпен кiрген де, соңғысы “Махамбеттiң өлер алдындағы соңғы сөзi” деген атпен “Мешiн жылы” кiтабына кiрген. Орыс тiлiнде жазылған осы өлеңдердi Қ.Мырзалиев қазақ тiлiне аударған. Бiрiншi өлең: Бисмилла! Жорықтарда өткен күндi өлшеммен, Жүрек толы ашу-ыза, Мол шермен. Ат үстiнде туған ердi, Дүние-ай, Кiрiптар ғып айдап өттi-ай көшемен!   Қош тұлпарым, болған талай ақ көбiк! Жатырмын мен көр зынданда шаң көмiп, Шауып-шауып бұралқы итке тастайды-ау. Қайран басты Жүрген кеше бақ қонып!   О, аруақ! Iшiмдi кек тырналап, Жүзiмдi ертең құбылаға туралап, Өмiр болса баяғыша Құм кезiп Бара жатыр аруаналар, буралар.   Айран ашып төгiлдi сабадан, Таласады өңшең төбет қабаған… Мен зынданда, Ал толық ай аспанда,— Күлше нандай, Қол созамын мен оған!— деген жыр жолдары арқылы ақын Махамбеттiң ерлiгiн, өрлiгiн көрсеткiсi келедi. Бұл өлең жолдары арқылы ақынның айтқысы келген ойы—Махамбеттiң қайтпас қайсарлығын паш ету болып келедi. Екiншi өлең:   Неткен жомарт, Неткен батыр, ер едi! Ер елiме мендей сарбаз керегi Зарип әуенге жерiк болсам, Мен үшiн Оның өзiн қуана айтып бередi.   Олар бiрге түңiледi, Түңiлсем. Олар бiрге бүгiледi Бүгiлсем. Теңiз бiткен кеуiп қалған тәрiздi, Қайран Жайық, Қайратыңа үңiлсем.   “Кешiре бiл ағайынды туысқан, Ел бақытты—сен жымисаң, Туысқан!” Дегенде ғой, Тұра тұрған болар ем, Тiзгiнiмдi шығармай-ақ уыстан. Алғашқы өлең өзiнiң тасасында тұрған ақынды оқырманына, онда да орыс оқырмандарына жат, әрi шыт жаңа тұлға ретiнде көрсеткен. “Бисмилла!” деген сөзен басталған өлең соңын құмда жортқан буралармен, саба толы айранмен жалғасын табады. Бұлар—орыс ақындарының өлеңдерiнде кем кездесетiн өмiр қыртыстары. Бұлар—тек Олжас сияқты орыс тiлiнде жазатын өзге ұлт ақындарында ғана болатын қасиет. Дегенмен, ақын бәрiбiр орыс мәдениетiнен сусындағанын, орыс тiлiнде жазатынын да өлеңде жасыра алмаған. Өлеңнiң өн бойынан ерлiктi, жырды сүйетiн жылқы құмар орыс халқының табиғатына да жақын бейнелер менмұндалайды. Жұрт жиылған көше, зындан осылардың бәрi орыстарға өте таныс бейне. Егер жоғарыда көзiмiзге бiрден оттай басылатын белгiлер болмағанда, Олжастың бұл өлеңiнен Пушкиндi, Пастернакты оқығандай болар едiк. Бұл өлеңдi орыс оқырмандары осы үшiн де өздерiнен жат көрмей-ақ қабылдайтыны анық. Ондай екi жақтылы сипат Олжастың өз табиғатына да үйлеседi. Сондықтан да Олжас орыстар үшiн әрi таныс, әрi жат тұлға. Ақын осы қасиетiн бiр тұлғаландыруға тырысқан сияқты. Алайда, орыс тiлдi қазақ ақыны ретiндегi Олжас Сүлейменов өзiнiң бөлшектенген ақындық тұлғасын анық көрсеткен. Өлеңде мен мұндалап шыққан, жоғарыдағыдай екi жақтылы қасиетi бар. Олжасқа бiр ұлттың ұранына айналған қаһарман Махамбеттей ақынның образы оңай олжа болмаған. Махамбеттi жырлау – халықтың рухын жырлау.

О.Сүлейменов кезiнде Махамбет туралы екi өлең жазған. Осы өлеңдерде ақынның Махамбет туралы ойы да, сезiнуi де бiр-бiрiне мұлде ұқсамайды. Өлеңнiң алдыңғысы “Арғымақтар” кiтабына “Махамбетке” деген атпен кiрген де, соңғысы “Махамбеттiң өлер алдындағы соңғы сөзi” деген атпен “Мешiн жылы” кiтабына кiрген. Орыс тiлiнде жазылған осы өлеңдердi Қ.Мырзалиев қазақ тiлiне аударған. Бiрiншi өлең:

Бисмилла!

Жорықтарда өткен күндi өлшеммен,

Жүрек толы ашу-ыза,

Мол шермен.

Ат үстiнде туған ердi,

Дүние-ай,

Кiрiптар ғып айдап өттi-ай көшемен!

 

Қош тұлпарым, болған талай ақ көбiк!

Жатырмын мен көр зынданда шаң көмiп,

Шауып-шауып бұралқы итке тастайды-ау.

Қайран басты

Жүрген кеше бақ қонып!

 

О, аруақ!

Iшiмдi кек тырналап,

Жүзiмдi ертең құбылаға туралап,

Өмiр болса баяғыша

Құм кезiп

Бара жатыр аруаналар, буралар.

 

Айран ашып төгiлдi сабадан,

Таласады өңшең төбет қабаған…

Мен зынданда,

Ал толық ай аспанда,—

Күлше нандай,

Қол созамын мен оған!—

деген жыр жолдары арқылы ақын Махамбеттiң ерлiгiн, өрлiгiн көрсеткiсi келедi. Бұл өлең жолдары арқылы ақынның айтқысы келген ойы—Махамбеттiң қайтпас қайсарлығын паш ету болып келедi.

Екiншi өлең:

 

Неткен жомарт,

Неткен батыр, ер едi!

Ер елiме мендей сарбаз керегi

Зарип әуенге жерiк болсам,

Мен үшiн

Оның өзiн қуана айтып бередi.

 

Олар бiрге түңiледi,

Түңiлсем.

Олар бiрге бүгiледi

Бүгiлсем.

Теңiз бiткен кеуiп қалған тәрiздi,

Қайран Жайық,

Қайратыңа үңiлсем.

 

“Кешiре бiл ағайынды туысқан,

Ел бақытты—сен жымисаң,

Туысқан!”

Дегенде ғой,

Тұра тұрған болар ем,

Тiзгiнiмдi шығармай-ақ уыстан.

Алғашқы өлең өзiнiң тасасында тұрған ақынды оқырманына, онда да орыс оқырмандарына жат, әрi шыт жаңа тұлға ретiнде көрсеткен. “Бисмилла!” деген сөзен басталған өлең соңын құмда жортқан буралармен, саба толы айранмен жалғасын табады. Бұлар—орыс ақындарының өлеңдерiнде кем кездесетiн өмiр қыртыстары. Бұлар—тек Олжас сияқты орыс тiлiнде жазатын өзге ұлт ақындарында ғана болатын қасиет. Дегенмен, ақын бәрiбiр орыс мәдениетiнен сусындағанын, орыс тiлiнде жазатынын да өлеңде жасыра алмаған. Өлеңнiң өн бойынан ерлiктi, жырды сүйетiн жылқы құмар орыс халқының табиғатына да жақын бейнелер менмұндалайды. Жұрт жиылған көше, зындан осылардың бәрi орыстарға өте таныс бейне. Егер жоғарыда көзiмiзге бiрден оттай басылатын белгiлер болмағанда, Олжастың бұл өлеңiнен Пушкиндi, Пастернакты оқығандай болар едiк. Бұл өлеңдi орыс оқырмандары осы үшiн де өздерiнен жат көрмей-ақ қабылдайтыны анық. Ондай екi жақтылы сипат Олжастың өз табиғатына да үйлеседi. Сондықтан да Олжас орыстар үшiн әрi таныс, әрi жат тұлға. Ақын осы қасиетiн бiр тұлғаландыруға тырысқан сияқты. Алайда, орыс тiлдi қазақ ақыны ретiндегi Олжас Сүлейменов өзiнiң бөлшектенген ақындық тұлғасын анық көрсеткен. Өлеңде мен мұндалап шыққан, жоғарыдағыдай екi жақтылы қасиетi бар. Олжасқа бiр ұлттың ұранына айналған қаһарман Махамбеттей ақынның образы оңай олжа болмаған. Махамбеттi жырлау – халықтың рухын жырлау.

Бөлісу: