Винокуров атындағы спорт сарайы салынады

16 Маусым 2013, 07:36

Жазғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровтың Қызылжар өңіріндегі ізбасарлары жыл санап көбейіп келеді. Бүгінде велоспортты серік еткен 23 солтүстікқазақстандық еліміздің құрама командасында облыс намысын қорғап жүр.    Аймақ басшысы Самат Ескендіров есімі әлемге әйгілі велошабандозды қабылдап, жергілікті жердегі спортты дамыту, кәсіби деңгейін көтеру, жастарды саламатты өмір салтына бейімдеу төңірегінде әңгімелесті. Сөзін байрақты бәсеке жеңімпазының атында спорт сарайы тұрғызылатыны туралы қуанышты жаңалықпен түйіндеп, оған Алғыс хат, велоспорт бойынша балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры Владимир Парахинге «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттық­тырушысы» атағын тапсырды. А.Винокуровтың жүлдесі үшін өткен республикалық жарыс 36 шақырымға созылып, петропавлдық Кирилл Пролубников топ жарды. Жалпыкомандалық есепте де жерлестеріміз жеңістің ең биік тұғы­рын­ан көрінді. Павло­дарлықтар – екінші, қостанайлықтар үшінші орынды иеленді. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.  «Егемен Қазақстан»

Жазғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровтың Қызылжар өңіріндегі ізбасарлары жыл санап көбейіп келеді. Бүгінде велоспортты серік еткен 23 солтүстікқазақстандық еліміздің құрама командасында облыс намысын қорғап жүр. 

 

Аймақ басшысы Самат Ескендіров есімі әлемге әйгілі велошабандозды қабылдап, жергілікті жердегі спортты дамыту, кәсіби деңгейін көтеру, жастарды саламатты өмір салтына бейімдеу төңірегінде әңгімелесті. Сөзін байрақты бәсеке жеңімпазының атында спорт сарайы тұрғызылатыны туралы қуанышты жаңалықпен түйіндеп, оған Алғыс хат, велоспорт бойынша балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры Владимир Парахинге «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттық­тырушысы» атағын тапсырды.
А.Винокуровтың жүлдесі үшін өткен республикалық жарыс 36 шақырымға созылып, петропавлдық Кирилл Пролубников топ жарды. Жалпыкомандалық есепте де жерлестеріміз жеңістің ең биік тұғы­рын­ан көрінді. Павло­дарлықтар – екінші, қостанайлықтар үшінші орынды иеленді.
Өмір ЕСҚАЛИ,
Солтүстік Қазақстан облысы. 

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: