Романның екiншi тарауында кейбiр тұлғалар тереңдей тұседi. Нұрбектердiң сонау бiр қиын жылдарда Қытайға ауып келу, жолда азап көру оқиғасы әңгiмеленедi. Бұл тұста да Қанағат бидiң торыққандар мен тарыққандарға қамқорлық iсi айтылады. Ауылдағы кұнделiктi өмiр көрiнiстерi, Ұзақтың күлкiлi мiнездерi келтiрiледi. Қытайдың Шығыс Тұркiстанды жаулап алу тарихынан да мағлұматтар бар. Автордың суреттеп отырған ел өмiрi мен салт-санасын бiлетiндiгi әрдайым байқалады.
Шығарманың бұдан былайғы өрiстеуi автордың дала өмiрiн кезектестiрiп көрсету мақсатына орай. Тарбағатай елiнiң жаз жайлау суреттерi ұлкен сұйiспеншiлiкпен берiлген. Қаладан қайтқан Естай, Жолбарыстар көштiң, меймандостықтың, жайлаудың, алтыбақанның қызығын көредi, iңкәрлiк сезiмдерiне қорек iздейдi. Кейiпкерлер мiнез сыналар кұрделi тартысқа кездеспейдi, бейбiт өмiрдiң алаңсыз көрiнiстерi, жайлап аққан өзеннiң тыныш қозғалысы секiлдi тiршiлiк таныстырылады. Ұзақтың бақсы туралы айтқан әңгiмесi тұсында шығармаға жұрдек серпiн бiтедi. Бұл тұста Нұрбектiң бақсының өтiрiк айласын әшкерелеген бiр әрекетi ғана еске алынған. Естай мен Дүрия, Жолбарыс пен Зина араларындағы сырласулар кең баяндалған.
Дала қазағы осындай жайбарақат тiршiлiк кешiп жатқанда, аймақ орталығында кұштi өзгерiстер жоспарланып қояды. Оның жұргiзушiсi саяси басқарманың бастығы Лан-ке болады. Ол аймақтың партия комитетiнiң хатшысы, коммунистiк идеялар ұшiн адал кұрескер болуды көздейтiн, бiрақ иi жұмсақ Ли-хұнды айтқанына көндiрiп, шұғыл шараларға кiрiседi. Күнi кеше азаттық кұресiне қатысқандардың қаруын жинап алу, гоминданға қарсы соғыстың ерлерiн жиып, суретке тұсiрiп, өмiрбаяндарын тiзу секiлдi астары көрiнiп тұрған әрекеттер кұн тәртiбiне қойылады. Бұл, әрине, үлкен мәнi бар, езiлген ұлттар тағдырына тiкелей қатысты оқиға. Жергiлiктi ұлттардың сенiмiне ие болу, оларды бiрте-бiрте жалпы қытайлық саясат деңгейiне тарту жолын ұстайтын Ли-хұндар аз елдерге онша мәймөңкелеудi жаратпайтын, кұштiлiгiн iркiп тұрмайтын шовинист Лан-келердiң озбырлық қиянатын тоқтата алмайды. Сонымен, Тарбағатай елiнде өте тосын iстер жұргiзiлгенiн, төрт-бес жыл бұрын ғана гоминданды қуған қарудың жиылып алына бастағанын көремiз. Бұл—халыққа оңай түсiндiре алмастықтай, қалай сыпайыласаң да, түбi аңғарылып тұрған шешiм едi. Жұртшылықтың бұл саясатты қинала қабылдап, амалсыз көнгенi нанымды сыпатталған.[1].
[1] Р.Бердiбай. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997. 232-238 беттер.