Қ.Жұмадiловтiң “Дарабоз” атты екi кiтаптан тұратын романы—қазақтың ХVIII ғасырдағы көне тарихының көмескi тұстарын қайта жаңғырта көрсетуге арналған шығарма. Романда жоңғарларға қарсы соғыстың даңқты қолбасшысы қаракерей Қабанбай батырдың өмiрi мен жорық жолдары әңгiме болады. Орталық бейне Қабанбай батыр бола тұрса да, автор тек соның төңiрегiмен ғана шектелмей, сол дәуiрдегi Абылай хан ордасы, оның iшкi-сыртқы саясатын, тарихта орны ерекше Төле, Қазыбек билердiң, Бұхар, Ақтамбердi жыраулардың, Бөгенбай, Шақшақ Жәнiбек, Баян сияқты батырлардың реалистiк бейнелерiн жасауға кұш салған.
Жазушы тарихи фактiлерге берiк сұйене отырып, тарихи тұлғалардың мiнездерiн диалектикалық ақиқатымен көрсеткен. Дарынды қолбасшы Қабанбай образын айшықтауда оған қатысты тарихи деректердi екшеп алып, шығарма композициясына шебер кiрiктiрген. Суреткер романында қаракерей Қабанбай батырдың қазақ халқының тарихындағы орнын айқындауды межелеген. Қазақтар ұшiн тәуелсiздiгiн жоғалту қаупi төнген дәл осы ауыр кезеңде тарихи аренаға Абылай келдi. Жеке басындағы ұйымдастырушылық қабiлет, саяси көрегендiлiк пен данышпандық, ерлiк және тағы басқа қасиеттерi, қазақтың аса ықпалды адамдарының қолдауы оны хан дәрежесiне кетередi. Абылайдың дербес қазақ хандығын бұтiн, тәуелсiз етiп ұстап тұруға бағытталған iстерi халықтың дуалы ауыз билерi мен ер жұрек батырларынсыз, қара халқынсыз жүзеге асуы мұмкiн емес едi. сондықтан да қаламгер Қабанбай бейнесiн сомдауда оны сол дәуiрдiң елеулi оқиғаларымен, тарихи тұлғаларымен сабақтастырған, Қабанбайдың шын аты—Ерасыл. Романда автор оның неге Қабанбай, Дарабоз аталу тарихына тоқталған.
Дилогияның негiзгi лейтмотивi—қазақ халқының елдiгi, егемендiгi. Осыны басшылыққа алған автор өз кейiпкерлерiнiң қайталанбас бейнесiн тартымды өрнектеуде бұл мәселеге ерекше назар аударған[1].
Қабдеш ЖҰмадiлов шығармашылығы туралы еңбектер:
1. Ақышев Н. Жаны кұйген халқының тағдырына. // Алматы ақшамы, 1990, 31 тамыз.
2. Майтанов Б. Тарих тағылымдары. // Қазақ әдебиетi, 1990, 17 тамыз.
3. Асқар О. Қабдештiң поэзиясы. // Қазақ әдебиетi, 1996, 23 көкек.
4. Нұрғали Р. Кемел кезең. // Егемен Қазақстан, 1996, 23 сәуiр.
5. Жұртбаев Т. Тағдырлы тұлға // Қазақ әдебиетi, 1996, 26 көкек.
6. Нұрмағанбетов Т. Көш бастау қиын ба, сөз бастау қиын ба? // Қазақ елi, 1996, 19 сәуiр.
7. Елеукенов Ш. Тәуелсiздiк жыршысы. // Қазақ тарихы, 1996, № 5.
8. Зәкенұлы Т. Қабдеш Жұмадiлов 60 жаста. // Ақжелкен, 1996, № 8.
9. Бердiбаев Р. Қазақ тарихи романы. Ғылым. Алматы, 1979.
10. Бердiбаев Р. Замана сазы: Зерттеу.-Алматы: Жазушы, 1985.
11. Бердiбаев Р. Тарихи роман. Алматы: 1997.
12. Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдiк құпиясы. Алматы, Санат, 2000.
13. Әшiмбаев С: Ақиқатқа iңкәрлiк. Әдебиет пен өнер жайлы толғау. Алматы, Ана тiлi, 1997.
14. Стиль сыры. Редакциясын басқарған академик М.Қ.Қаратаев. Алматы, Ғылым, 1974.
[1] А.Оспанов. Тарихи романды зерттеу // “Іазає тiлi мен ёдебиетi”, 1999, N4.