14 Маусым 2013, 09:50
«БАСЫ ТӘТТI БОЛҒАНМЕН АЯҒЫ ҚАТТЫ БОЛДЫ»
Тағы бiр мақтанарлық жеңiсiмiздiң бiрi хоккейшi ерлерiмiздiң Моңғолия құрамасын 25:1 есебiмен ұтқаны. Сондай-ақ, қыздарымыздың да Жапонияны Аомори мұз айдынында 3:1 есебiмен тұқыртқаны ел есiнде. Бас қарсыласын артта қалдырған бiздiң қыздар алтынға осылайша бiр табан жақындағандай едi. Және келесi қарсылас Қытай командасымен болған ойында да бiздiң қыздар табандылық танытып, тең нәтижеге қол жеткiздi. Айта кетейiк, Қытай хоккейшiлерi бұл доданың алтынынан басты үмiткерлер едi. Келесi турда қыздарымыздың тағдыры шешiлетiн тартысты ойын болды. Онда алаң иелерi Жапония мен Қытай кездестi. Осы ойынмен қатар қазақстандықтар Кореямен күш сынасып, қарсыласын 19:0 есебiмен қирата жеңiске жетедi. Ал оған дейiн Жапония командасы 5:4 нәтижесiмен Қытайды жеңiп, олардан алтынды тартып алып бiзге сыйлады.
Алтыншы ақпан күнi бiздiң құраманың медаль саны тағы бiр алтынға толықты. Шаңғыдан қыздар арасындағы 4х5 эстафетасында жерлестерiмiз топ жарды. Осы кезде бiздiң команданың еншiсiнде 3 алтын, 3 күмiс, 2 қола медаль жиналған-тын. Және жалпы командалық есепте бiзден тек қана 25 медалi бар Жапония ғана озып тұрған едi.
Азиада бағдарламасының соңғы күндерiнде ерлер арасындағы тау шаңғысы, шаңғыдан 4х10 шақырымдық ерлер эстафетасы, ерлер биатлоны, шорт–трек және ерлер арасындағы хоккей қалған. Сол жарыстардың соңғысында бағымыз жанбады деуге болады. Ақтық сынға шыққан Қазақстан хоккейшiлерi Жапониядан 7:2 есебiмен ұтылды. Сөйтiп, Николай Мышагин баптаған жiгiттер қойылған мақсатқа сынақ сүйем қалғанда қайтты. Күмiс алып қалған спорттардың iшiне шаңғышылардың эстафетасы да кiрдi. Олар да жапондықтарға бiр минуттай уақыт қалып қойды. Сондай-ақ, фристайлда бақ сынаған Ирина Кормышева бiрiншi орынға сәл жетпей қалды.
Сонымен соңғы екi күн iшiнде қолдан келген жүлденiң барлығын олжалаған Жапония, Корея, Қытай командалары жалпы командалық есепте алғашқы үш орынды ретiмен бөлiсiп алды. Ал жалпы 20 медаль жинаған Қазақстан командасы 7 алтын, 7 күмiс, 6 қоламын төртiншi орынға табан тiредi.
ҚҰЛДЫРАУ МА, ЖОҚ ӘЛДЕ СӘТСIЗДIК ПЕ?
1996 жылғы Харбин Азиадасында 31 медаль(оның 14-алтын) жинап, жалпы командалық есепте екiншi болдық. 1999-жылы Конгвонда – 25 медаль алып, (оның 10 «алтын») жалпы есепте үшiншi орынға тұрақтағанбыз. Ал ендi Аомориде 20 медаль жиып, (оның 7 «алтын») төртiншi орыннан бiр-ақ шықтық. Бұл көрсеткiштер бiраз мәселенiң бетiн ашқандай. Сонда бiздiң қысқы спортымыз шынымен де Кеңес үкiметi тарасымен құлдырағаны ма? Ендi қайтпек керек? Жағдайымыз осылай кете берсе ертеңгi жағдаймыз тiптi мүшкiл болуы әбден мүмкiн.
Жалпы командалық есеп
|
|
Алтын |
Күмiс |
Қола |
Барлығы |
1. |
Жапония |
24 |
23 |
20 |
67 |
2. |
Корея |
10 |
8 |
10 |
28 |
3. |
Қытай |
9 |
11 |
13 |
33 |
4. |
Қазақстан |
7 |
7 |
6 |
20 |
5. |
Ливан |
1 |
1 |
0 |
2 |
6. |
КНДР |
0 |
1 |
1 |
2 |
7. |
Өзбекiстан |
0 |
0 |
1 |
1 |
Барлығы: |
51 |
51 |
51 |
153 |
Жандос Смайлов.