Бүгін - Дүниежүзілік донор күні. Ол жыл сайын елімізде де кеңінен аталып өтіледі.
Облыстық «Қан орталығы» ММ директоры Серік Жалмұқановтың айтуынша, соңғы кезде донорлар саны көбейіп келеді. Өңірде 1 мың адамға шаққанда 32,4 донордан келеді. Бұл жөнінен БҚО республикада Астанадан кейін екінші орында.
«Аталмыш қан орталығына күніне 50-60 адам қан тапсыруға келеді. Донор күні мұнда келушілердің саны 150-ге жетіп жығылады. Олар өткізетін қан науқастарға жеткілікті. Бірақ донорлар санын көбейту үшін тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын үнемі жүргіземіз. Біз қаладағы мекемелерге және аудандарға шығып, қан жинайтын арнайы топ жасақтадық. Олар алдын ала жасалған кесте бойынша донорлардан қан алады. Көп жылдан бері құрметті донор атанған жүздеген адамдардың есімін атауға болады. Мысалы, 196 рет плазма тапсырған Ю.Чахалиди, 126 рет плазма тапсырған А.Подлипалина, 141 рет тапсырған А.Сапурова, 88 рет қан берген Ж.Әлімбаева сияқты қайырымды жандар баршылық. Олар талай адамды ажалдан арашалап қалды десек, артық айтқандық емес. Біз ұлт денсаулығы жолында атақ пен ақша үшін емес, адам өмірін сақтап қалуды мақсат еткен осындай азаматтарға арқа сүйеп келеміз және оларды әр кез мақтан етеміз. Жастар арасында да донор саны артып отыр. Бір ерекшелігі, осылардың барлығы өз қандарын ешбір ақысыз тапсыруда. Бізде қан тапсырғандардың еңбек демалысына бір күн қосылады және түскі ас ішуге есепті көрсеткіштің 0,25 пайызы шегінде ақша төленеді. Ол шамамен 432 теңге», деді С.Жалмұқанов.
ҚазАқпарат.