Күрес: Әбунасыр Өмірзақ - Азия чемпионы

14 Маусым 2013, 03:48

Таиланд елінің Пхукет қаласында басталған  күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақ палуаны Әбунасыр Өмірзақ алтын еншіледі. Грек рим күресі бойынша 74 келіде белдескен ол Зонгчанг Ли (5:0, 4:0) мен жапондық Со Сокабені (7:0) ұтты. Ал финалда қырғыз Самат Ширдақовтан басым түсті ( 4:3).  Сондай-ақ 60 келіде Данияр Каленов қытайлық Лонг Жуды (3:2, 1:1) ұтып, қола алды. 66 келіде белдескен Жәнібек Қандыбаев та қытай балуаны Енченг Санды (7:0) сүріндіріп, үшінші орынды иеленді, деп жазады «Аламан».

Таиланд елінің Пхукет қаласында басталған  күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақ палуаны Әбунасыр Өмірзақ алтын еншіледі.

Грек рим күресі бойынша 74 келіде белдескен ол Зонгчанг Ли (5:0, 4:0) мен жапондық Со Сокабені (7:0) ұтты. Ал финалда қырғыз Самат Ширдақовтан басым түсті ( 4:3).

 Сондай-ақ 60 келіде Данияр Каленов қытайлық Лонг Жуды (3:2, 1:1) ұтып, қола алды. 66 келіде белдескен Жәнібек Қандыбаев та қытай балуаны Енченг Санды (7:0) сүріндіріп, үшінші орынды иеленді, деп жазады «Аламан».

Бөлісу: