Олжас Сүлейменов
/1936/
Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамыр күнi Алматы қаласында дұниеге келген. Ол дүниеге келгенде дүбiрлi оқиғаларға толы едi. Барша жұрт замана трагедиясы деп атап кеткен 1937 жылғы нәубет болғанда Олжас бiр жасқа жаңа ғана толған жас сәби. Бұл кездегi қарбаластың ызғары Олжастың отбасын да қармап өттi. Олай дейтiнiмiз—туған әкесi әскери қызметкер Омар Сүлейменовтiң сол зобалаңда халық жауы атанып кеткендiгi куә. Қашан келедiмен, жол тосумен кұндер, айлар, зарықтырып жылдар да өзiнiң қалыпты ырғағымен жылжи берген. Қалың елдi қан қақсатып, зар еңiреткен зобалаң тұндер де талай тұндiктiң отын өшiрiп, талай шаңырақтың шаттығын шайқап өте шықты. Ендi ол да тарих. Жан-жұрегiмiзге мың сан ине қағып-шабақтағандай, тұла бойымыз тұршiгедi. Аман-сау аттанып, хабар-ошарсыз, iз-тұзсiз жоғалған азаматын Фатима апай да, жақын-жұрағаттары да ешкiм айтпай-ақ қаптаған “Халық жауларының” санатына өздерiнше ойша қосып жiберген. Осы әкесi жөнiндегi қайғылы оқиғаны Олжас бес жасқа келген кезiнде тұңғыш рет атасының аузынан естидi.
Олжабай—тарихта бар адам. Олжас ағамыз болса сол тұлғадан тараған әулеттiң жетiншi ұрпағы. Олжабай батыр өлерiнiң алдында менiң жетiншi ұрпағым бiлiктi ғалым болады деген екен. Халқымызда ата-баба бойындағы дара қабiлеттер мен сирек қасиеттер генеологиялық нақ осы буында бiркөрiнiс берiп өтедi деген ұғым бар. Соған қарағанда бұл сөзде бiр шындық бар сияқты. Олжабай батыр атақты Абылай хан әскерiнiң оң қанатын басқарған баһадүр. Ел аузында бұл кiсi туралы мынадай аңыз бар:
Жоңғар шапқыншыларына қарсы шешушi шайқастың қарсаңы болса керек. Сұрапыл соғыстың оңайға соқпасын бiлген игi жақсылар хан ордасына жиналады да, ұш кұн, ұш тұн отырып кеңеседi. Бiрақ мәмiлеге келе алмайды. Сонда ашу мен ызаға булыққан Олжабай баһадүр жасауылдарының бiрiне даладан улы жыланды ұстап әкелуге бұйрық бередi. Тапсырма орындалған мезетте ол түсi суық, қауiптi жәндiктiң қайқаңдаған басын тiсiмен кiрш еткiзiп тiстеп алып тұкiрiп тастайды. Бұл: “Мынау улы қорқынышты жыланның байрағында айдаһар белгiсi бар анау жоңғарлардан еш айырмашылығы жоқ. Жау қанша айлакер, қауiптi болғанымен, бiрде оған төтеп беретiн қуатты кұш бар. Бiрақ ауызбiрлiк жетiспей тұр. Сондықтан бәтуаға келекiк, ағайын. Жұмылған жұдырықтай болып жауға аттанайық. Солай етсек қана жоңғарларды мынау жылан сияқты тұншықтырып, басын қыршып жұлып аламыз,”—деген сөз едi[1].
[1] Сүлейменов О. Над белыми реками... Стихи и проза.—Ташкент, 1970.