ХХХV бөлім

18 Маусым 2013, 05:10

Қ.Жұмадiловтiң “Соңғы көш” романында Шығыс Тұркiстан халқының тарихындағы ең бiр аласапыран, алмағайып кезеңнiң шындығы суреттелген. Материалдың қомақтылығы, “дұниеде жұректi сыздатқан, айтпауға болмайтындай ерлiктер мен қасiреттер бар ғой” дегендей арман авторды ұзақ өрiстi шығарма жазуға жетелегенi сезiлiп-ақ тұр. “Соңғы көш” арқылы бiз қандай көркемдiк әлемге кездестiк, нендей соны тұлғалармен таныстық—мәселе осында. Кейiпкерлерге тiлдiк мiнездеме, даралық сипат беруге қабiлеттi екенiн автор шығарманың бастапқы тұсында-ақ байқатады. Кең ойлайтын Қанағат би, көршi ауылдан зәбiр көрiп көшкен, аз атадан шыққан тапқыр тiлдi Төлеубай, кұлдiргi кұйеу Ұзақ бейнелерi олардың сөз саптауларынан-ақ саралана тұседi. Мәселен, Төлеубай Қанағат биге өзiнiң қоныс аудару себебiн былайша тұсiндiредi. “Көрiнген жерге кұл төге берген жақсылық емес. Бiрақ мен де қайбiр жетiскеннен көшiп жұр дейсiң. Басқа тұскен пәледен қоян құсап қашып қҰтылатын халықпыз №ой ежелден… тiршiлiктiң тұбiне жетем деп жұргенде өзiмнiң зауал шағыма жетiппiн. Өлсем де орнықты жерге барып өлейiн деген оймен кәрi кеудемдi сұйретiп қасыңа келiп отырмын, қарағым” (10-11 беттер). Асылы Қ.Жұмадiлов жеке көрiнiстер арқылы салдарлы, жалпы мәнi бар құбылыстарды аңғартуға ұста. Аталас екi ру Қараменде мен Жұмықтоғыс арасындағы жанжал сахарада бейқам отырған елдi дұрбелеңге салады. Осы тұста бiрталай мiнездер байқалады. Сондай-ақ, қала маңында емханаға дайындалып жұрген Жолбарыс пен Естайдың өзара сөздерiнен көп нәрсе аңғарылып қалады. Шығыс Тұркiстан елiнiң бұдан былай тәуелсiздiктен айырылатыны екi жасқа да жат шешiмдей естiледi. Әсiресе, Шығыс Тұркiстанның азаттық ұшiн айқасына тiкелей араласқан Жолбарысқа бұл хабар ауыр тиедi. Ол Естай досына жұрекжарды арманын, өкiнiшiн ашып айтады… Шығармада аса мәндi оқиға—Шығыс Тұркiстан халықтарының өмiрiндегi ұлкен бiр кезең, олардың Қытай Халық Республикасы құрамына қамтылуы, бұның жұзеге асырылу жолдары, тұрлi қайшылықтар, армандар, байланыстар, тағдырлар тiзбегi көрсетiлген. Романның айтпақ аңсары мен көрсетпек қаһармандары көп болуы осыған байланысты. Шәуешекке Қытай Халық Армиясының келуi жергiлiктi халықтың бұған дейiнгi өмiр қалпы ендi қайта оралмайтынын ұқтырады. Өзара дауласып, шаһарға шапқыласып келген Төртауылдың екi рулы ел адамдары да мына өзгерiстi айтпай сезiп, аласапыран, үкiмет ауысып жатқан кезде дауларын тыңдатарға кiсi таппай, ақыры мәмлеге келiп тынады. Олардың ауыл арасындағы шағын дауы мынадай тосын тоғысу таласында тым елеусiз екенi рас едi.

Қ.Жұмадiловтiң “Соңғы көш” романында Шығыс Тұркiстан халқының тарихындағы ең бiр аласапыран, алмағайып кезеңнiң шындығы суреттелген. Материалдың қомақтылығы, “дұниеде жұректi сыздатқан, айтпауға болмайтындай ерлiктер мен қасiреттер бар ғой” дегендей арман авторды ұзақ өрiстi шығарма жазуға жетелегенi сезiлiп-ақ тұр.

“Соңғы көш” арқылы бiз қандай көркемдiк әлемге кездестiк, нендей соны тұлғалармен таныстық—мәселе осында.

Кейiпкерлерге тiлдiк мiнездеме, даралық сипат беруге қабiлеттi екенiн автор шығарманың бастапқы тұсында-ақ байқатады. Кең ойлайтын Қанағат би, көршi ауылдан зәбiр көрiп көшкен, аз атадан шыққан тапқыр тiлдi Төлеубай, кұлдiргi кұйеу Ұзақ бейнелерi олардың сөз саптауларынан-ақ саралана тұседi. Мәселен, Төлеубай Қанағат биге өзiнiң қоныс аудару себебiн былайша тұсiндiредi. “Көрiнген жерге кұл төге берген жақсылық емес. Бiрақ мен де қайбiр жетiскеннен көшiп жұр дейсiң. Басқа тұскен пәледен қоян құсап қашып қҰтылатын халықпыз №ой ежелден… тiршiлiктiң тұбiне жетем деп жұргенде өзiмнiң зауал шағыма жетiппiн. Өлсем де орнықты жерге барып өлейiн деген оймен кәрi кеудемдi сұйретiп қасыңа келiп отырмын, қарағым” (10-11 беттер).

Асылы Қ.Жұмадiлов жеке көрiнiстер арқылы салдарлы, жалпы мәнi бар құбылыстарды аңғартуға ұста. Аталас екi ру Қараменде мен Жұмықтоғыс арасындағы жанжал сахарада бейқам отырған елдi дұрбелеңге салады. Осы тұста бiрталай мiнездер байқалады. Сондай-ақ, қала маңында емханаға дайындалып жұрген Жолбарыс пен Естайдың өзара сөздерiнен көп нәрсе аңғарылып қалады. Шығыс Тұркiстан елiнiң бұдан былай тәуелсiздiктен айырылатыны екi жасқа да жат шешiмдей естiледi. Әсiресе, Шығыс Тұркiстанның азаттық ұшiн айқасына тiкелей араласқан Жолбарысқа бұл хабар ауыр тиедi. Ол Естай досына жұрекжарды арманын, өкiнiшiн ашып айтады…

Шығармада аса мәндi оқиға—Шығыс Тұркiстан халықтарының өмiрiндегi ұлкен бiр кезең, олардың Қытай Халық Республикасы құрамына қамтылуы, бұның жұзеге асырылу жолдары, тұрлi қайшылықтар, армандар, байланыстар, тағдырлар тiзбегi көрсетiлген. Романның айтпақ аңсары мен көрсетпек қаһармандары көп болуы осыған байланысты. Шәуешекке Қытай Халық Армиясының келуi жергiлiктi халықтың бұған дейiнгi өмiр қалпы ендi қайта оралмайтынын ұқтырады. Өзара дауласып, шаһарға шапқыласып келген Төртауылдың екi рулы ел адамдары да мына өзгерiстi айтпай сезiп, аласапыран, үкiмет ауысып жатқан кезде дауларын тыңдатарға кiсi таппай, ақыры мәмлеге келiп тынады. Олардың ауыл арасындағы шағын дауы мынадай тосын тоғысу таласында тым елеусiз екенi рас едi.

Бөлісу: