Таяуда америкалық Айова штатында өткен арулар байқауында бір қолы жоқ 23 жастағы бойжеткен жеңімпаз атанды. Бұл туралы СBS News телеарнасы хабарлады.
Николь Келли (Nicole Kelly) сол жақ қолының білек сүйектерінсіз туған. Ол 2012 жылдың мамырында Небраска штатының Линкольндегі университетін тәмамдады. Театрлық өнердің қыр-сырын меңгер бойжеткен бүгінде Нью-Йоркта тұрады. Оның болашақтағы арманы - Бродвейде жұмыс істеу.
Ақылына көркі сай Николь үшін «Айова аруы» атану күтпеген жағдай. Бірақ ол осы жеңістің арқасында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне қоғамның назарын аударуға жол ашылатынын түсінуде. Енді Николь қыркүйек айында өтетін АҚШ сұлуларының тартысына қатысып, бағын сынап көрмек.
ҚазАқпарат.