Павлодарда дүниеге келген нәрестелердің 58,2 пайызы – қазақ

14 Маусым 2013, 03:50

Павлодар облысындағы дүниеге келген нәрестелердің дені өз ұлтымыздың үлесін құрайды. Жалпы, облыстық статистика басқармасының хабарлауынша бұл өңір­­­­де бала туудан Баянауыл ауданы алда келеді. Ал, Железин ауда­нының көр­­сеткіші төмен көрінеді. Былтыр өңі­рімізде 6607 ұл және 6233 қыз бала өмір­ге келіпті. Ұлдардың есімдері арасынан Ерасыл, Нұрәлі, Мансұр, Артем, Кирилл, Даниил жиі кездессе, қыздардың аттарынан Аружан, Ясмин, Малика, Милана, София, Анастасия есімдері көп. Жаңа туған сәбилердің арасында Байсангүр, Сократ, Эльхан, Альсаид, Ратмир, Лунара, Апполинария, Атика сияқты сирек кездесетін есімдер де бар. Өткен жылы өмірге келген нәрестелердің 58,2 пайызы қазақтың ұл-қыздары деп қуанудамыз. Үш үшем және 85 егіз бала туыпты.  "Егемен Қазақстан"

Павлодар облысындағы дүниеге келген нәрестелердің дені өз ұлтымыздың үлесін құрайды.

Жалпы, облыстық статистика басқармасының хабарлауынша бұл өңір­­­­де бала туудан Баянауыл ауданы алда келеді. Ал, Железин ауда­нының көр­­сеткіші төмен көрінеді. Былтыр өңі­рімізде 6607 ұл және 6233 қыз бала өмір­ге келіпті. Ұлдардың есімдері арасынан Ерасыл, Нұрәлі, Мансұр, Артем, Кирилл, Даниил жиі кездессе, қыздардың аттарынан Аружан, Ясмин, Малика, Милана, София, Анастасия есімдері көп. Жаңа туған сәбилердің арасында Байсангүр, Сократ, Эльхан, Альсаид, Ратмир, Лунара, Апполинария, Атика сияқты сирек кездесетін есімдер де бар. Өткен жылы өмірге келген нәрестелердің 58,2 пайызы қазақтың ұл-қыздары деп қуанудамыз. Үш үшем және 85 егіз бала туыпты. 

"Егемен Қазақстан"

Бөлісу: