XL бөлім

18 Маусым 2013, 06:33

Поэзия – болмыстай ересек, болмыстай тұңғиық. Поэзия мен болмыс екеуi мiнездес. Ақын ұшiн ең зымыран тұңғиық та, ең шырқау биiктiк те жұрек екен. 1959 жылы Олжас Анатолий Кудрейкоға “Арғымақтар” деген тұңғыш туындысын алып барады. Ол оны қызыл қарандашпен аяусыз шимайлап жаратпай тастайды. Содан кейiн Олжас жатақханаға келiп, ол өлеңдерiн қайтадан өңдейдi. Анатолий Кудрейкаға барып, ендi мына өлеңдерiн жаңаша тәсiлмен қайта жазғанын айтады. Бiрақ Кудрейка бұл өлеңдерiн тағы да шимайлап бередi. Олжас бәрiбiр алған бетiнен қайтпайды. Сөйте жүрiп өз бетiнше бiрде-бiр институт, бiрде-бiр ұлы шебер үйрете алмайтын өлең жазу мектебiнен дәрiс алады[1]. Мiне, қайсарлықтың кұшi. Мiне, ешкiм елей бермейтiн “тәрбие мектебi”. Мiне, орыстардың “Нет добра без худы” деп жататын нақыл-сабағының сыры. Көз алдымызға Асанәлiнiң “Шоқан” фильмiндегi ақ патшаның қабылдауын кұтiп, кұн сайын патша сарайына барып тұратын жас офицер Шоқан елестейдi. Ұқсастық па, заңдылық па? Менiңше, заңдылықтай. Қазақ ұлыларға кем-кенде болмаған ғой. Дей тұрсақ та ғасырда бiр туатын, қай қырынан қарасақ та қарадан шыққан хан дерлiк. Олжас бейнесi бәрiнен биiк, жеке-дара озық көрiнiп, озық елестейдi. Сөйтiп, бұл “Арғымақ” атты өлеңдер жинағы он екi ай, яғни бiр жыл бойы жазылған. Олжас Сүлейменовтiң тұңғыш өлеңдер жинағы—“Арғымақтар” деген атпен 1961 жылы жарық көрген. Өлшеусiз жiгер мен төзiмге толы жанкештi еңбегiнiң нәтижесiнде оны ең алғаш болып ақын Леонид Мартинов таныды. Ол: “Қазақ ақыны О.Сүлейменов орыс тiлiнде жазатынына қарамастан, бұкiл болмысымен қазақ ақыны, атам заманнан берi үмiт-арманын орыс халқының үмiт-арманымен ұштастырып келе жатқан асқақ рухты өз халқының адал перзентi. Олжас Сүлейменов тұрмыстық, географиялық, этикалық, эстетикалық, тарихи байланыстардың жанды айғағы,”—деп айтып өткен[2]. Ақынның есiмiн әдеби жұртшылыққа кеңiнен мәлiм кеткен 1961 жылы жазылған, Ю.Гагариннiң тұңғыш ғарышқа ұшқан тарихи ерлiгiне арналған “Адамға табын, жер, ендi!” атты поэмасы едi. А.Бучис: “Жер мен Адамзаттың бiрлiгiн сезунi О.Сүлейменовтiң поэтикалық оптимизмiнiң тағы бiр қайнар көзiне айналды. Шексiз әлемге шарықтап, сан қырлы өмiрдiң сұлулығын ашу образдар мен сезiмдердiң Шығысқа тән буырқанысын туғызып қана қоймай, әрi соны тағы да ақтап тұрғандай – О.Сүлейменов елден алабөтен бар жан-тәнiмен қазiргi дұниенiң тағдырына алаңдайды. Ол – замана ақыны. Оның поэзиясының адресi – жұмыр Жер,” – деп еңбек жайлы өз ойын айтып өткен[3]. [1] Аупбаев Ж. Олжас // “Жұлдыз”, 1996, N5, 33-бет. [2] Мұратбеков С. Халқын асқақтатқан ақын // “Егемен Қазақстан”, 1996, 17 мамыр, 3-бет. [3] Олжас туралы сөз // “Жұлдыз”, 1996, N5, 42-бет.  

Поэзия – болмыстай ересек, болмыстай тұңғиық. Поэзия мен болмыс екеуi мiнездес. Ақын ұшiн ең зымыран тұңғиық та, ең шырқау биiктiк те жұрек екен.

1959 жылы Олжас Анатолий Кудрейкоға “Арғымақтар” деген тұңғыш туындысын алып барады. Ол оны қызыл қарандашпен аяусыз шимайлап жаратпай тастайды. Содан кейiн Олжас жатақханаға келiп, ол өлеңдерiн қайтадан өңдейдi. Анатолий Кудрейкаға барып, ендi мына өлеңдерiн жаңаша тәсiлмен қайта жазғанын айтады. Бiрақ Кудрейка бұл өлеңдерiн тағы да шимайлап бередi. Олжас бәрiбiр алған бетiнен қайтпайды. Сөйте жүрiп өз бетiнше бiрде-бiр институт, бiрде-бiр ұлы шебер үйрете алмайтын өлең жазу мектебiнен дәрiс алады[1].

Мiне, қайсарлықтың кұшi. Мiне, ешкiм елей бермейтiн “тәрбие мектебi”. Мiне, орыстардың “Нет добра без худы” деп жататын нақыл-сабағының сыры. Көз алдымызға Асанәлiнiң “Шоқан” фильмiндегi ақ патшаның қабылдауын кұтiп, кұн сайын патша сарайына барып тұратын жас офицер Шоқан елестейдi. Ұқсастық па, заңдылық па? Менiңше, заңдылықтай. Қазақ ұлыларға кем-кенде болмаған ғой. Дей тұрсақ та ғасырда бiр туатын, қай қырынан қарасақ та қарадан шыққан хан дерлiк. Олжас бейнесi бәрiнен биiк, жеке-дара озық көрiнiп, озық елестейдi.

Сөйтiп, бұл “Арғымақ” атты өлеңдер жинағы он екi ай, яғни бiр жыл бойы жазылған. Олжас Сүлейменовтiң тұңғыш өлеңдер жинағы—“Арғымақтар” деген атпен 1961 жылы жарық көрген. Өлшеусiз жiгер мен төзiмге толы жанкештi еңбегiнiң нәтижесiнде оны ең алғаш болып ақын Леонид Мартинов таныды. Ол: “Қазақ ақыны О.Сүлейменов орыс тiлiнде жазатынына қарамастан, бұкiл болмысымен қазақ ақыны, атам заманнан берi үмiт-арманын орыс халқының үмiт-арманымен ұштастырып келе жатқан асқақ рухты өз халқының адал перзентi. Олжас Сүлейменов тұрмыстық, географиялық, этикалық, эстетикалық, тарихи байланыстардың жанды айғағы,”—деп айтып өткен[2].

Ақынның есiмiн әдеби жұртшылыққа кеңiнен мәлiм кеткен 1961 жылы жазылған, Ю.Гагариннiң тұңғыш ғарышқа ұшқан тарихи ерлiгiне арналған “Адамға табын, жер, ендi!” атты поэмасы едi. А.Бучис: “Жер мен Адамзаттың бiрлiгiн сезунi О.Сүлейменовтiң поэтикалық оптимизмiнiң тағы бiр қайнар көзiне айналды. Шексiз әлемге шарықтап, сан қырлы өмiрдiң сұлулығын ашу образдар мен сезiмдердiң Шығысқа тән буырқанысын туғызып қана қоймай, әрi соны тағы да ақтап тұрғандай – О.Сүлейменов елден алабөтен бар жан-тәнiмен қазiргi дұниенiң тағдырына алаңдайды. Ол – замана ақыны. Оның поэзиясының адресi – жұмыр Жер,” – деп еңбек жайлы өз ойын айтып өткен[3].



[1] Аупбаев Ж. Олжас // “Жұлдыз”, 1996, N5, 33-бет.

[2] Мұратбеков С. Халқын асқақтатқан ақын // “Егемен Қазақстан”, 1996, 17 мамыр, 3-бет.

[3] Олжас туралы сөз // “Жұлдыз”, 1996, N5, 42-бет.

 

Бөлісу: