Нашақордың қызы «АҚШ ханшайымы – 2013» атағын жеңіп алды

17 Маусым 2013, 11:48

Лас-Вегаста «АҚШ ханшайымы – 2013» байқауының финалы өтті. Сайысты Коннектикут штатынан 25 жасар Эрин Брэди жеңіп алды, деп хабарлайды Associated Press.  Жеңімпаздың көркі мен сахнада өзін ұстауы әділ қазылар алқасын ерекше сүйсіндірді. Брэдиге тәжбен қоса, Нью-Йорктен пәтер берілді. Бұған қоса, ол 9 қарашада Мәскеуде өтетін «Әлем ханшайымы» байқауында өз елінің намысын қорғайды. Эрин Брэди Коннектикут штатының Орталық университетінде «Қаржыгер» мамандығы бойынша оқыған. Ол бұған қоса, қылмыстық құқық саласында жоғары білім алған. Белгілі болғанындай, Брэди жастық шағында қиын күндерді бастан кешірген. Оның ата-анасы ішімдік пен есірткіге әуес болған. «Менің алдағы күндерге жоспарым өзім сияқты қиындықта өсіп жатқан балаларға қол ұшын беру», - дейді АҚШ ханшайымы. Өткен жылы тәжге 19 жасар Оливия Калпо иелік етті, ол сонымен қатар, «Әлем ханшайымы» атағын да жеңіп алған болатын. АҚШ сұлулары бұл атаққа 16 жылдан бері қол жеткізе алмай келген. Baq.kz

Лас-Вегаста «АҚШ ханшайымы – 2013» байқауының финалы өтті. Сайысты Коннектикут штатынан 25 жасар Эрин Брэди жеңіп алды, деп хабарлайды Associated Press. 

Жеңімпаздың көркі мен сахнада өзін ұстауы әділ қазылар алқасын ерекше сүйсіндірді. Брэдиге тәжбен қоса, Нью-Йорктен пәтер берілді. Бұған қоса, ол 9 қарашада Мәскеуде өтетін «Әлем ханшайымы» байқауында өз елінің намысын қорғайды.

Эрин Брэди Коннектикут штатының Орталық университетінде «Қаржыгер» мамандығы бойынша оқыған. Ол бұған қоса, қылмыстық құқық саласында жоғары білім алған.

Белгілі болғанындай, Брэди жастық шағында қиын күндерді бастан кешірген. Оның ата-анасы ішімдік пен есірткіге әуес болған. «Менің алдағы күндерге жоспарым өзім сияқты қиындықта өсіп жатқан балаларға қол ұшын беру», - дейді АҚШ ханшайымы.

Өткен жылы тәжге 19 жасар Оливия Калпо иелік етті, ол сонымен қатар, «Әлем ханшайымы» атағын да жеңіп алған болатын. АҚШ сұлулары бұл атаққа 16 жылдан бері қол жеткізе алмай келген.

Baq.kz

Бөлісу: