Татар халқының объективтi түрде сахара елi үшiн прогресшiл рөл атқарғаны да, олардың мешiт, медресе ашуға бастаушы болғаны, сауда кәсiбiн жүргiзулерi де (Рамазан, Шәнiшев т.б.) табиғи құбылыс ретiнде көрсетiлген. Сондай-ақ отырықшы ұйғыр халқы мен қазақтардың тағдырластығы сөз болып отырады. Шығарманың бас қаһарманы Демежанның өмiрiне өлiм қаупi төнгенде оны үйiнде жасырып, достық қолын созған ұйғыр Әсенажы болады. Аймақты билеп отырған маньчжур шонжары Ши-амбының бейнесi де нанымды мүсiнделген.
Романның орталық қаһарманы Демежан—әдебиетiмiзге қосылған жаңа толыққанды бейне екенi кәмiл. Шығарманың басынан аяғына дейiн қатысып отыратын бұл кейiпкердiң тұлғасы жан-жақты ашылған. Оның келбетi өзi қатарлас әкiмдерден, ел басшыларынан оқшау дараланып көрiнедi. Демежан халық тағдырын өз замандастарының бәрiнен де терең ойлайтын, дүниетанымы кең, ел мүддесiн жоғары қоя бiлетiн жан. Қытай мемлекетiнiң боданы болып отырған қазақ жұртының рухани есеюiне ол барлық ақыл, қайратын жұмсайды: елдi мөлшерсiз ауыр салықтардан арашалайды, егiншiлiк кәсiптi дамыту ұшiн әкiмдерден су сұрап, диханшылықты қолдайды, басымшылық көрсеткен халдайлардан кек алып бередi, әрбiр ауылдан мектеп аштырады, мешiт салдырады.
Бiрақ халқына осыншама пайдалы қызметiн сiңiрген Демежанның өмiрi трагедиямен, оның дарға асылуымен бiтедi. Мұның да өз заңдылығы бар нәрсе. Қазақ сияқты шашыранды, тұрмыстық таяныштары тегеурiндi емес, қауымдық негiздерi берiк қалыптасып болмаған отар елден шыққан қайраткердiң мұндай күйге душар болмауы мұмкiн емес едi. Еш заманда да ұстемдiк жұргiзiп отырған ел езiлген халықтың бас көтеруiн, одан ақылды, намысты, жiгерлi азаматтар шығуын қаламайды. Билеушiлерге жағымпаз, мансапқор, өз пайдасы ұшiн халқының мұддесiн сатып кететiндер анағұрлым тиiмдi болмақ.
Романда есте қаларлық тьартымды, нанымды бейнелер қатары ба. Демежанның әкесi Керiмбай, анасы Ажар, сұйген жары Бибi, егiншi Диханбай секiлдi әрқайсысы өз орнында “таныс-бейтаныс” болып шыққан тұлғаларды атап өтуге болады. Бiр кезде палуан атағы шыққан кейiннен баукеспе ұры болып, Демежанның қас дұшпанына айналған Байсерке, мансап үшiн жанын салатын Ысқақ, ежелден ел билеп келген төрелердiң барлық айла-амалын жұргiзiп отыратын Мамырбек, қазақтан шыққан саудагер Бабалық, орыс патшасының консулы Балкашин тәрiздi бейнелердiң дара келбеттерi есте қалады.
“Тағдыр” әдебиетiмiзде көтерiлмеген, тарихтану, халықтану ұшiн аса қажеттi тақырыптардың да мол екенiн өз тарапынан дәлелдейдi. Қазақтың төңкерiске дейiнгi өмiрiнiң айтылмаған сөздерi, ақтарылмаған қатпарлары мол екенi еске түседi[1].
[1] Р.Бердiбай. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997. 208-214 беттер.