«Қайрат» клубы «Рубин» футболшысын миллион еуроға сатып алмақшы

13 Маусым 2013, 03:54

Алматының «Қайрат» футбол клубы қазандық «Рубиннің» және Финляндия құрамасының жартылай қорғаушысы Алексей Еременконы 1,2 миллион еуроға сатып алмақшы, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс». Футболшының «Қайратқа» өтетіні туралы ақпаратты «Рубин» вице-президенті Камиль Исхаков растады: - «Иә, Алексей Еременконың мәселесі бүгін-ертең шешіледі, қазір «Қайрат» пен «Рубин» клубтары тиісті құжаттарға қол қойып жатыр. Біздің алматы клубымен қарым-қатынасымыз өте жақсы, сондықтан келісімге келу қиынға соққан жоқ. «Қайраттың» қазіргі жаттықтырушысы Владимир Вайсс бұған дейін 2006-2007 жылдары Еременконың ағасымен жұмыс істеген. Еременко «Рубинге» 2011 жылы тамызда Харковтың «Металлистінен» 500 мың еуроға сатылған. Соңғы екі маусымда Ресей чемпионатында «Рубин» сапында 8 ойын өткізген. Естеріңізге саламыз, «Қайрат» клубы бұған дейін жаңа ойыншылармен толықтырылған болатын: қақпашы Давид Лория, қорғаушы Самат Смақов және жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеев.  Baq.kz

Алматының «Қайрат» футбол клубы қазандық «Рубиннің» және Финляндия құрамасының жартылай қорғаушысы Алексей Еременконы 1,2 миллион еуроға сатып алмақшы, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».

Футболшының «Қайратқа» өтетіні туралы ақпаратты «Рубин» вице-президенті Камиль Исхаков растады:
- «Иә, Алексей Еременконың мәселесі бүгін-ертең шешіледі, қазір «Қайрат» пен «Рубин» клубтары тиісті құжаттарға қол қойып жатыр. Біздің алматы клубымен қарым-қатынасымыз өте жақсы, сондықтан келісімге келу қиынға соққан жоқ.

«Қайраттың» қазіргі жаттықтырушысы Владимир Вайсс бұған дейін 2006-2007 жылдары Еременконың ағасымен жұмыс істеген. Еременко «Рубинге» 2011 жылы тамызда Харковтың «Металлистінен» 500 мың еуроға сатылған. Соңғы екі маусымда Ресей чемпионатында «Рубин» сапында 8 ойын өткізген.

Естеріңізге саламыз, «Қайрат» клубы бұған дейін жаңа ойыншылармен толықтырылған болатын: қақпашы Давид Лория, қорғаушы Самат Смақов және жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеев. 

Baq.kz

Бөлісу: