Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық XVI сессиясы өтті - Қызылорда

13 Маусым 2013, 04:10

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық XVI сессиясы болып өтті. Ассамблея сессиясының күн тәртібіне «Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХ сессиясының қорытындыларынан туындайтын міндеттер» енгізілді. Жиынды облыс әкімі, облыстық ҚХА-ның төрағасы Қырымбек Көшербаев ашты. Басқосуда өңір басшысы ҚХА ХХ сессиясында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асыруға байланысты қойылған басым міндеттерге тоқталып өтті. Сондай-ақ барлық халықтың өмірлік басты принципі - қоғамдық келісімді сақтау екені айтылды. Ол жергілікті мемлекеттік органдардың, облыстық ассамблеяның, этномәдени бірлестіктердің ҚХА ХХ сессиясында ел Президентінің берген тапсырмаларын орындау бойынша нақты міндеттерге тоқталды. Аудандарда, қалаларда және ірі кәсіпорындарда қоғамдық келісім кеңестерін құруға байланысты шаралар өтеді. Аға ұрпақ үлгісімен ортақ рухани-адамгершілік құндылықтарымыз арқылы жастарды тәрбиелеуге баса назар аударылады. Облыстағы 11 этномәдени бірлестік әрі қарай да ұйымдастыру - әдістемелік және қаржылық қолдау алатын болады. Биылғы жылдың өзінде облыстық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2 жобаны іске асыруға 3,7 млн. теңге бөлінді. Достық үйі құрылысын салу мәселесі де қарастырылуда. Жиында «Славяне» мәдени орталығының төрайымы Галина Щербакова, татар ұлттық мәдени орталығының төрайымы Галия Гизатуллина және «Русская община Казахстана» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының директоры Владимир Толоконников өз пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар кеңес барысында этномәдени бірлестіктердің қызметін қолдау жөніндегі іс-шараларды БАҚ беттерінде кеңінен жариялау, татар халқының «Сабантой» мерекесін 2014 жылы Сыр елінде өткізу жайы қозғалды. Алдағы жылы Қызылорда облысында ұйымдастырылатын шараға Татарстаннан арнайы делегация шақырылатын болды, ал «Славяне» этномәдени орталығы мүшелеріне ұлттық нақыштағы киімдердің тігілуін қаржыландыру облыс әкімі тарапынан қолдау тапты. ҚазАқпарат.

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық XVI сессиясы болып өтті. Ассамблея сессиясының күн тәртібіне «Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХ сессиясының қорытындыларынан туындайтын міндеттер» енгізілді. Жиынды облыс әкімі, облыстық ҚХА-ның төрағасы Қырымбек Көшербаев ашты.

Басқосуда өңір басшысы ҚХА ХХ сессиясында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асыруға байланысты қойылған басым міндеттерге тоқталып өтті. Сондай-ақ барлық халықтың өмірлік басты принципі - қоғамдық келісімді сақтау екені айтылды. Ол жергілікті мемлекеттік органдардың, облыстық ассамблеяның, этномәдени бірлестіктердің ҚХА ХХ сессиясында ел Президентінің берген тапсырмаларын орындау бойынша нақты міндеттерге тоқталды. Аудандарда, қалаларда және ірі кәсіпорындарда қоғамдық келісім кеңестерін құруға байланысты шаралар өтеді. Аға ұрпақ үлгісімен ортақ рухани-адамгершілік құндылықтарымыз арқылы жастарды тәрбиелеуге баса назар аударылады. Облыстағы 11 этномәдени бірлестік әрі қарай да ұйымдастыру - әдістемелік және қаржылық қолдау алатын болады. Биылғы жылдың өзінде облыстық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2 жобаны іске асыруға 3,7 млн. теңге бөлінді. Достық үйі құрылысын салу мәселесі де қарастырылуда.

Жиында «Славяне» мәдени орталығының төрайымы Галина Щербакова, татар ұлттық мәдени орталығының төрайымы Галия Гизатуллина және «Русская община Казахстана» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының директоры Владимир Толоконников өз пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар кеңес барысында этномәдени бірлестіктердің қызметін қолдау жөніндегі іс-шараларды БАҚ беттерінде кеңінен жариялау, татар халқының «Сабантой» мерекесін 2014 жылы Сыр елінде өткізу жайы қозғалды. Алдағы жылы Қызылорда облысында ұйымдастырылатын шараға Татарстаннан арнайы делегация шақырылатын болды, ал «Славяне» этномәдени орталығы мүшелеріне ұлттық нақыштағы киімдердің тігілуін қаржыландыру облыс әкімі тарапынан қолдау тапты.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: