XLІІ бөлім

18 Маусым 2013, 06:38

Бiреулер бұл кезде: “Олжас Сүлейменов—орыс тiлдi ақын,”[1]—деп кiнәлап жатты. Бұған төрелiк айту қиын, әрине. Сол кездегi Қазақстанды, яғни 60-70 жылдардағы қазақ халқын дүние жүзiне танытып, әлем мәдениетiмен тiкелей байланыстыратын бiрден-бiр төте жол осы болатын. Соның арқасында оның “Қылықты түн”, “Шапағатты шақ”, “Мешiн жылы”, “Қыш кiтабы” атты жинақтары Одақ көлемiнен асып, Евразияны елең еткiздi. Шетел баспасөзi оның ешкiмге ұқсамайтын өзiндiк үнi мен ойлау жүйесi туралы таңдана да таңырқай жазды. Француз қаламгерi Андре Делю: “Олжас Сүлейменовтiң даусы әлемнiң бүгiнгi аса көрнектi ақындық дауысына жатады,”—десе, Б.Слуцкий Олжас шығармалары жайлы былай дейдi: “Менiңше, орыс Азиясы бiздiң поэзиямызда бұрын-соңды дәл мұндай айрықша сонылықпен сөйлеп көрген емес”, ал Н.Тихонов болса: “Өткен мен бүгiн туралы поэтикалық баян, ақынның даусы мен рухын айқындай отырып тосын да тың ой-сезiмдердi сомдайды,”—деп ағынан жарылды. “Үнемi iзденiс, жаңалық ашу жолындағы Олжас поэзиясы” (М.Луконин) аз жыл iшiнде-ақ Кеңес Одағындағы халықтардың тiлдерiне, дүние жүзiндегi басты тiлдердiң бәрiне дерлiк аударылып, кеңiнен танылды. Бұл кеңестiк дәуiр поэзиясынан тек Б.Пастернакты ғана бiлетiн француздар Олжастың өлеңдерiн екi дүркiн аударып, жеке кiтап етiп шығарды. 1989 жылы “Невада—Семей” қозғалысының төрағасы қызметiн О.Сүлейменов атқарған. Қылышынан қан тамып тұрған кешегi Кеңес кезiндегi “үш әрiптiң” айбарынан ықпай, “Қазақстанның жерi—ядролық қойма емес!”—деп дабыл көтерiп дауыстап айта алу дәл сол тұста Олжасты орысшыл, өзiн қазақшыл көрсеткiсi келiп жүрген қайраткерлерiмiздiң ойына келсе де, қайсысының тiлiне орала алады екен?! Абай, Шәкәрiм, Мұхтар сынды әулие ұлыларымыздың жер бесiгiн қырық жыл шайқап, Ұрпақтарын есеңгiреткен аждаһаның үнiн өшiрем деп қол жинаған жұрек жұтқандық аңызда айтылар баһадүрлiкпен ұласпай ма? “Невада—Семей” қозғалысы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейiнгi Қазақстанда болған тұңғыш митинг едi. Қозғалыс қазiр өзiнiң қалыпты тiрлiгiмен өмiр сүруде. Оның өмiрге келiп, жiгерлi де белсендi жұмыс жүргiзуiмен полигон жабылды. Жер бетiндегi қалған полигондар мораторий жариялады. “Невада—Семей” өзiнiң атын Қазақстанның жаңа тарихына жазды, мұны ендi ешкiм өшiре алмайды. Қозғалыс республикамыздың тыныштығына, ұлтаралық қарым-қатынас iсiне өзiндiк үлес қосты.   [1] Нарымбетов Ә. Дәуiр және поэзия.—Алматы: Жазушы, 1972.  

Бiреулер бұл кезде: “Олжас Сүлейменов—орыс тiлдi ақын,”[1]—деп кiнәлап жатты. Бұған төрелiк айту қиын, әрине. Сол кездегi Қазақстанды, яғни 60-70 жылдардағы қазақ халқын дүние жүзiне танытып, әлем мәдениетiмен тiкелей байланыстыратын бiрден-бiр төте жол осы болатын. Соның арқасында оның “Қылықты түн”, “Шапағатты шақ”, “Мешiн жылы”, “Қыш кiтабы” атты жинақтары Одақ көлемiнен асып, Евразияны елең еткiздi. Шетел баспасөзi оның ешкiмге ұқсамайтын өзiндiк үнi мен ойлау жүйесi туралы таңдана да таңырқай жазды. Француз қаламгерi Андре Делю: “Олжас Сүлейменовтiң даусы әлемнiң бүгiнгi аса көрнектi ақындық дауысына жатады,”—десе, Б.Слуцкий Олжас шығармалары жайлы былай дейдi: “Менiңше, орыс Азиясы бiздiң поэзиямызда бұрын-соңды дәл мұндай айрықша сонылықпен сөйлеп көрген емес”, ал Н.Тихонов болса: “Өткен мен бүгiн туралы поэтикалық баян, ақынның даусы мен рухын айқындай отырып тосын да тың ой-сезiмдердi сомдайды,”—деп ағынан жарылды.

“Үнемi iзденiс, жаңалық ашу жолындағы Олжас поэзиясы” (М.Луконин) аз жыл iшiнде-ақ Кеңес Одағындағы халықтардың тiлдерiне, дүние жүзiндегi басты тiлдердiң бәрiне дерлiк аударылып, кеңiнен танылды. Бұл кеңестiк дәуiр поэзиясынан тек Б.Пастернакты ғана бiлетiн француздар Олжастың өлеңдерiн екi дүркiн аударып, жеке кiтап етiп шығарды.

1989 жылы “Невада—Семей” қозғалысының төрағасы қызметiн О.Сүлейменов атқарған. Қылышынан қан тамып тұрған кешегi Кеңес кезiндегi “үш әрiптiң” айбарынан ықпай, “Қазақстанның жерi—ядролық қойма емес!”—деп дабыл көтерiп дауыстап айта алу дәл сол тұста Олжасты орысшыл, өзiн қазақшыл көрсеткiсi келiп жүрген қайраткерлерiмiздiң ойына келсе де, қайсысының тiлiне орала алады екен?! Абай, Шәкәрiм, Мұхтар сынды әулие ұлыларымыздың жер бесiгiн қырық жыл шайқап, Ұрпақтарын есеңгiреткен аждаһаның үнiн өшiрем деп қол жинаған жұрек жұтқандық аңызда айтылар баһадүрлiкпен ұласпай ма?

“Невада—Семей” қозғалысы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейiнгi Қазақстанда болған тұңғыш митинг едi. Қозғалыс қазiр өзiнiң қалыпты тiрлiгiмен өмiр сүруде. Оның өмiрге келiп, жiгерлi де белсендi жұмыс жүргiзуiмен полигон жабылды. Жер бетiндегi қалған полигондар мораторий жариялады.

“Невада—Семей” өзiнiң атын Қазақстанның жаңа тарихына жазды, мұны ендi ешкiм өшiре алмайды. Қозғалыс республикамыздың тыныштығына, ұлтаралық қарым-қатынас iсiне өзiндiк үлес қосты.

 



[1] Нарымбетов Ә. Дәуiр және поэзия.—Алматы: Жазушы, 1972.

 

Бөлісу: