Таңғалдырған Харбин

14 Маусым 2013, 09:10

Сонымен III қысқы Азия ойындары 1996 жылдың ақпан айының 4-11 аралығында Қытайдың солтүстiгiнде орналасқан, арақашықтықтары 195 шақырымға созылған Харбин және Ябули қалаларында өттi. Бұл сайысқа Қазақстан командасымен қатар көршiлес мемлекеттер – Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжiкiстан спортшылары да қатысты. Командалармен бiрге қатысушылар саны да бұл ойындарда едәуiр көбейдi. Харбинге осы жолы 14 команда қатысты: Қытай, Гонконг, Үндiстан, Иран, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкiстан, Оңтүстiк Корея, Ливан, Монғолия, Пәкiстан, Тайвань. Ал ең көп делегат жiбергендер – Қытай (175 адам), Жапония (149) Қазақстан (127, 83 спортшы) және Оңтүстiк Корея (86). Ақ Азиада бағдарламасына 9 спорт түрi ендi. Бiздiң команда осы аталған бәсекелердiң iшiнде тек фристайлға ғана қатыспады. Жалпы, болжам бойынша, отандастарымыз әр түрлi сападағы 30 медальге қол жеткiзулерi тиiс делiнген едi. Осы есеппен алғанда жерлестерiмiз жалпы командалық көрсеткiште төртiншi орынға тұрақтауы әбден мүмкiн жағдай болатын. Өйткенi, алдымызда жарыс қожайындары мен Жапония және Оңтүстiк Корея елдерi бар едi. Сонымен мақсат – осы көрсеткiштен төмендемеу. Ал Iлгерiлеу қиынның қиыны едi. Қош делiк. «Харбиндегi додада бiз кiмге сенiм артамыз?» деген сұраққа жауап iздеп көрсек. Ең басты өкiнiшiмiз мұндағы сайысқа шаңғышымыз Владимир Смирнов қатыспауы болды. Егер атақты спортшымыз Қытайда атой салып, қоржынымызға бiр-екi алтын салғанында, еңсемiздiң бiршама көтерiлерi анық болатын. Онда тiптi жалпыкомандалық есепте үшiншi орын алуға таласып бағуға да болар ма едi? Өткенге өкiнудiң қажетi шамалы. Әйтсе де, өткенге баға бере отырып, келешектiң бағдарын жасау бiздiң еншiмiздегi дүниелер. Соған қарамастан, басты үмiтiмiздiң бiрi болып осы шаңғышылар саналды. Соңғы кездерi өздерiнiң шеберлiктерi мен мол тәжiрибелiлiгiн Павел Рябинин, Николай Иванов, Андрей Невзоровтар оң қырларымен көрсетiп жүрген. Ал конькимен жүгiруде елiмiздiң барлық дерлiк мықтылары – Евгений Санаров, Людмила Прокашева, Вадим Шакшакбаев, Радик Бикчентаев, Александр Клепинин, Сергей Цыбенколар болды. Он биатлоншыларымыздың арасында әйгiлi Инна Шешкиль мен Дмитрий Пантов та орын алды. Мәнерлеп сырғанауда – билеушi жұп Елизавета Стекольникова мен Дмитрий Казарлыга да жүлделi орындардан үмiткер тұғын. Сапында тәжiрибелi деген Владимир Антипин, Владимир Бородулин, Виктор Федорченколар мен «Торпедоның» дарынды жастары Сергей Кислицин, Андрей Райский, Ерлан Сағымбаевтары бар хоккейден ұлттық құрамамызға сенiм жүгi ерекше түстi. Сондықтан болар, шайбалы хоккейден таза бiр алтынның сыңғыры құлақ түбiмiзден сыңғырлап тұрғандай әсерде жүрдiк. Сондай-ақ, жоғарғы орындардан көрiне алады-ай деген тұғырдан секiрушiлер құрамы да әжептеуiр ұшқыш жiгiттерден құралды. Андрей Вервейкин, Максим Палунин, Александро Калмаковтардың қай-қайсысын алсаңызда «сен тұр, мен атайын» деп тұрған кiл сайыпқырандар едi.  Жандос Смайлов.

Сонымен III қысқы Азия ойындары 1996 жылдың ақпан айының 4-11 аралығында Қытайдың солтүстiгiнде орналасқан, арақашықтықтары 195 шақырымға созылған Харбин және Ябули қалаларында өттi. Бұл сайысқа Қазақстан командасымен қатар көршiлес мемлекеттер – Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжiкiстан спортшылары да қатысты. Командалармен бiрге қатысушылар саны да бұл ойындарда едәуiр көбейдi. Харбинге осы жолы 14 команда қатысты: Қытай, Гонконг, Үндiстан, Иран, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкiстан, Оңтүстiк Корея, Ливан, Монғолия, Пәкiстан, Тайвань. Ал ең көп делегат жiбергендер – Қытай (175 адам), Жапония (149) Қазақстан (127, 83 спортшы) және Оңтүстiк Корея (86). Ақ Азиада бағдарламасына 9 спорт түрi ендi.

Бiздiң команда осы аталған бәсекелердiң iшiнде тек фристайлға ғана қатыспады. Жалпы, болжам бойынша, отандастарымыз әр түрлi сападағы 30 медальге қол жеткiзулерi тиiс делiнген едi. Осы есеппен алғанда жерлестерiмiз жалпы командалық көрсеткiште төртiншi орынға тұрақтауы әбден мүмкiн жағдай болатын. Өйткенi, алдымызда жарыс қожайындары мен Жапония және Оңтүстiк Корея елдерi бар едi. Сонымен мақсат – осы көрсеткiштен төмендемеу. Ал Iлгерiлеу қиынның қиыны едi. Қош делiк. «Харбиндегi додада бiз кiмге сенiм артамыз?» деген сұраққа жауап iздеп көрсек. Ең басты өкiнiшiмiз мұндағы сайысқа шаңғышымыз Владимир Смирнов қатыспауы болды. Егер атақты спортшымыз Қытайда атой салып, қоржынымызға бiр-екi алтын салғанында, еңсемiздiң бiршама көтерiлерi анық болатын. Онда тiптi жалпыкомандалық есепте үшiншi орын алуға таласып бағуға да болар ма едi? Өткенге өкiнудiң қажетi шамалы. Әйтсе де, өткенге баға бере отырып, келешектiң бағдарын жасау бiздiң еншiмiздегi дүниелер. Соған қарамастан, басты үмiтiмiздiң бiрi болып осы шаңғышылар саналды. Соңғы кездерi өздерiнiң шеберлiктерi мен мол тәжiрибелiлiгiн Павел Рябинин, Николай Иванов, Андрей Невзоровтар оң қырларымен көрсетiп жүрген. Ал конькимен жүгiруде елiмiздiң барлық дерлiк мықтылары – Евгений Санаров, Людмила Прокашева, Вадим Шакшакбаев, Радик Бикчентаев, Александр Клепинин, Сергей Цыбенколар болды. Он биатлоншыларымыздың арасында әйгiлi Инна Шешкиль мен Дмитрий Пантов та орын алды. Мәнерлеп сырғанауда – билеушi жұп Елизавета Стекольникова мен Дмитрий Казарлыга да жүлделi орындардан үмiткер тұғын.

Сапында тәжiрибелi деген Владимир Антипин, Владимир Бородулин, Виктор Федорченколар мен «Торпедоның» дарынды жастары Сергей Кислицин, Андрей Райский, Ерлан Сағымбаевтары бар хоккейден ұлттық құрамамызға сенiм жүгi ерекше түстi. Сондықтан болар, шайбалы хоккейден таза бiр алтынның сыңғыры құлақ түбiмiзден сыңғырлап тұрғандай әсерде жүрдiк.

Сондай-ақ, жоғарғы орындардан көрiне алады-ай деген тұғырдан секiрушiлер құрамы да әжептеуiр ұшқыш жiгiттерден құралды. Андрей Вервейкин, Максим Палунин, Александро Калмаковтардың қай-қайсысын алсаңызда «сен тұр, мен атайын» деп тұрған кiл сайыпқырандар едi. 

Жандос Смайлов.

Бөлісу: