14 Маусым 2013, 09:14
Харбинде жалпыкомандалық бiрiншi орынды да еншiлеп қалар ма едiк?! Себебi алда шаңғы, коньки, биатлондағы екi эстафета, мәнерлеп сырғанау... былайша айтқанда бiзге тән спорт түрлерi.
Харбинде Қазақстан командасы өзiнiң үйлесiмдiлiгi мен түрлiлiгiмен есте қалды. Әр түрлi сападағы медальдердi ұл-қыздарымыз жетi спорт түрiнен ұтты: шаңғы, биатлон, хоккей, тау шаңғы, коньки, тұғырдан секiру және мәнерлеп сырғанау.
Жалпы қорытынды есепте бiз ойын иелерiнiң iзiн басып, екiншi келдiк. Бұл тiркелген нәтиже қазақ елi үшiн және тек Азияны ғана емес, бүкiл әлемдi таңқалдырған тамаша жетiстiк тұғын.
Оңтүстiк Корея мен Жапонияны мұндай кешендi жарыста басып озу – адам сенгiсiз оқиға. Тағы бiр қоса кететiн жайт, бiз Қытайдан бiр ғана алтын кем жинап қалдық. Бұл туралы кезiнде көп айтылған жоқ, бiрақ сол кезде командалық жеңiске Аспан асты елi спорттан да тыс күштер қолданып, барын салды. Мысалы: ең соңғы шорт-трек жарысында қытай командалары екi алтын алды. Ал бұл дегенiмiз қазiргi заманның ешбiр электронды техникасы үшiн ақылға қонбайтын нәрсе.
III Қысқы Азия Ойындарының қорытынды нәтижесi
А К Қ Ж
1 Қытай 15 7 15 37
2 Қазақстан 14 9 8 31
3 Жапония 8 14 10 32
4 Оңт.Корея 8 10 8 26
5 Өзбекiстан 0 1 1 2
Қазақстан командасының барлық жүлдегерлерi
«Алтын»
1 Людмила Прокашева – коньки, 1500м.
2 Людмила Прокашева – коньки, 3000м.
3 Елизавета Стекольникова – Дмитрий Казарлыга – мәнерлеп сырғанау, би.
4 Ерлер Ұлттық құрамасы – шайбалы хоккей
5 Ольга Ведяшева – тау шаңғысы
6 Павел Рябинин – шаңғы, 10 ш.
7 Павел Рябинин – шаңғы, 15 ш.
8 Ерлер Қазақстан командасы – шаңғы, эстафета 4х10 ш.
9 Оксана Яцкая – шаңғы, 5ш.
10 Дмитрий Пантов – биатлон, спринт, 10 ш.
11 Валерий Иванов – биатлон, 20 ш.
12 Ерлер Қазақстан командасы – шаңғы, эстафета 4х7,5
13 Инна Шешкиль – биатлон, спринт, 7,5 ш.
14 Инна Шешкиль – биатлон, 15 ш.
«Күмiс»
1 Радик Бикчентаев – коньки, 10000 м.
2 Марина Халтурина – Андрей Крюков – мәнерлеп сырғанау, жұп.
3 Ольга Ведяшева – тау шаңғысы
4 Владимир Борцов – шаңғы, 10 ш.
5 Әйелдер Қазақстан командасы – шаңғы, эстафета 4х5 ш.
6 Валерий Иванов – биатлон, спринт 10 ш.
7 Михаил Лепешкин – биатлон, 20 ш.
8 Маргарита Дулова – 15 ш.
9 Әйелдер Ұлттық құрамасы – биатлон, эстафета 4х 7,5 ш.
«Қола»
1 Вадим Шакшакбаев – коньки, 1000 метр.
2 Сергей Цыбенко – коньки, 1500 м.
3 Евгений Санаров – коньки, 5000 м.
4 Евгений Санаров – коньки, 10000 м.
5 Әйелдер Ұлттық құрамасы – шайбалы хоккей
6 Владимир Борцов – шаңғы, 15 ш.
7 Елена Чернецова – шаңғы, 5 ш.
8 Дмитрий Пантов – биатлон, 20 ш.
Жандос Смайлов.