ХХХ бөлім

18 Маусым 2013, 05:02

Жазушы Шерхан Мұртазаның “Қызыл жебе” (1978) романы Тұрар Рысқұлов жайында жоспарлаған үлкен туындысының бiрiншi бөлiмi… Ең негiзгi жетiстiк деп бiз жазушының объективтiк өмiр шындығын адамдардың мiнез даралығымен сәйкестiкте көрсете бiлу шеберлiгiнiң артуын айтар едiк. Автордың бұдан кейiн жазылған повестерiне, “Қара маржан” романына қарағанда, қалам сiлтесi анағұрлым ширай түскенiн аңғарамыз. Соның нәтижесiнде “Қызыл жебе” революциялық дәуiрдiң ең өзектi мәселесi – әлеуметтiк теңсiздiктiң түп тамырларын ашарлық, сол кезде жасаған адамдардың iс-әрекетiн, аңсарын, үмiтiн елестетерлiк туынды болып шыққан. Бiрiншi кiтапта Тұрар Рысқұлов негiзгi қаһарман сипатында көрiнбесе де, оның мiнезiн, дүниетанымын белгiлеген сан алуан оқиғалар, болашақ күрескердiң жастай алған өмiр сабақтары кең әңгiмеленген. Оның есесiне, өте күрделi бейне – Рысқұлдың тұлғасы жан-жақты сипатталған. “Қызыл жебенiң” оқиғалық “сүйегi” де күрделi. Мұнда… Дауылбай сынды жергiлiктi әкiмдердiң озбырлығына төзе бергiсi келмей, сонау Түлкiбастан, Ақсу – Жабағылы жерiнен Жетiсуға, оның iшiнде Талғар маңына көшiп келген аз үйлi кедей ауыл Сәлiк – Шiлмембет – Шымырдың, сол ауылдың бас көтерер батыры РысқҮлдың тағдыры айтылады. Бөтен руға кiрме болған аз, кедей атаның етi тiрi азаматтарының қолы есеге тимейтiнi, әрдайым күштiлердiң мазағына ұшырайтыны ежелден аян. Қазақ қоғамының рулық қарым-қатынастарымен перделенген “бүтiндiгi” дәл осындай тұстарда өзiнiң қатал шындығын бүкпесiз байқататын. Кедей ауылдың пысық жiгiтi жуан рулардың бай, болыс, билерiнiң атарман-шабарманы болып қана күн көретiн. Дәл осындай типтiк жағдай “Қызыл жебе” романының оқиғалық-татыстық негiзiн құрайды. Жер ауып келген аз ауылдың адамы Рысқұл жаңа қонысқа келiсiмен Саймасай болыстың жұмсауымен өзi қаламаған ұрлық-қарлық iстерге араласады. Рысқұл Саймасайдан бойын қанша аулаққа салғысы келсе де, кедейлiк, мұқтаждық аяғын жаздырмайды, қайта айналып, амалсыздан болыстың тұзағына түсе бередi. Мiне, осындай оқиғаның бiрi – Рысқұлдың Саймасай болыстың жұмсауымен Тұқымбай байдың елден асқан жүйрiк аты – Қызыл жебенi ұрлауы болады. Мұндай әйгiлi атты ұрлау – орасан үлкен тартыс тудырарлық әрекет. Қызыл жебенiң дауынан құтылу үшiн, Саймасай опасыздық жасап, жаламен Рысқұлды түрмеге қаматады, ауылдастарын азапқа салдырады. Iшiнде кегi мен намысы шемен боп қатқан Рысқұл түрмеден қашып шығып, Албаннан жас тоқал алып келе жатқан Саймасайды атып өлтiредi. Мұның аяғы Сәлiк – Шiлмембет ауылының адам айтқысыз қорлыққа, Рысқұлдың жалғыз ұлы Тұрардың өлiм қаупiне ұшырауына ұласады. Ақырында, Рысқұл өз аяғымен барып, түрмеге қайта жатады, губернаторға арыз жазып, баласын қасына алдырады, тергелiп он жылға каторгаға кесiледi. Осы оқиғалық желi түрмеде жатқан Рысқұлдың бiрде кең пейiлдi орыс адамы, Бронниковке, ендi бiрде баласы Тұрарға айтқан әңгiмесi тәрiзденiп берiлген. Рысқұлдың түрмедегi ахуалы мен өзiнiң тұрған жерi Түлкiбастан Талғарға қандай себеппен келгенi, мұндағы өмiрi, Қызыл жебе ұрлануға байланысты оқиғалар тiзбегi кезектестiрiле айтылған. Суреткердiң ысылған шеберлiгi “оқиғаны сыйғызу” тәсiлiнен, көркем бейнелеудiң ретроспективтiк амалын ұтымды қолдануынан көрiнедi. Көп жайларды баяндау бас қаһарманның iшкi әлемiн ашатын психологиялық талдаумен ұштасып, қызғылықты қиюласқан. Олпы-солпысыз күрделi композиция авторлық аңсарды да, өмiр материалын да еркiн қамтуға мүiкiндiк берген. Шығармадан ескi өмiрдiң шындығын, түрлi адамдар бейнесiн табамыз. Бiр жағында өжет ер, бүкiл өмiрiн қуғын, азапта өткiзген Рысқұл, оның баласы Тұрар, Сәлiк – Шiлмембет ауылының ақсақалдары Ақат, Рысқұлдың түрмеде жолықтырған орыс досы Бронников, қиын шақта жәрдемiн аямаған Қара Ивандар тобы көрiнiс берсе, екiншi шоғырда түлкiбастық болыс Дауылбай, Талғардың болысы Сайсамай, оның жауыз шабарманы Таубай, түрме бастығы Приходько, бай Тұқымбай тәрiздiлер бар. Бұлардың көбi, сөз жоқ, өздерiне тән мiнез қырларымен елес бередi. “Қызыл жебе” тарихи-революциялық эпосты байытатын туындының бiрi деп қараймыз /Р.Бердiбай. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997. 228-231 беттер/.

Жазушы Шерхан Мұртазаның “Қызыл жебе” (1978) романы Тұрар Рысқұлов жайында жоспарлаған үлкен туындысының бiрiншi бөлiмi…

Ең негiзгi жетiстiк деп бiз жазушының объективтiк өмiр шындығын адамдардың мiнез даралығымен сәйкестiкте көрсете бiлу шеберлiгiнiң артуын айтар едiк. Автордың бұдан кейiн жазылған повестерiне, “Қара маржан” романына қарағанда, қалам сiлтесi анағұрлым ширай түскенiн аңғарамыз. Соның нәтижесiнде “Қызыл жебе” революциялық дәуiрдiң ең өзектi мәселесi – әлеуметтiк теңсiздiктiң түп тамырларын ашарлық, сол кезде жасаған адамдардың iс-әрекетiн, аңсарын, үмiтiн елестетерлiк туынды болып шыққан. Бiрiншi кiтапта Тұрар Рысқұлов негiзгi қаһарман сипатында көрiнбесе де, оның мiнезiн, дүниетанымын белгiлеген сан алуан оқиғалар, болашақ күрескердiң жастай алған өмiр сабақтары кең әңгiмеленген. Оның есесiне, өте күрделi бейне – Рысқұлдың тұлғасы жан-жақты сипатталған.

“Қызыл жебенiң” оқиғалық “сүйегi” де күрделi. Мұнда… Дауылбай сынды жергiлiктi әкiмдердiң озбырлығына төзе бергiсi келмей, сонау Түлкiбастан, Ақсу – Жабағылы жерiнен Жетiсуға, оның iшiнде Талғар маңына көшiп келген аз үйлi кедей ауыл Сәлiк – Шiлмембет – Шымырдың, сол ауылдың бас көтерер батыры РысқҮлдың тағдыры айтылады. Бөтен руға кiрме болған аз, кедей атаның етi тiрi азаматтарының қолы есеге тимейтiнi, әрдайым күштiлердiң мазағына ұшырайтыны ежелден аян. Қазақ қоғамының рулық қарым-қатынастарымен перделенген “бүтiндiгi” дәл осындай тұстарда өзiнiң қатал шындығын бүкпесiз байқататын. Кедей ауылдың пысық жiгiтi жуан рулардың бай, болыс, билерiнiң атарман-шабарманы болып қана күн көретiн. Дәл осындай типтiк жағдай “Қызыл жебе” романының оқиғалық-татыстық негiзiн құрайды. Жер ауып келген аз ауылдың адамы Рысқұл жаңа қонысқа келiсiмен Саймасай болыстың жұмсауымен өзi қаламаған ұрлық-қарлық iстерге араласады. Рысқұл Саймасайдан бойын қанша аулаққа салғысы келсе де, кедейлiк, мұқтаждық аяғын жаздырмайды, қайта айналып, амалсыздан болыстың тұзағына түсе бередi. Мiне, осындай оқиғаның бiрi – Рысқұлдың Саймасай болыстың жұмсауымен Тұқымбай байдың елден асқан жүйрiк аты – Қызыл жебенi ұрлауы болады. Мұндай әйгiлi атты ұрлау – орасан үлкен тартыс тудырарлық әрекет. Қызыл жебенiң дауынан құтылу үшiн, Саймасай опасыздық жасап, жаламен Рысқұлды түрмеге қаматады, ауылдастарын азапқа салдырады. Iшiнде кегi мен намысы шемен боп қатқан Рысқұл түрмеден қашып шығып, Албаннан жас тоқал алып келе жатқан Саймасайды атып өлтiредi. Мұның аяғы Сәлiк – Шiлмембет ауылының адам айтқысыз қорлыққа, Рысқұлдың жалғыз ұлы Тұрардың өлiм қаупiне ұшырауына ұласады. Ақырында, Рысқұл өз аяғымен барып, түрмеге қайта жатады, губернаторға арыз жазып, баласын қасына алдырады, тергелiп он жылға каторгаға кесiледi.

Осы оқиғалық желi түрмеде жатқан Рысқұлдың бiрде кең пейiлдi орыс адамы, Бронниковке, ендi бiрде баласы Тұрарға айтқан әңгiмесi тәрiзденiп берiлген. Рысқұлдың түрмедегi ахуалы мен өзiнiң тұрған жерi Түлкiбастан Талғарға қандай себеппен келгенi, мұндағы өмiрi, Қызыл жебе ұрлануға байланысты оқиғалар тiзбегi кезектестiрiле айтылған. Суреткердiң ысылған шеберлiгi “оқиғаны сыйғызу” тәсiлiнен, көркем бейнелеудiң ретроспективтiк амалын ұтымды қолдануынан көрiнедi. Көп жайларды баяндау бас қаһарманның iшкi әлемiн ашатын психологиялық талдаумен ұштасып, қызғылықты қиюласқан. Олпы-солпысыз күрделi композиция авторлық аңсарды да, өмiр материалын да еркiн қамтуға мүiкiндiк берген.

Шығармадан ескi өмiрдiң шындығын, түрлi адамдар бейнесiн табамыз. Бiр жағында өжет ер, бүкiл өмiрiн қуғын, азапта өткiзген Рысқұл, оның баласы Тұрар, Сәлiк – Шiлмембет ауылының ақсақалдары Ақат, Рысқұлдың түрмеде жолықтырған орыс досы Бронников, қиын шақта жәрдемiн аямаған Қара Ивандар тобы көрiнiс берсе, екiншi шоғырда түлкiбастық болыс Дауылбай, Талғардың болысы Сайсамай, оның жауыз шабарманы Таубай, түрме бастығы Приходько, бай Тұқымбай тәрiздiлер бар. Бұлардың көбi, сөз жоқ, өздерiне тән мiнез қырларымен елес бередi. “Қызыл жебе” тарихи-революциялық эпосты байытатын туындының бiрi деп қараймыз /Р.Бердiбай. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997. 228-231 беттер/.

Бөлісу: