100 шырағдан және тасымалданбалы оттық

14 Маусым 2013, 09:36

Азиада үшiн әзiрленген 100 шырағдан және тасымалданбалы оттық Жалпы VII Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасы үшiн барлығы 100 шырағдан әзiрлендi. Оның әрқайсысының бағасы 1 мың  АҚШ долларына жуық. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өкiнiшке қарай, әрбiр алаугерге бiр-бiр е шырағданнан естелiкке қалдыру мүмкiн болмайды. Тек эстафета өтетiн әр өңiрге бiр данадан қалдырылады. Қалғандары Азия Олимпиадалық кеңесiнiң мүшелерi мен басқа да құрметтi қонақтарға сыйға тартылатын болады. Бүгiн де Қытайдан жеке-жеке бөлшектелiп жеткiзiлген шырағдандар толығымен жиналып бiттi. Әр шырағданның төменгi жағында өзiнiң реттiк нөмiрi бар. Қазiр алау құтылары Алматы маңында сынақтардан өтiп жатыр. Ұйымдастырушылар бұл сынақтар барысында бiрнеше шырағдан жарамсыз болып шығуы мүмкiндiгiн де жоққа шығармайды. Ал алдағы 17–18-қараша күндерi Астана қалалық дирекция облыс әкiмдерiнiң басқаруымен құрылған штабтардың мүшелерiн елордада жинап, сынамалық, әрi көрсетiлiм эстафетасын өткiзудi көздеп отыр. Шырағданды басталар алдында тұтату үшiн, сондай-ақ бiр газ баллонының жану уақыты бiтiп, оны басқасына ауыстырып, қайта тұтату қажет болғанда жағдайда немесе алау түрлi себептермен өшiп қалған жағдайда оны дереу қайта тұтату үшiн тасымалданбалы оттық әзiрленедi. Тұтқасын есептемегенде, биiктiгi 33-35 см. болатын колбаның төменгi жағына жану күшi 5 сағатқа дейiн жететiн спирт құйылады да, ол пiлте арқылы тұтандырылады. Сөйтiп, ол эстафета аяқталғанға дейiн алаулап тұрады. Азиада эстафетасы да «түстенедi» Әр эстафета соңында өңiрлерде кiшi қазандықтар жағылып отырады. Колба мен қазандықтар жоғарыда аталған қытайлық компанияда жасалды. Колбаның 5 данасы бүгiнде елге жеткiзiлсе, қазандықтар (барлығы – 2) әзiрлену үстiнде. Оның салмағы 60-65 келi шамасында, биiктiгi 60 см, жоғарғы жағының диаметрi (аузы) 90 см. 30 қаңтар күнi Астанада VII Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты кезiнде жағылатын басты қазандықтың ашылу рәсiмiмен тiкелей айналысып жатқан "STSC Management Services Pte. Ltd." компаниясы әзiрлеуде. Оның дизайны мен жасап жатқан компанияның атауы әлi күнге үлкен құпияда сақталып отыр. Және бұл құпиялылық соңғы сәттерге дейiн сақталатын түрi бар. Жоспар бойынша, барлық облыстарда  эстафета түскi сағат 12.00-де басталып, 13.30-да техникалық үзiлiске тоқтатылады. Осы кезде қазандықтардың бiрi жағылып, жергiлiктi халыққа суретке түсуге мүмкiндiк берiледi. 11-қаңтар күнi Азия Олимпиадалық кеңесiнiң штаб-пәтерi орналасқан Әл-Кувейт қаласында тұңғыш рет тұтатылатын Азиада алауы қазақстандық жарысты ұйымдастырушылардың бiр өкiлiне берiледi. Ал, 12-қаңтар күнi Алау ұшақпен Алматы қаласына жеткiзiледi. Осыдан бастап оның Қазақстанның өңiрлерi бойынша саяхаты басталады. Алматыда кейiн алау құтысы Тараз (13-қаңтар), Шымкент (14-қаңтар), Қызылорда (15-қаңтар), Ақтау (16-қаңтар), Атырау (17-қаңтар), Орал (18-қаңтар), Ақтөбе (19-қаңтар), Қостанай (20-қаңтар), Петропавл (21-қаңтар), Көкшетау (22-23-қаңтар), Павлодар (24 қаңтар), Өскемен (25-26-қаңтар), Талдықорған (27-қаңтар), Қарағандыға (28-29-қаңтар) және Азиада салтанатты ашылатын күнi Астанаға (30-қаңтар) жеткiзiлдi. Азиада алаугерлерi республика бойынша 1020 адамды құрайды. Осыған байланысты әр өңiрлерде алаугерлерге конкурстар жарияланып отыр. Олардың жасы 16-дан асуы тиiс. Сондай-ақ, олар салауатты өмiр салтын берiк ұстанатын, спорт десе «iшер асын жерге қоятын» жандар болуы тиiс. Жандос Смайлов.

Азиада үшiн әзiрленген 100 шырағдан және тасымалданбалы оттық

Жалпы VII Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасы үшiн барлығы 100 шырағдан әзiрлендi. Оның әрқайсысының бағасы 1 мың  АҚШ долларына жуық. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өкiнiшке қарай, әрбiр алаугерге бiр-бiр е шырағданнан естелiкке қалдыру мүмкiн болмайды. Тек эстафета өтетiн әр өңiрге бiр данадан қалдырылады. Қалғандары Азия Олимпиадалық кеңесiнiң мүшелерi мен басқа да құрметтi қонақтарға сыйға тартылатын болады.

Бүгiн де Қытайдан жеке-жеке бөлшектелiп жеткiзiлген шырағдандар толығымен жиналып бiттi. Әр шырағданның төменгi жағында өзiнiң реттiк нөмiрi бар. Қазiр алау құтылары Алматы маңында сынақтардан өтiп жатыр. Ұйымдастырушылар бұл сынақтар барысында бiрнеше шырағдан жарамсыз болып шығуы мүмкiндiгiн де жоққа шығармайды. Ал алдағы 17–18-қараша күндерi Астана қалалық дирекция облыс әкiмдерiнiң басқаруымен құрылған штабтардың мүшелерiн елордада жинап, сынамалық, әрi көрсетiлiм эстафетасын өткiзудi көздеп отыр.

Шырағданды басталар алдында тұтату үшiн, сондай-ақ бiр газ баллонының жану уақыты бiтiп, оны басқасына ауыстырып, қайта тұтату қажет болғанда жағдайда немесе алау түрлi себептермен өшiп қалған жағдайда оны дереу қайта тұтату үшiн тасымалданбалы оттық әзiрленедi. Тұтқасын есептемегенде, биiктiгi 33-35 см. болатын колбаның төменгi жағына жану күшi 5 сағатқа дейiн жететiн спирт құйылады да, ол пiлте арқылы тұтандырылады. Сөйтiп, ол эстафета аяқталғанға дейiн алаулап тұрады.

Азиада эстафетасы да «түстенедi»

Әр эстафета соңында өңiрлерде кiшi қазандықтар жағылып отырады. Колба мен қазандықтар жоғарыда аталған қытайлық компанияда жасалды. Колбаның 5 данасы бүгiнде елге жеткiзiлсе, қазандықтар (барлығы – 2) әзiрлену үстiнде. Оның салмағы 60-65 келi шамасында, биiктiгi 60 см, жоғарғы жағының диаметрi (аузы) 90 см. 30 қаңтар күнi Астанада VII Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты кезiнде жағылатын басты қазандықтың ашылу рәсiмiмен тiкелей айналысып жатқан "STSC Management Services Pte. Ltd." компаниясы әзiрлеуде. Оның дизайны мен жасап жатқан компанияның атауы әлi күнге үлкен құпияда сақталып отыр. Және бұл құпиялылық соңғы сәттерге дейiн сақталатын түрi бар. Жоспар бойынша, барлық облыстарда  эстафета түскi сағат 12.00-де басталып, 13.30-да техникалық үзiлiске тоқтатылады. Осы кезде қазандықтардың бiрi жағылып, жергiлiктi халыққа суретке түсуге мүмкiндiк берiледi.

11-қаңтар күнi Азия Олимпиадалық кеңесiнiң штаб-пәтерi орналасқан Әл-Кувейт қаласында тұңғыш рет тұтатылатын Азиада алауы қазақстандық жарысты ұйымдастырушылардың бiр өкiлiне берiледi. Ал, 12-қаңтар күнi Алау ұшақпен Алматы қаласына жеткiзiледi. Осыдан бастап оның Қазақстанның өңiрлерi бойынша саяхаты басталады. Алматыда кейiн алау құтысы Тараз (13-қаңтар), Шымкент (14-қаңтар), Қызылорда (15-қаңтар), Ақтау (16-қаңтар), Атырау (17-қаңтар), Орал (18-қаңтар), Ақтөбе (19-қаңтар), Қостанай (20-қаңтар), Петропавл (21-қаңтар), Көкшетау (22-23-қаңтар), Павлодар (24 қаңтар), Өскемен (25-26-қаңтар), Талдықорған (27-қаңтар), Қарағандыға (28-29-қаңтар) және Азиада салтанатты ашылатын күнi Астанаға (30-қаңтар) жеткiзiлдi.

Азиада алаугерлерi республика бойынша 1020 адамды құрайды. Осыған байланысты әр өңiрлерде алаугерлерге конкурстар жарияланып отыр. Олардың жасы 16-дан асуы тиiс. Сондай-ақ, олар салауатты өмiр салтын берiк ұстанатын, спорт десе «iшер асын жерге қоятын» жандар болуы тиiс.

Жандос Смайлов.

Бөлісу: