XVII бөлім

18 Маусым 2013, 04:51

“Алтын Орда” трилогиясында жазушы Қ.Есенберлин тарихымыздың бетi ашылмай жатқан үлкен кезеңiн шежiрелеп берген. Атап айтқанда, мұнда ХIII-ХIV-ХV ғасырларда әйгiлi мемлекет болған Алтын Орданың саяси әлеуметтiк, халықаралық, мәдени халi кеңiнен баяндалған. Алтын Орданың тарихын, саяси жағдайын сөз еткен еңбектiң мүлде аздығын, ал көркем шығарманың жоққа тән екендiгiн есте тұтсақ, сөз болып отырған трилогия олқының орнын толтырарлық құбылыс деп түсiнемiз. Рас, Алтын Ордаға қатысты оқиғалар жайында орыс жазушыларының ертелi-кештi жазып қалдырған еңбектерi бар. Бiрақ тұтас бiр мемлекеттiң қалыптасу, шырқау шегiне жету, құлдырауға бет алу жолын мол қамтыған бiрегей туынды осы десек, артық айтылғандық болмас. Бұл романдарда тек Алтын Орда ғана емес, сол кездегi Ресейдiң, Қырымның, Кавказдың, Мауереннахр мен Иранның оқиғалары да белгiлi дәрежеде қамтылып отырады. Аты-жөнi шежiрелерде, аңыздарда ғана сақталған қаншама адамдардың нақтылы iс-әрекетiн, үмiт-арманын танимыз. Алтын Орда хандығын орнатқан Бату, Беркерлерден бастап жүз жылға жуақ уақыттың оқиғалары бiрiншi кiтап көлемiнде айтылса, Өзбек ханнан Орысхан, Әмiр Темiрлерге дейiнгi iстер екiншi кiтапта әңгiмеленедi, Алтын Орданың ең соңғы қуатты дәуiрi, тарихи аренаға Тоқтамыс, Едiгелер шыққан, олардың өзара қырқыстары бұрынғы айбарлы мемлекеттi әлсiрете бастаған кезеңнiң шындығы үшiншi кiтап бойында баяндалады. Атап өтерлiк бiр нәрсе сол – трилогияда тек хандардың қаталдығы, үздiксiз соғыстары, бейбiт елдiң берекесiн алып, шаруашылығын күйзелткенi ғана емес, қарапайым халықтың күштiлерге қарсы ауық-ауық жүргiзген күрестерi де, қалың елдiң зорлыққа деген iште тұнған наразылығы да көрiнiс берген… Трилогияда Алтын Орданы билеушiлердiң тiзбегi хронологиялық дәл қалыпнда берiлген. Олардың iс-әрекетi, көздеген нысанасы түрлiше болып келедi. Мәселен, Бату, Берке секiлдi хандар мемлекет iргесiн бекiтiп, қалыптастыруға қатты көңiл бөлгенi, Едiл (Волга) бойынан хандықтың астанасын орнатқандықтары, елдi билеу жүйесiн жасағаны сан алуан оқиғалар тұсында көрсетiлген. Бату ханның кiшi баласы Ұлақшыға айтқандарынан Шыңғысхан әулетiнiң өзге елдердi жаулап алу, бағындыру, билеп-төстеу саясаты мейлiнше анық аңғарылады… “Алтын Орданың” жанрлық ерекшелiгi өз алдына жеке бiр мәселе. Трилогияның көп жерлерi тарихи аңыздардан құралғанын көремiз. Ел арасында айтылып келген аңыз, әңгiме, тәмсiлдi суреткер еркiн пайдаланған. Ал орыс, қазақ, иран, монғол шежiрелерiнiң материалы шығарманың негiзгi сүйегiн қалаған. Сонымен, “Алтын Орданың” оқиғалық кестесi тарихи хроникадан, шежiреден және аңыз әңгiмелерден тұрғанын алдымен айтқан болар едiк. Бiрақ қанша қызғылықты, шыншыл, маңызды болғанымен, шежiре мен тарихи аңыз роман мiндетiн атқара алмайтыны белгiлi. Мiне осы тұста шежiрешi, әңгiмешiге жазушы өнерi қосылған. егер тарихи аңыз әңгiмелерде құбылыстардың тiзбегi, кезегi, нәтижесi ғана айтылып келген болса, әлеуметтiк, психологиялық талдау олардың iшкi себептерiн аша түскен. Сөйтiп “Алтын Ордада” фольклор мен жазба әдебиет дәстүрi бiрлестiк тауып, бiрiн-бiрi толықтырған, бiрi екiншiсiне сәулесiн түсiрiп, жаңа сапаға жеткен, ауызекi және жазбаша әдебиеттiң жақсы мүмкiндiктерi қайталанбас синтез құраған. Ғасырлар бойында халық санасында екшелген тарихи аңыздың өзi бағалы, тартымды шығарма ғой. Өткен тарихты майын тамызып ауызша айтып беретiн адам болса, қазiрде де тыңдаймыз. Ал оның үстiне жазба әдебиеттiң талдағыштық, аналитикалық сипаты қосылғанда құбылыстардың нағыз диалектикасы көрiнедi. Трилогияда тарихи аңыз қаһармандарының портретiнен бастап iшкi монологтарына дейiн кездестiремiз. Роман – тарихи аңыздың жаңа түрi, аңыз роман, шежiре роман болып шыққан. Сонымен, “Алтын Орда” трилогиясы халқымыздың тарихына, тағдырына тiкелей қатысы болған бiр кездегi Алтын Орда мемлекетiнiң, оны басқарған айбарлы хандар мен атақты билердiң, тарихтың қозғаушы күшi бұқара халықтың басып өткен жолынан мол мағлұмат беретiн тағлымды, тартымды шығарма /Р.Бердiбай. Тарихи роман. – Алматы, Санат, 1997. – 134-144 беттер/.  

“Алтын Орда” трилогиясында жазушы Қ.Есенберлин тарихымыздың бетi ашылмай жатқан үлкен кезеңiн шежiрелеп берген. Атап айтқанда, мұнда ХIII-ХIV-ХV ғасырларда әйгiлi мемлекет болған Алтын Орданың саяси әлеуметтiк, халықаралық, мәдени халi кеңiнен баяндалған. Алтын Орданың тарихын, саяси жағдайын сөз еткен еңбектiң мүлде аздығын, ал көркем шығарманың жоққа тән екендiгiн есте тұтсақ, сөз болып отырған трилогия олқының орнын толтырарлық құбылыс деп түсiнемiз. Рас, Алтын Ордаға қатысты оқиғалар жайында орыс жазушыларының ертелi-кештi жазып қалдырған еңбектерi бар. Бiрақ тұтас бiр мемлекеттiң қалыптасу, шырқау шегiне жету, құлдырауға бет алу жолын мол қамтыған бiрегей туынды осы десек, артық айтылғандық болмас. Бұл романдарда тек Алтын Орда ғана емес, сол кездегi Ресейдiң, Қырымның, Кавказдың, Мауереннахр мен Иранның оқиғалары да белгiлi дәрежеде қамтылып отырады. Аты-жөнi шежiрелерде, аңыздарда ғана сақталған қаншама адамдардың нақтылы iс-әрекетiн, үмiт-арманын танимыз. Алтын Орда хандығын орнатқан Бату, Беркерлерден бастап жүз жылға жуақ уақыттың оқиғалары бiрiншi кiтап көлемiнде айтылса, Өзбек ханнан Орысхан, Әмiр Темiрлерге дейiнгi iстер екiншi кiтапта әңгiмеленедi, Алтын Орданың ең соңғы қуатты дәуiрi, тарихи аренаға Тоқтамыс, Едiгелер шыққан, олардың өзара қырқыстары бұрынғы айбарлы мемлекеттi әлсiрете бастаған кезеңнiң шындығы үшiншi кiтап бойында баяндалады.

Атап өтерлiк бiр нәрсе сол – трилогияда тек хандардың қаталдығы, үздiксiз соғыстары, бейбiт елдiң берекесiн алып, шаруашылығын күйзелткенi ғана емес, қарапайым халықтың күштiлерге қарсы ауық-ауық жүргiзген күрестерi де, қалың елдiң зорлыққа деген iште тұнған наразылығы да көрiнiс берген…

Трилогияда Алтын Орданы билеушiлердiң тiзбегi хронологиялық дәл қалыпнда берiлген. Олардың iс-әрекетi, көздеген нысанасы түрлiше болып келедi. Мәселен, Бату, Берке секiлдi хандар мемлекет iргесiн бекiтiп, қалыптастыруға қатты көңiл бөлгенi, Едiл (Волга) бойынан хандықтың астанасын орнатқандықтары, елдi билеу жүйесiн жасағаны сан алуан оқиғалар тұсында көрсетiлген. Бату ханның кiшi баласы Ұлақшыға айтқандарынан Шыңғысхан әулетiнiң өзге елдердi жаулап алу, бағындыру, билеп-төстеу саясаты мейлiнше анық аңғарылады…

“Алтын Орданың” жанрлық ерекшелiгi өз алдына жеке бiр мәселе. Трилогияның көп жерлерi тарихи аңыздардан құралғанын көремiз. Ел арасында айтылып келген аңыз, әңгiме, тәмсiлдi суреткер еркiн пайдаланған. Ал орыс, қазақ, иран, монғол шежiрелерiнiң материалы шығарманың негiзгi сүйегiн қалаған. Сонымен, “Алтын Орданың” оқиғалық кестесi тарихи хроникадан, шежiреден және аңыз әңгiмелерден тұрғанын алдымен айтқан болар едiк. Бiрақ қанша қызғылықты, шыншыл, маңызды болғанымен, шежiре мен тарихи аңыз роман мiндетiн атқара алмайтыны белгiлi. Мiне осы тұста шежiрешi, әңгiмешiге жазушы өнерi қосылған. егер тарихи аңыз әңгiмелерде құбылыстардың тiзбегi, кезегi, нәтижесi ғана айтылып келген болса, әлеуметтiк, психологиялық талдау олардың iшкi себептерiн аша түскен. Сөйтiп “Алтын Ордада” фольклор мен жазба әдебиет дәстүрi бiрлестiк тауып, бiрiн-бiрi толықтырған, бiрi екiншiсiне сәулесiн түсiрiп, жаңа сапаға жеткен, ауызекi және жазбаша әдебиеттiң жақсы мүмкiндiктерi қайталанбас синтез құраған. Ғасырлар бойында халық санасында екшелген тарихи аңыздың өзi бағалы, тартымды шығарма ғой. Өткен тарихты майын тамызып ауызша айтып беретiн адам болса, қазiрде де тыңдаймыз. Ал оның үстiне жазба әдебиеттiң талдағыштық, аналитикалық сипаты қосылғанда құбылыстардың нағыз диалектикасы көрiнедi. Трилогияда тарихи аңыз қаһармандарының портретiнен бастап iшкi монологтарына дейiн кездестiремiз. Роман – тарихи аңыздың жаңа түрi, аңыз роман, шежiре роман болып шыққан.

Сонымен, “Алтын Орда” трилогиясы халқымыздың тарихына, тағдырына тiкелей қатысы болған бiр кездегi Алтын Орда мемлекетiнiң, оны басқарған айбарлы хандар мен атақты билердiң, тарихтың қозғаушы күшi бұқара халықтың басып өткен жолынан мол мағлұмат беретiн тағлымды, тартымды шығарма /Р.Бердiбай. Тарихи роман. – Алматы, Санат, 1997. – 134-144 беттер/.

 

Бөлісу: