Бірінші алтын, бірінші рекорд

14 Маусым 2013, 09:12

Харбин қаласы ойынға қатысушы қонақтарды сұрапыл аязбен қатты соққан өкпек желмен қарсы алды. Жарыстың алғашқы күнi спортшыларымыздың бiз болжағаннан да биiк өнер көрсете алатынына көз жеткiздiк. Бiр жағынан жапондар мен оңтүстiк кореялықтардың мүмкiндiктерiн аса бағалап қойғандай болдық. Олар өз деңгейлерiнен төмен өнер көрсеттi. Қазақстан командасының бәсекенi дәл бұлай бастайтынын тек бiз емес, ешкiмде күтпеген едi. Тәуелсiз Қазақстан тарихындағы ең бiрiншi Ақ Азиада ойындарының алтынын Қазақстанға павлодарлық конькимен жүгiрушi Людмила Прокашева алып келдi. 95-жылғы Әлем бiрiншiлiгiнiң үш жүлдесiн қанжығасына байлаған Людмила Харбинде 3000 метр қашықтықта алдына жан салмады. Оның көрсеткiшi – 4 минут, 25,98 секунд. Бiрақ ол кездегi Харбиннiң мұз айдындары өте керемет жағдайда болатынын ешкiм де ойламаған. Кейiннен спортшылар мен жаттықтырушылардың айтуы бойынша, ондағы айдындар әлемдiк талартардан еш кем емес екен. Мiне осындай жайттың арқасында болар Прокашева аталған сайыста Қысқы Азияданың жаңа рекордын жасады. Осының артынша конькишi жiгiттерiмiз Евгений Санаров та, ерлiгiмен көзге түсiп, қола жүлдегер атанды. Одан әрi тамаша жолдың жалғасындай медальдер бiздiң қоржынға бiрiнен соң бiрi түсе бастады. Тiптi, ерлер арасындағы биатлон бәсекесiнде алғашқы үш орынды қазақстандықтар – Валерий Иванов, Михайл Лепешкин және Дмитрий Пантовтар тиiсiнше бөлiсiп алды. Алтынмен апталған Иванов пен Прокашевалардың жолын Инна Шешкиль жалғастырды. Ол әйелдер биатлоны арасындағы сайыста 15 шақырымда топ жарды. Ал оның командалас құрбысы Маргарита Дулова дәл осы жарыста екiншi келдi. Әуелгi 1-2 орын жаппай ұтып алған сәтiмiз мұнымен бiте қоймады. 90-метрлiк тұғырдан секiру турнирiнде Дмитрий Чвыков алтын алса, Александр Колмаков күмiске иелiк еттi. Бұл жеңiстердiң соңына хоккей командамыздың жапондарды 4:1 есебiмен ойсырата ұтқанын қосыңыз. Құрлықтағы негiзгi қарсыласымызды бұлайша тiзерлеткенiмiз әрине, қазақ хоккейiнiң мерейiн үстем қылғаны анық. Дәл сол күнi, 5-ақпанның кешiнде Қазақстан командасының ұзаққа шабатын күштiлiгi жайында көп сөз қозғалды. Мына қарқыннан айнымасақ, жарты құрлықтың алпауыт үштiгiнiң қатарынан ойып тұрып орын аларымыз көзге ұрынып-ақ тұрды. Азиаданың бел ортасына келгенде бiздiң команда аракiдiк жинаған алтын медальдар санымен бiрiншi орынға шыққан кездер де болды. Әсiресе, шайбалы хоккейдегi жеңiсiмiз жанкүйер көңiлiн көтерiп, үлкен қуаныш сыйлады. Жапондардан кейiн айдын иелерiн бiздiң жiгiттер масқара қып ұтты. (Сол қуанышымызбен 2011 жылы қайта қауышсақ қой.)  Жауапсыз жиырма шайба ұрған хоккейшiлерiмiз Қытай командасына бұл өнердiң қыр-сырын көрсеттi. Бұдан кейiн де қазақстандықтар аттың басын қоя берiп, Оңтүстiк Кореяны 9:1 есебiмен тас-талқан қылды. Өздерiнiң шын мықтылығын көрсете бiлiп, алтыннан алқа таққан ел мақтаныштары мына құрамда едi: Ерлан Сағымбаев, Владимир Антипин, Владимир Бородулин, Виктор Федорченко,   Сергей Кислицин, Андрей Райский, Сергей Антипов, Андрей Самохвалов, Анатолий Филатов, Андрей Пчеляков, Виталий Еремеев, Игорь Медведев, Виталий Трегубов, Александр Артеменко, Сергей Могильников, Владимир Завьялов, Андрей Савенков, Олег Коваленко, Олег Сингилеев, Дмитрий Дударев, Игорь Кравей, Виктор Федорченко, Александр Рожнов.     Жандос Смайлов.

Харбин қаласы ойынға қатысушы қонақтарды сұрапыл аязбен қатты соққан өкпек желмен қарсы алды. Жарыстың алғашқы күнi спортшыларымыздың бiз болжағаннан да биiк өнер көрсете алатынына көз жеткiздiк. Бiр жағынан жапондар мен оңтүстiк кореялықтардың мүмкiндiктерiн аса бағалап қойғандай болдық. Олар өз деңгейлерiнен төмен өнер көрсеттi. Қазақстан командасының бәсекенi дәл бұлай бастайтынын тек бiз емес, ешкiмде күтпеген едi.

Тәуелсiз Қазақстан тарихындағы ең бiрiншi Ақ Азиада ойындарының алтынын Қазақстанға павлодарлық конькимен жүгiрушi Людмила Прокашева алып келдi. 95-жылғы Әлем бiрiншiлiгiнiң үш жүлдесiн қанжығасына байлаған Людмила Харбинде 3000 метр қашықтықта алдына жан салмады. Оның көрсеткiшi – 4 минут, 25,98 секунд.

Бiрақ ол кездегi Харбиннiң мұз айдындары өте керемет жағдайда болатынын ешкiм де ойламаған. Кейiннен спортшылар мен жаттықтырушылардың айтуы бойынша, ондағы айдындар әлемдiк талартардан еш кем емес екен. Мiне осындай жайттың арқасында болар Прокашева аталған сайыста Қысқы Азияданың жаңа рекордын жасады.

Осының артынша конькишi жiгiттерiмiз Евгений Санаров та, ерлiгiмен көзге түсiп, қола жүлдегер атанды. Одан әрi тамаша жолдың жалғасындай медальдер бiздiң қоржынға бiрiнен соң бiрi түсе бастады. Тiптi, ерлер арасындағы биатлон бәсекесiнде алғашқы үш орынды қазақстандықтар – Валерий Иванов, Михайл Лепешкин және Дмитрий Пантовтар тиiсiнше бөлiсiп алды. Алтынмен апталған Иванов пен Прокашевалардың жолын Инна Шешкиль жалғастырды. Ол әйелдер биатлоны арасындағы сайыста 15 шақырымда топ жарды. Ал оның командалас құрбысы Маргарита Дулова дәл осы жарыста екiншi келдi. Әуелгi 1-2 орын жаппай ұтып алған сәтiмiз мұнымен бiте қоймады. 90-метрлiк тұғырдан секiру турнирiнде Дмитрий Чвыков алтын алса, Александр Колмаков күмiске иелiк еттi. Бұл жеңiстердiң соңына хоккей командамыздың жапондарды 4:1 есебiмен ойсырата ұтқанын қосыңыз. Құрлықтағы негiзгi қарсыласымызды бұлайша тiзерлеткенiмiз әрине, қазақ хоккейiнiң мерейiн үстем қылғаны анық.

Дәл сол күнi, 5-ақпанның кешiнде Қазақстан командасының ұзаққа шабатын күштiлiгi жайында көп сөз қозғалды. Мына қарқыннан айнымасақ, жарты құрлықтың алпауыт үштiгiнiң қатарынан ойып тұрып орын аларымыз көзге ұрынып-ақ тұрды.

Азиаданың бел ортасына келгенде бiздiң команда аракiдiк жинаған алтын медальдар санымен бiрiншi орынға шыққан кездер де болды. Әсiресе, шайбалы хоккейдегi жеңiсiмiз жанкүйер көңiлiн көтерiп, үлкен қуаныш сыйлады. Жапондардан кейiн айдын иелерiн бiздiң жiгiттер масқара қып ұтты. (Сол қуанышымызбен 2011 жылы қайта қауышсақ қой.)  Жауапсыз жиырма шайба ұрған хоккейшiлерiмiз Қытай командасына бұл өнердiң қыр-сырын көрсеттi. Бұдан кейiн де қазақстандықтар аттың басын қоя берiп, Оңтүстiк Кореяны 9:1 есебiмен тас-талқан қылды. Өздерiнiң шын мықтылығын көрсете бiлiп, алтыннан алқа таққан ел мақтаныштары мына құрамда едi: Ерлан Сағымбаев, Владимир Антипин, Владимир Бородулин, Виктор Федорченко,   Сергей Кислицин, Андрей Райский, Сергей Антипов, Андрей Самохвалов, Анатолий Филатов, Андрей Пчеляков, Виталий Еремеев, Игорь Медведев, Виталий Трегубов, Александр Артеменко, Сергей Могильников, Владимир Завьялов, Андрей Савенков, Олег Коваленко, Олег Сингилеев, Дмитрий Дударев, Игорь Кравей, Виктор Федорченко, Александр Рожнов.    

Жандос Смайлов.

Бөлісу: