Шәкірттерінің сөзі

17 Маусым 2013, 13:47

Сәкең ақсүйектік құрыптағы лицейлер мен кол­ледждерде оқыған жоқ, кәдімгі кеңестік мектептің жұпыны қабырғасынан-ақ шыққан. Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ Спортты жазуға ауыз әдебиетімен, фразеологиялық тіркестермен, шешендік сөздермен қоян-қолтық астасып жататын тақырып кухнясына терең бойлайтын Сейдахмет Бердіқұловтың стилі керек екен. Жарылқап БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ Ол халқы үшін, Қазақстан жастары үшін, не мәсе­леде болсын Егеулі найза еді. Ержұман СМАЙЫЛ Сәкеңнің «Редактор идеялардың қайнар көзі болуы керек» деп қайталап айта беретін сөзін шындап сездім. Жанболат АУПБАЕВ Қара жердің қойнына тым ерте кеттіңіздер, неге асықтыңыздар? Қыдырбек РЫСБЕКҰЛЫ Сәкеңді де Жаратқан қазақ спорт қаламгерлерінің Көшбасшысы болсын деп сайлап жібергендей. Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ   Cпорт журналистикасының атасы Сейдахмет Бердіқұл – өзінің журналистік мектебін қа­лыптастырған бірегей қаламгер. Ол кісі – қазақтың спо­р­т журналистикасының атасы. Осы саланың ірге­та­сын қалаған қарымды жазушы. Біз бала кезден Сейдахмет ағаның шығармаларын сүй­­сініп оқыдық. Ағаның ешкімге ұқсамайтын жазу сти­­лі, құнарлы тілі оқырманды бірден үйіріп алады. Ал спо­рт­­тың қалтарысы мен ішкі иірімдерін жетік білуі тіп­ті ғажап. Сейдағаң спортты сондай бір махаббатпен жырлады, қара сөзден жыр маржанын түзді. Біз шалғай­дағы ауылда жүріп сол ғажап жырларды қайта-қайта оқыдық, тоймадық, оқыған сайын спорттың ғана емес, ағаның шын жанкүйеріне, тілектес інісіне ай­на­л­ғаны­мыз­ды білмей қалдық. Сейдағаң Алматыда отырып  қи­ыр-қиырдағы жүз мыңдаған баланың жүре­гі­не от жақ­­­ты, өзінің егеулі найзадай өткір де сұлу туын­ды­­ла­ры­­­мен қазақ жанкүйерінің намысын қайрады. Біз спорт­­­­қа Алланың бұйрығымен келдік, ал осы жолды таң­­­дау­ы­­­­мызға ағаның себепші болғанын ешкім жоққа шы­­­­ға­ра алмайды. Тағдырдың жазуымен 1985 жылы жазда ағаның қолас­тына тілші болып келдім. Бір кезде қабырғадағы бес сом­дық радионың құлағына жабысып, спорт хабарларын ын­­­­­тыға тыңдайтын қара бала осылайша күтпеген жер­ден атақты Бердіқұловтың шәкірті болып шыға келді. Со­­­­дан тура бір жарым жыл бірге қызмет істеудің сәті тү­с­­ті. Аға біз секілді жастарға мейіріммен қарады. Ал ке­рек кезінде жоныңнан таспа тіледі. Артынша үлкен ба­с­ы­­­мен кабинетіңе келіп, жазғандарыңның оңы мен со­лын бір-ақ ауыз сөзбен тарқатып береді. Әлгінде ғана жау­­­ар бұлттай түнеріп, қабағынан қар жауған Бердіқұлов ем­­ес, жүзінен мейірім төгілген Бердіқұлов тұрады ал­дың­­­­да. Біраз жыл ағаның жазу мәнеріне көзсіз еліктеп, Бер­ді­­құловша жазуға талпындық. Уақыт өте келе Берді­құлов бола алмайтынымызды ұғып, өз қолтаңбамызды тап­қандай болдық. Бірақ Сейдағаңның қолтаңбасы еш­кімге ұқсамайды. Спортқа қалам тербеген ондаған қазақ жур­налисінің бірде-біреуі Бердіқұлов тәрізді соңынан шә­кірт ерте алған жоқ. Олардың бірде-біреуі Берді­құлов­тың көркемдік шыңына иек арта алмады. Нағыз ұс­таз осындай болса керек. Қыдырбек РЫСБЕК, Бердіқұловтың шәкірті   Талапшылдығы таңғалдыратын 1974 жылы КазГУ-дің филология факультетін бітірген соң, ауылда бір жыл мұғалім бо­лып, Алматыға қайта келіп, жұмыс іздеп жүрген едім. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Ал­аш») газеті редакциясына келдім. Сол кездегі жастың да, үлкеннің де сүйіп оқитын газеті «Ле­нин­шіл жаста» жұмыс істеу әркімнің де арманы еді. Әлі есімде, сәуірдің 6-да Сейдахмет Бердіқұлов ағайдың бұйрығымен корректор болып жұ­мысқа қабылдандым. Бұл – 1976 жыл еді. Дәл сол кезде партияның 24 съезі өтіп жатқан-тын. Ағайдың: «Қарағым, бұл жұмыс оңай емес. Әрбір үтір мен нүктеге абай болу керек, үлкен жа­уап­кершілікті талап етеді. Оның үстіне съезд материалдарына өте мұқият қарау керек. Газет жұ­мысының нағыз қызған кезіне тап келдің» деген сөздері әлі күнге дейін жадымда. Ол кісі өте талапшыл еді. Газет бетіне кетіп бара жатқан материалдың сөйлем құрылысына, үтір, нүк­тесіне дейін мұқият қарайтын. Нөмірге жақсы мақала кетіп бара жатса, балаша қуа­натын. Бірде ертеңгі нөмірге Қали Сәрсенбайдың «Қара кемпір» деген мақаласы шығып бара жат­ты. Сонда Сейдахмет ағайдың: «Мынау керемет, сенсация ғой» деп риза болғаны бар еді. Мақ­тайтын жерде мақтап, ұрысатын жерде ұрысып та алатын әділетті басшы болатын. Адам бо­йындағы қасиетті дөп басып, дәл танитын психолог та еді. Осындай үлкен жүректі, білікті бас­шының көзін көріп, ұлағатын естіп, қоластында жұмыс істегенімді өзіме бақыт санай­мын. «Жас Алаштың» 90 жылдық тойында баласы Заңғарды көргенде, Сейдахмет ағаны көр­ген­дей болып, көңіл босағаны бар. Бәрімізге әкеміздей қамқор болған, ерекше болмысымен ес­те қалған жайсаң жанды ұмытпаймыз. Бағдат БӘКІРОВА

Сәкең ақсүйектік құрыптағы лицейлер мен кол­ледждерде оқыған жоқ, кәдімгі кеңестік мектептің жұпыны қабырғасынан-ақ шыққан.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ

Спортты жазуға ауыз әдебиетімен, фразеологиялық тіркестермен, шешендік сөздермен қоян-қолтық астасып жататын тақырып кухнясына терең бойлайтын Сейдахмет Бердіқұловтың стилі керек екен.

Жарылқап БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ

Ол халқы үшін, Қазақстан жастары үшін, не мәсе­леде болсын Егеулі найза еді.

Ержұман СМАЙЫЛ

Сәкеңнің «Редактор идеялардың қайнар көзі болуы керек» деп қайталап айта беретін сөзін шындап сездім.
Жанболат АУПБАЕВ

Қара жердің қойнына тым ерте кеттіңіздер, неге асықтыңыздар?
Қыдырбек РЫСБЕКҰЛЫ

Сәкеңді де Жаратқан қазақ спорт қаламгерлерінің Көшбасшысы болсын деп сайлап жібергендей.

Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ

 

Cпорт журналистикасының атасы

Сейдахмет Бердіқұл – өзінің журналистік мектебін қа­лыптастырған бірегей қаламгер. Ол кісі – қазақтың спо­р­т журналистикасының атасы. Осы саланың ірге­та­сын қалаған қарымды жазушы. Біз бала кезден Сейдахмет ағаның шығармаларын сүй­­сініп оқыдық. Ағаның ешкімге ұқсамайтын жазу сти­­лі, құнарлы тілі оқырманды бірден үйіріп алады. Ал спо­рт­­тың қалтарысы мен ішкі иірімдерін жетік білуі тіп­ті ғажап. Сейдағаң спортты сондай бір махаббатпен жырлады, қара сөзден жыр маржанын түзді. Біз шалғай­дағы ауылда жүріп сол ғажап жырларды қайта-қайта оқыдық, тоймадық, оқыған сайын спорттың ғана емес, ағаның шын жанкүйеріне, тілектес інісіне ай­на­л­ғаны­мыз­ды білмей қалдық. Сейдағаң Алматыда отырып  қи­ыр-қиырдағы жүз мыңдаған баланың жүре­гі­не от жақ­­­ты, өзінің егеулі найзадай өткір де сұлу туын­ды­­ла­ры­­­мен қазақ жанкүйерінің намысын қайрады. Біз спорт­­­­қа Алланың бұйрығымен келдік, ал осы жолды таң­­­дау­ы­­­­мызға ағаның себепші болғанын ешкім жоққа шы­­­­ға­ра алмайды. Тағдырдың жазуымен 1985 жылы жазда ағаның қолас­тына тілші болып келдім. Бір кезде қабырғадағы бес сом­дық радионың құлағына жабысып, спорт хабарларын ын­­­­­тыға тыңдайтын қара бала осылайша күтпеген жер­ден атақты Бердіқұловтың шәкірті болып шыға келді. Со­­­­дан тура бір жарым жыл бірге қызмет істеудің сәті тү­с­­ті. Аға біз секілді жастарға мейіріммен қарады. Ал ке­рек кезінде жоныңнан таспа тіледі. Артынша үлкен ба­с­ы­­­мен кабинетіңе келіп, жазғандарыңның оңы мен со­лын бір-ақ ауыз сөзбен тарқатып береді. Әлгінде ғана жау­­­ар бұлттай түнеріп, қабағынан қар жауған Бердіқұлов ем­­ес, жүзінен мейірім төгілген Бердіқұлов тұрады ал­дың­­­­да. Біраз жыл ағаның жазу мәнеріне көзсіз еліктеп, Бер­ді­­құловша жазуға талпындық. Уақыт өте келе Берді­құлов бола алмайтынымызды ұғып, өз қолтаңбамызды тап­қандай болдық. Бірақ Сейдағаңның қолтаңбасы еш­кімге ұқсамайды. Спортқа қалам тербеген ондаған қазақ жур­налисінің бірде-біреуі Бердіқұлов тәрізді соңынан шә­кірт ерте алған жоқ. Олардың бірде-біреуі Берді­құлов­тың көркемдік шыңына иек арта алмады. Нағыз ұс­таз осындай болса керек.

Қыдырбек РЫСБЕК,
Бердіқұловтың шәкірті


 

Талапшылдығы таңғалдыратын

1974 жылы КазГУ-дің филология факультетін бітірген соң, ауылда бір жыл мұғалім бо­лып, Алматыға қайта келіп, жұмыс іздеп жүрген едім. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Ал­аш») газеті редакциясына келдім. Сол кездегі жастың да, үлкеннің де сүйіп оқитын газеті «Ле­нин­шіл жаста» жұмыс істеу әркімнің де арманы еді. Әлі есімде, сәуірдің 6-да Сейдахмет Бердіқұлов ағайдың бұйрығымен корректор болып жұ­мысқа қабылдандым. Бұл – 1976 жыл еді. Дәл сол кезде партияның 24 съезі өтіп жатқан-тын. Ағайдың: «Қарағым, бұл жұмыс оңай емес. Әрбір үтір мен нүктеге абай болу керек, үлкен жа­уап­кершілікті талап етеді. Оның үстіне съезд материалдарына өте мұқият қарау керек. Газет жұ­мысының нағыз қызған кезіне тап келдің» деген сөздері әлі күнге дейін жадымда. Ол кісі өте талапшыл еді. Газет бетіне кетіп бара жатқан материалдың сөйлем құрылысына, үтір, нүк­тесіне дейін мұқият қарайтын. Нөмірге жақсы мақала кетіп бара жатса, балаша қуа­натын. Бірде ертеңгі нөмірге Қали Сәрсенбайдың «Қара кемпір» деген мақаласы шығып бара жат­ты. Сонда Сейдахмет ағайдың: «Мынау керемет, сенсация ғой» деп риза болғаны бар еді. Мақ­тайтын жерде мақтап, ұрысатын жерде ұрысып та алатын әділетті басшы болатын. Адам бо­йындағы қасиетті дөп басып, дәл танитын психолог та еді. Осындай үлкен жүректі, білікті бас­шының көзін көріп, ұлағатын естіп, қоластында жұмыс істегенімді өзіме бақыт санай­мын. «Жас Алаштың» 90 жылдық тойында баласы Заңғарды көргенде, Сейдахмет ағаны көр­ген­дей болып, көңіл босағаны бар. Бәрімізге әкеміздей қамқор болған, ерекше болмысымен ес­те қалған жайсаң жанды ұмытпаймыз.

Бағдат БӘКІРОВА

Бөлісу: