XIX бөлім

18 Маусым 2013, 04:53

Тахауи Ахтанов /1923-1998/   (25.10.1923 жылы туылған, Ақтөбе облысы, Қарабұтақ селосы, – 1998, Алматы қаласы) – жазушы, драматург. Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университеттiн оқып жүрiп, Отан соғысына аттанған (1941). Майдан газетiнде бiраз өлеңдер жариялаған. 1948-51 ж. Қазақтың мемлекеттiк бiрiккен баспаханасында редактор, бөлiм меңгерушiсi, 1951-53 ж. “Қазақфильм” киностудиясының сценарий бөлiмiнiң бастығы. 1953-54 ж. “Әдебиет және искусство” журналының редакторы. 1954-55 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы. 1955-57 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлiмшесiнiң жауапты хатшысы. 1957-58 ж. ҚазМин. Кеңесi жанындағы көркемөнер басқармасының бастығы, 1971-72 ж. “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975-84 ж. ҚазССР Мемлекеттiк кiтап палатасының директоры қызметтерiн атқарады. КСРО Жазушылар Одағы басқармасының (1966), Қазақстан Жазушылар одағы президиумының (1955) мүшесi болған. Соғыстан кейiнгi оның өлеңдерi “Жастар даусы” атты коллектив жинаққа кiредi. 1956 жылы жазушының атын кеңiнен танытқан “Қаһарлы күндер” романы басылып шығады. БҮл кiтап кейiннен қазақ, орыс, немiс, ТМД елдерi тiлдерiне және ГДР-де бiрнеше рет басылып шықты. Романда қазақ жауынгерлерiнiң Отан соғысының қиын-қыстау кезiнде басынан кешiрген iстер шынайы бейнелендi. Жазушының “Махаббат мұңы” (1960), “Дала сыры” (1963), “Боран” (1966), “Шырағың сөнбесiн” (1973) атты әңгiме, повесть, романдары жарық көрдi. “Боран” атты романы үшiн оған 1966 жылы Қазақ ССР-iнiң Абай атындағы Мемлекеттiк сыйлығы берiлдi. Бұл роман немiс (1965), парсы (1967) тiлдерiне аударылды. Шығармада Құспан секiлдi қарапайым еңбек адамының бейнесi терең де нәзiк, бар болмысымен, қалың қыртысымен жан-жақты, психологиялық тұрғыдан көрiнiс таба бiлдi. Сол себептi де бұл роман қазақ әдебиетiндегi кейiпкердiң бейнесiн iшкi жан дүниесi, сезiм құбылысы арқылы аша бiлген психологиялық шығарма болып табылады. Соңғы туындысы “Шырағың сөнбесiн” роман-дилогиясында жазушы соғыс тақырыбына тағы да оралады. Жазушы прозалық шығармалар жазумен бiрге көптеген драмалардың да авторы: бiрсыпыра аудармалар жасап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзедi; әдебиеттiң сынына араласты. Бiр актылы пьесаларын атамағанның өзiнде ол республика, облыстық театрлардың сахналарында жиi қойылып жүрген “Сәуле”, “Боран”, “Күтпеген кездесу”, “Махаббат мұңы”, “Әке мен бала”, “Ант”, “Жоғалған дос” драмаларын және “Күшiк күйеу” комедиясын жазды. “Сәуле”, “Боран”, “Ант” пьесалары М.Әуезов атындағы қазақтың академиялық драма театрында қойылып, жұртшылықтың зор iлтипатына ие болды. “Ғабит Мүсiрепов” (1956) атты әдеби-сын очеркi мен “Керуен” (1969), “Көкейтестi” (1980) сын мақалалары кiтаптарында туған әдебиетiмiз хақындағы ой-толғаныстарын ортаға салады. Қаламгер А.С.Пушкиннiң “Алтын әтеш туралы ертегi”, А.Толстойдың “Азапты сапарда” трилогиясын, С.Бабаевскийдiң “Алтын жұлдызды жiгiт” романын, И.С.Тургеневтiң, А.М.Горький т.б. әңгiмелерiн тәржiмалап, қазақ оқырмандарының игiлiгiне айналдырды. Әдебиет сыны саласында “Ғ.Мүсiрепов” (1956), “Керуен” (1969), “Кекөйкестi” (1980) кiтаптары жарық көрген. Т.Ахтанов – көркем проза мен драматургия саласында елеулi еңбек еткен жазушы. “Қаһарлы күндер”, “Махаббат мұңы” (1960), “Дала сыры” (1963) және “Сәуле”, “Боран”, “Күтпеген кездесу”, “Махаббат мұңы”, “Ант”, “Шырағың сөнбесiн” сияқты драмалық шығармалар жариялаған. “Боран” романы үшiн Абай атындағы мемлекеттiк сыйлыққа ие болды. Т.Ахтанов шығармалары орыс, немiс, парсы, түрiк, т.б. шет ел тiлдерiне аударылған. Жазушының 1974 жылы екi томдық таңдамалысы, 1983-85 ж. бес томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Т.Ахтанов бiрнеше рет орденмен, медальдармен марапатталған.  

Тахауи Ахтанов

/1923-1998/

 

(25.10.1923 жылы туылған, Ақтөбе облысы, Қарабұтақ селосы, – 1998, Алматы қаласы) – жазушы, драматург. Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университеттiн оқып жүрiп, Отан соғысына аттанған (1941). Майдан газетiнде бiраз өлеңдер жариялаған. 1948-51 ж. Қазақтың мемлекеттiк бiрiккен баспаханасында редактор, бөлiм меңгерушiсi, 1951-53 ж. “Қазақфильм” киностудиясының сценарий бөлiмiнiң бастығы. 1953-54 ж. “Әдебиет және искусство” журналының редакторы. 1954-55 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы. 1955-57 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлiмшесiнiң жауапты хатшысы. 1957-58 ж. ҚазМин. Кеңесi жанындағы көркемөнер басқармасының бастығы, 1971-72 ж. “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975-84 ж. ҚазССР Мемлекеттiк кiтап палатасының директоры қызметтерiн атқарады. КСРО Жазушылар Одағы басқармасының (1966), Қазақстан Жазушылар одағы президиумының (1955) мүшесi болған. Соғыстан кейiнгi оның өлеңдерi “Жастар даусы” атты коллектив жинаққа кiредi. 1956 жылы жазушының атын кеңiнен танытқан “Қаһарлы күндер” романы басылып шығады. БҮл кiтап кейiннен қазақ, орыс, немiс, ТМД елдерi тiлдерiне және ГДР-де бiрнеше рет басылып шықты. Романда қазақ жауынгерлерiнiң Отан соғысының қиын-қыстау кезiнде басынан кешiрген iстер шынайы бейнелендi. Жазушының “Махаббат мұңы” (1960), “Дала сыры” (1963), “Боран” (1966), “Шырағың сөнбесiн” (1973) атты әңгiме, повесть, романдары жарық көрдi. “Боран” атты романы үшiн оған 1966 жылы Қазақ ССР-iнiң Абай атындағы Мемлекеттiк сыйлығы берiлдi. Бұл роман немiс (1965), парсы (1967) тiлдерiне аударылды. Шығармада Құспан секiлдi қарапайым еңбек адамының бейнесi терең де нәзiк, бар болмысымен, қалың қыртысымен жан-жақты, психологиялық тұрғыдан көрiнiс таба бiлдi. Сол себептi де бұл роман қазақ әдебиетiндегi кейiпкердiң бейнесiн iшкi жан дүниесi, сезiм құбылысы арқылы аша бiлген психологиялық шығарма болып табылады. Соңғы туындысы “Шырағың сөнбесiн” роман-дилогиясында жазушы соғыс тақырыбына тағы да оралады. Жазушы прозалық шығармалар жазумен бiрге көптеген драмалардың да авторы: бiрсыпыра аудармалар жасап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзедi; әдебиеттiң сынына араласты. Бiр актылы пьесаларын атамағанның өзiнде ол республика, облыстық театрлардың сахналарында жиi қойылып жүрген “Сәуле”, “Боран”, “Күтпеген кездесу”, “Махаббат мұңы”, “Әке мен бала”, “Ант”, “Жоғалған дос” драмаларын және “Күшiк күйеу” комедиясын жазды. “Сәуле”, “Боран”, “Ант” пьесалары М.Әуезов атындағы қазақтың академиялық драма театрында қойылып, жұртшылықтың зор iлтипатына ие болды. “Ғабит Мүсiрепов” (1956) атты әдеби-сын очеркi мен “Керуен” (1969), “Көкейтестi” (1980) сын мақалалары кiтаптарында туған әдебиетiмiз хақындағы ой-толғаныстарын ортаға салады. Қаламгер А.С.Пушкиннiң “Алтын әтеш туралы ертегi”, А.Толстойдың “Азапты сапарда” трилогиясын, С.Бабаевскийдiң “Алтын жұлдызды жiгiт” романын, И.С.Тургеневтiң, А.М.Горький т.б. әңгiмелерiн тәржiмалап, қазақ оқырмандарының игiлiгiне айналдырды. Әдебиет сыны саласында “Ғ.Мүсiрепов” (1956), “Керуен” (1969), “Кекөйкестi” (1980) кiтаптары жарық көрген. Т.Ахтанов – көркем проза мен драматургия саласында елеулi еңбек еткен жазушы. “Қаһарлы күндер”, “Махаббат мұңы” (1960), “Дала сыры” (1963) және “Сәуле”, “Боран”, “Күтпеген кездесу”, “Махаббат мұңы”, “Ант”, “Шырағың сөнбесiн” сияқты драмалық шығармалар жариялаған. “Боран” романы үшiн Абай атындағы мемлекеттiк сыйлыққа ие болды. Т.Ахтанов шығармалары орыс, немiс, парсы, түрiк, т.б. шет ел тiлдерiне аударылған. Жазушының 1974 жылы екi томдық таңдамалысы, 1983-85 ж. бес томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Т.Ахтанов бiрнеше рет орденмен, медальдармен марапатталған.

 

Бөлісу: