XXIX бөлім

18 Маусым 2013, 05:02

Шерхан Мұртаза /1932/ (28.9.1932 ж.т., Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты селосы) – жазушы, ҚР мемлекеттiк сыйлығының иегерi (1978), Қазақстанның халық жазушысы (1992), ҚР-ның еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi (1984). МГУ-дi бiтiрген (1955). 1955-56 ж. Қазақ мемлекеттiк көркем әдебиет баспасында, 1956-70 ж. “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас алаш”), 1960-63 ж. “Социалистiк Қазақстан” (қазiргi “Егемен Қазақстан”) газеттерiнде тiлшi, әдеби қызметкер, редактор, 1970-72 ж. “Жазушы” баспасын жанындағы Балалар мен жастар әдебиетi бас редакциясының және “Жалын” альманағының бас ердакторы, 1972-75 ж. “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975-80 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-секретары. 1980-89 ж. “Қазақ әдебиетi” газетiнiң бас редакторы. 1989-92 ж. “Егемен Қазақстан” газетiнiң бас редакторы. 1992-94 ж. “Қазақстан” мемлекеттiк телерадио компаниясының төрағасы. 1995 жылдан шығармашылық жолын студент кезiнде Л.Лагиннiң “Хоттабыч қарт”, М.Кәрiмнiң “Бiздiң үйдiң қуанышы” шығармаларын қазақшаға аударумен бастады. Ал тұңғыш кiтабы – “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 ж. жарық көрдi. Қазiргi замандас бейнесi, Отан соғысы жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегiн баяндаған “Табылған теңiз” (1963), “Бұлтсыз күнгi найзағай” (1965), “Белгiсiз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келiншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973) повесть, “Интернат наны” (1974) әңгiмелер жинақтарының авторы. Өндiрiстiң дамуы жөнiнде, адам атаулыға қамқорлық, табиғатты қорғау туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-зерттеу революция проблемаларын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекеттiк сыйлығы – 1978) романы, мемлекет қайраткерi Т.Рысқұловтың өмiрiне арналған “Қызыл жебе” (1-2 кiтап – 1980, 3-кiтап “Жұлдызды көпiр” – 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бiрге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудiң хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г.Х.Андерсеннiң, венгр халық ертегiлерiн, Ш.Айтматовтың “Ботакөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңiз жағалап жүрген тарғыл төбет” повестерiн, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тiлiне аударған. Қазiргi заманның, қоғамдық өмiрдiң маңызды мәселелерiн, ел, жер, ана тiлi мәселелерiн көтеретiн көптеген мақала-эсселер жазды. “Құрмет Белгiсi” орденiмен және медальдармен марапатталған. Орта Азия мен Қазақстан хлықтары арасынан жарқ етiп шыққан, елiмiзде кеңестiк құрылысты қалыптастыру үшiн өмiрiн сарп еткен көрнектi қайраткерлердiң бiрi – Тұрар Рысқұлов. Оның Үмытылмас елеулi қызметi соңғы он шақты жылда өзiнiң әдiл бағасын ала бастады, жұртшылық қазақтың ардагер азаматының еңбектерiмен танысуға мүмкiндiк алды. Тұрар Рысқұлов революция заманы биiкке көтерген нағыз халықтық тұлға екенiн дәлелдейтiн деректер жарық көрiп келедi.  

Шерхан Мұртаза

/1932/

(28.9.1932 ж.т., Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты селосы) – жазушы, ҚР мемлекеттiк сыйлығының иегерi (1978), Қазақстанның халық жазушысы (1992), ҚР-ның еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi (1984). МГУ-дi бiтiрген (1955). 1955-56 ж. Қазақ мемлекеттiк көркем әдебиет баспасында, 1956-70 ж. “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас алаш”), 1960-63 ж. “Социалистiк Қазақстан” (қазiргi “Егемен Қазақстан”) газеттерiнде тiлшi, әдеби қызметкер, редактор, 1970-72 ж. “Жазушы” баспасын жанындағы Балалар мен жастар әдебиетi бас редакциясының және “Жалын” альманағының бас ердакторы, 1972-75 ж. “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975-80 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-секретары. 1980-89 ж. “Қазақ әдебиетi” газетiнiң бас редакторы. 1989-92 ж. “Егемен Қазақстан” газетiнiң бас редакторы. 1992-94 ж. “Қазақстан” мемлекеттiк телерадио компаниясының төрағасы. 1995 жылдан шығармашылық жолын студент кезiнде Л.Лагиннiң “Хоттабыч қарт”, М.Кәрiмнiң “Бiздiң үйдiң қуанышы” шығармаларын қазақшаға аударумен бастады. Ал тұңғыш кiтабы – “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 ж. жарық көрдi. Қазiргi замандас бейнесi, Отан соғысы жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегiн баяндаған “Табылған теңiз” (1963), “Бұлтсыз күнгi найзағай” (1965), “Белгiсiз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келiншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973) повесть, “Интернат наны” (1974) әңгiмелер жинақтарының авторы. Өндiрiстiң дамуы жөнiнде, адам атаулыға қамқорлық, табиғатты қорғау туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-зерттеу революция проблемаларын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекеттiк сыйлығы – 1978) романы, мемлекет қайраткерi Т.Рысқұловтың өмiрiне арналған “Қызыл жебе” (1-2 кiтап – 1980, 3-кiтап “Жұлдызды көпiр” – 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бiрге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудiң хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г.Х.Андерсеннiң, венгр халық ертегiлерiн, Ш.Айтматовтың “Ботакөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңiз жағалап жүрген тарғыл төбет” повестерiн, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тiлiне аударған. Қазiргi заманның, қоғамдық өмiрдiң маңызды мәселелерiн, ел, жер, ана тiлi мәселелерiн көтеретiн көптеген мақала-эсселер жазды. “Құрмет Белгiсi” орденiмен және медальдармен марапатталған.

Орта Азия мен Қазақстан хлықтары арасынан жарқ етiп шыққан, елiмiзде кеңестiк құрылысты қалыптастыру үшiн өмiрiн сарп еткен көрнектi қайраткерлердiң бiрi – Тұрар Рысқұлов. Оның Үмытылмас елеулi қызметi соңғы он шақты жылда өзiнiң әдiл бағасын ала бастады, жұртшылық қазақтың ардагер азаматының еңбектерiмен танысуға мүмкiндiк алды. Тұрар Рысқұлов революция заманы биiкке көтерген нағыз халықтық тұлға екенiн дәлелдейтiн деректер жарық көрiп келедi.

 

Бөлісу: