Балуандарды жаттықтыру

14 Маусым 2013, 11:50

Қазақтар балаларын күресіп үйренуге «бұғанасы қатқан» кезінен бастап үйрете бастаған. Үлкендер өздері білетін күрес әдіс-айласын үйретумен қатар ауылдағы «Балуан» атанған адамға баласын апарып, «Осы балам балуан болсам дейді. Сізден батаңызды алуға келдік», деп алдынан өтіп отырған. Балуандық әдіс-айланы үйренуді көбіне жауынгерлік қару-жарақты меңгерумен бірге ұштастырған. Қазақтар ер балаға күресе білуді міндет деп санаған. Ауыл балалары топталып жиналған кездерінде нмесе той-томалақ үстінде үлкендер оларды бір-бірімен күрестіріп отырған. Жеңген баланы «Ой, мынау мықты екен, болашақта батыр болады, әкесіне тартқан, нағашысына тартқан» деген сөздермен қолпаштап мадақтаған. Балалар көбіне жасы өзімен тетелестермен күрессе, кей жағдайда өзінен үлкенмен де күресе берген. Бала күресуге шығуға қорықса, «Жығылсаң жер көтереді» деп қайрап, жігерлендіріп отырған. Күресуге көк майса жұмсақ жер немесе құмды алаңдар таңдап алынады. Балалар күнделікті қандай киім киіп жүрсе, сонымен күресе берген. Жығылған бала «ер кезегі үшке дейін», «қапы қалдым, қайта күресем» деп қайта күреске шақыратын болған. Әдістер көбіне белдіктен ұстап басталады. Ал егер белдік болмаса, екі қолдарын иықтарына тіреу арқылы немесе ұстаспай-ақ күресті бастайды. Күрес үстінде жерге жығылған баланың  үстінен ары қарай басып жатпай, тез түрегеліп кетіп отырған. Жығылған баланың үстінен аттап кету «оның күшін өзіне алу» деген мақсатпен жасалатын. Күресте жыққан бала сол балалардың ішінде жоғары дәрежеге ие болып, өзінің жеңісін мақтанышпен үйіне, басқа балаларға айтып отырады. Үлкен адамды күреске дайындау ұзақ уақытқа созылатын арнайы дайындықты қажет ететін болғандықтан, күресуге бірнеше ай қалғанда дайындықты бастайды. Белдесуге дайындау көбіне ауа-райының жылы жаз айларында басталады. Қазақ күресінің бірнеше түрінің болуының бір себебі, сол аймақтың климаттық ерекшеліктеріне де тікелей байланысты болған. Кеудені жалаңаштап күресу көбіне оңтүстік жылы аймақтарда кездеседі де, соүстік салқын аймақтарда киіммен күресу жиі орын алатыны сондықтан. Алдымен балуандыққа түсетін адамның тамақтану жағдайына арнайы көңіл бөлінген. Қоңды мал сойдырып, адамға күш-қуат жинақтатқан. Балуанның салмағы неғұрлым ауыр болса, соғұрлым жақсы деп есептеген. Ысалы, Абай Құнанбаев Байқұда балуанды еліне алдырып, Семейде болатын үлкен күреске зі дайындаған. Соғымын бергізіп, тамағының тоқ болуын қадағалап, қамқорлық жасаған. Күреске түсетін балуан ауылдағы күші бар мықты деген адамдармен күресіп жаттығумен қатар, ауыр заттарды көтеріп күшін арттырған. Ендше балуанды жан-жақты мақтап, бұл өнердің қыр-сырын біліп, жарысқа дайындап қосатын бапкерлер ерте уақыттан болған деп айта аламыз. Әрине, балуанды қазіргі жаттықтыруымен ерте замандағы дайындау арасында үлкен айырмашылық бар. Қазіргі өнерді үйретудегі басты мақсат – балуан дайындаумен қатар адам денсаулығын сақтай білу міндеті. 

Қазақтар балаларын күресіп үйренуге «бұғанасы қатқан» кезінен бастап үйрете бастаған. Үлкендер өздері білетін күрес әдіс-айласын үйретумен қатар ауылдағы «Балуан» атанған адамға баласын апарып, «Осы балам балуан болсам дейді. Сізден батаңызды алуға келдік», деп алдынан өтіп отырған. Балуандық әдіс-айланы үйренуді көбіне жауынгерлік қару-жарақты меңгерумен бірге ұштастырған. Қазақтар ер балаға күресе білуді міндет деп санаған.

Ауыл балалары топталып жиналған кездерінде нмесе той-томалақ үстінде үлкендер оларды бір-бірімен күрестіріп отырған.

Жеңген баланы «Ой, мынау мықты екен, болашақта батыр болады, әкесіне тартқан, нағашысына тартқан» деген сөздермен қолпаштап мадақтаған.

Балалар көбіне жасы өзімен тетелестермен күрессе, кей жағдайда өзінен үлкенмен де күресе берген. Бала күресуге шығуға қорықса, «Жығылсаң жер көтереді» деп қайрап, жігерлендіріп отырған. Күресуге көк майса жұмсақ жер немесе құмды алаңдар таңдап алынады.

Балалар күнделікті қандай киім киіп жүрсе, сонымен күресе берген. Жығылған бала «ер кезегі үшке дейін», «қапы қалдым, қайта күресем» деп қайта күреске шақыратын болған.

Әдістер көбіне белдіктен ұстап басталады. Ал егер белдік болмаса, екі қолдарын иықтарына тіреу арқылы немесе ұстаспай-ақ күресті бастайды. Күрес үстінде жерге жығылған баланың  үстінен ары қарай басып жатпай, тез түрегеліп кетіп отырған. Жығылған баланың үстінен аттап кету «оның күшін өзіне алу» деген мақсатпен жасалатын. Күресте жыққан бала сол балалардың ішінде жоғары дәрежеге ие болып, өзінің жеңісін мақтанышпен үйіне, басқа балаларға айтып отырады.

Үлкен адамды күреске дайындау ұзақ уақытқа созылатын арнайы дайындықты қажет ететін болғандықтан, күресуге бірнеше ай қалғанда дайындықты бастайды. Белдесуге дайындау көбіне ауа-райының жылы жаз айларында басталады.

Қазақ күресінің бірнеше түрінің болуының бір себебі, сол аймақтың климаттық ерекшеліктеріне де тікелей байланысты болған. Кеудені жалаңаштап күресу көбіне оңтүстік жылы аймақтарда кездеседі де, соүстік салқын аймақтарда киіммен күресу жиі орын алатыны сондықтан.

Алдымен балуандыққа түсетін адамның тамақтану жағдайына арнайы көңіл бөлінген. Қоңды мал сойдырып, адамға күш-қуат жинақтатқан. Балуанның салмағы неғұрлым ауыр болса, соғұрлым жақсы деп есептеген.

Ысалы, Абай Құнанбаев Байқұда балуанды еліне алдырып, Семейде болатын үлкен күреске зі дайындаған. Соғымын бергізіп, тамағының тоқ болуын қадағалап, қамқорлық жасаған. Күреске түсетін балуан ауылдағы күші бар мықты деген адамдармен күресіп жаттығумен қатар, ауыр заттарды көтеріп күшін арттырған. Ендше балуанды жан-жақты мақтап, бұл өнердің қыр-сырын біліп, жарысқа дайындап қосатын бапкерлер ерте уақыттан болған деп айта аламыз. Әрине, балуанды қазіргі жаттықтыруымен ерте замандағы дайындау арасында үлкен айырмашылық бар.

Қазіргі өнерді үйретудегі басты мақсат – балуан дайындаумен қатар адам денсаулығын сақтай білу міндеті. 

Бөлісу: