ХХХІІІ бөлім

18 Маусым 2013, 05:08

Романда осы кезге дейiн көпшiлiк қауым бiле бермейтiн, архивтiң терең қоймаларында жасырулы жатқан бiрсыпыра зұлымдықтардың да бетi ашылған. Мәселен, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарындағы дүнген көтерiлiсiне қосылған қазақтардың кейiннен көп шығасыға душар болғаны, өз күшiмен халық қозғалысын баса алмайтынына көзi жеткен Шыңжаң билеушiлерiнiң патшалық Ресейден әскери көмек сұрағаны, Жетiсудан  барған Колпаковский қосындары азаттық сұрағандарды қан жоса қылып басып тастағаны, осы әскерлердiң көп уақыт сол өлкеде тұрып, Қытай империясына болысқаны әңгiмеленген. Сонымен қатар осы кезеңде Шыңжаңның байырғы тұрғындары дүнгендер мен ұйғырлардың бiрқаншасы қазақ жерiне көшiрiлгенi сөз болған. Шығармада қазақ қауымының өзi iшiндегi жаңалықтар мен өзгерiстердiң сипатын ашу мәселесiне де кең орын берiлген. Баянсыз көшпелi тiршiлiктiң аумалы-төкпелiлiгiн түсiнген озық ойлы жандардың отырықшылыққа, тұрақты қоныс-кент салуға, егiн егуге, диханшылыққа бейiмделуiн көрсететiн суреттер де баршылық. Қазақ елiнiң туысқан татар, ұйғыр халықтарымен мүдделестiгiн, мәдениетiнiң жақындығын бейнелейтiн оқиғалар да өзiндiк сонылық байқатады. Ауылдарда мектеп, медресе ашу, мешiт салу, сауда-саттық жүргiзу жайларын ойлайтын адамдардың құрамы да екшелiп шығады. Олар: Төртауыл елiнiң үкiрдайы Демежан, татар саудагерлерi Шәнiшев пен Ыбырай, егiншi Диханбай, қазақтың алғаш сауда жүргiзушiлерiнiң бiрi Бабалық, дамолда Ешен—Сейiт т.б. Бұлардың үстем халықтар арасында жұтылып кетпей, елдiң басын құрап тұруға өздерiнше әрекет жасағысы келетiндiктерi Ешен—Сейiттiң: “Өз тiзгiнiңдi бiреуге берiп, бiр патшалыққа бодан болған екенсiң, ендiгi күнде әркiм өзiнiң елдiгiн сақтап, азып-тозып кетпеудiң қамын ойлауы керек. Ол үшiн әр халықтың ұстанған дiнi, iлiм-бiлiмi, соны үйрететiн мешiт-медресесi болу шарт. Бұларсыз әрқандай қауым қараңғылық құрсауынан шыға алмай, дiнсiз жабайы тобырға айналмақ” (196-бет) деген сөздерiнен айқын танылады. Жазушы мемлекет iшiндегi әлеуметтiк топтардың ара жiгiн жақсы ажыратып талдай бiледi. Ол маньчжур билеушiлерiнiң зiл қыспағын қалың хансу-қытай халқының да көрiп отырғанын көп мысалдармен дәлелдейдi. Соншама көп халықтың азғана маньчжурдан жеңiлiп қалып, құлдыққа түсуiнiң тарихын бiлу де оқырманды жаңа деректермен байытады. Қарапайым қытай адамдарының бойындағы ұнамды қасиеттер: еңбекшiлдiк, кiшiпейiлдiлiк, қанағатшылдық, қайырымдылық Ли-Шаңсын бейнесi арқылы нанымды ашылғанын атап өту керек.

Романда осы кезге дейiн көпшiлiк қауым бiле бермейтiн, архивтiң терең қоймаларында жасырулы жатқан бiрсыпыра зұлымдықтардың да бетi ашылған. Мәселен, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарындағы дүнген көтерiлiсiне қосылған қазақтардың кейiннен көп шығасыға душар болғаны, өз күшiмен халық қозғалысын баса алмайтынына көзi жеткен Шыңжаң билеушiлерiнiң патшалық Ресейден әскери көмек сұрағаны, Жетiсудан  барған Колпаковский қосындары азаттық сұрағандарды қан жоса қылып басып тастағаны, осы әскерлердiң көп уақыт сол өлкеде тұрып, Қытай империясына болысқаны әңгiмеленген. Сонымен қатар осы кезеңде Шыңжаңның байырғы тұрғындары дүнгендер мен ұйғырлардың бiрқаншасы қазақ жерiне көшiрiлгенi сөз болған.

Шығармада қазақ қауымының өзi iшiндегi жаңалықтар мен өзгерiстердiң сипатын ашу мәселесiне де кең орын берiлген. Баянсыз көшпелi тiршiлiктiң аумалы-төкпелiлiгiн түсiнген озық ойлы жандардың отырықшылыққа, тұрақты қоныс-кент салуға, егiн егуге, диханшылыққа бейiмделуiн көрсететiн суреттер де баршылық. Қазақ елiнiң туысқан татар, ұйғыр халықтарымен мүдделестiгiн, мәдениетiнiң жақындығын бейнелейтiн оқиғалар да өзiндiк сонылық байқатады. Ауылдарда мектеп, медресе ашу, мешiт салу, сауда-саттық жүргiзу жайларын ойлайтын адамдардың құрамы да екшелiп шығады. Олар: Төртауыл елiнiң үкiрдайы Демежан, татар саудагерлерi Шәнiшев пен Ыбырай, егiншi Диханбай, қазақтың алғаш сауда жүргiзушiлерiнiң бiрi Бабалық, дамолда Ешен—Сейiт т.б. Бұлардың үстем халықтар арасында жұтылып кетпей, елдiң басын құрап тұруға өздерiнше әрекет жасағысы келетiндiктерi Ешен—Сейiттiң: “Өз тiзгiнiңдi бiреуге берiп, бiр патшалыққа бодан болған екенсiң, ендiгi күнде әркiм өзiнiң елдiгiн сақтап, азып-тозып кетпеудiң қамын ойлауы керек. Ол үшiн әр халықтың ұстанған дiнi, iлiм-бiлiмi, соны үйрететiн мешiт-медресесi болу шарт. Бұларсыз әрқандай қауым қараңғылық құрсауынан шыға алмай, дiнсiз жабайы тобырға айналмақ” (196-бет) деген сөздерiнен айқын танылады.

Жазушы мемлекет iшiндегi әлеуметтiк топтардың ара жiгiн жақсы ажыратып талдай бiледi. Ол маньчжур билеушiлерiнiң зiл қыспағын қалың хансу-қытай халқының да көрiп отырғанын көп мысалдармен дәлелдейдi. Соншама көп халықтың азғана маньчжурдан жеңiлiп қалып, құлдыққа түсуiнiң тарихын бiлу де оқырманды жаңа деректермен байытады. Қарапайым қытай адамдарының бойындағы ұнамды қасиеттер: еңбекшiлдiк, кiшiпейiлдiлiк, қанағатшылдық, қайырымдылық Ли-Шаңсын бейнесi арқылы нанымды ашылғанын атап өту керек.

Бөлісу: