ҚОСТАНАЙ
Қостанай облысындағы Естаевтар әулеті жарты ғасырдан астам астық өсіріп келеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
1947 жылы туған Ибраш Естаев ауылшаруашылығында 40 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол қарапайым механизатордан бастап, сексенінші жылдары кеңшар директорлығына дейін өсті. Кеңес заманында ол Қостанайдағы ірі Бестау кеңшарын басқарды. Қазір оның табысты өз агрофермасы бар. Ибраш Естайұлы экономика ғылымдарының кандидаты, халық шаруашылығының үздігі, ең бастысы диқанның беделін айғақтайтын - ҚР Ауылшаруашылығына еңбек сіңірген қызметкер.
Ол кішкентай кезінде диқаншылық кәсіп туралы ойламапты да.
«Ол заманда қазіргідей көп азық-түлік болған емес. Бізге нанның әрбір қиқымы қымбаттұғын. Сондықтан болар мен астық өсіруші болғым келді. Барлығына нан өсіріп, тойдыруды ойладым», - деп күледі И.Естаев.
Оның арманының ауылы алыс емес еді. Бестау миллионер кеңшарға айналды, сол тұста 1991 жыл келіп жетті.
«Тағы да бірнеше жыл кеңшарды басқардым. Алайда адамдар өздері үшін жұмыс істей бастады. Мен де ешкімге кедергі болмадым, - деп есіне алады Ибраш Естаев. – Өзім білетінім астық өсіру соны қаладым».
«Ибраш Естаев» шаруа қожалығы ресми түрде 1998 жылы құрылды.
«Анам кәсіпке бармауымды сұрап жылаған еді. Алайда уақыт өтті, жолымыз болды», - дейді кәсіпкер өткен күнді еске ала отырып.
Қазір «Ибраш Естаев» ШҚ 10 мың гектар алқаптан орташа алғанда әр гектардан 20-30 центнер астық жинайды. Қазір қожалықта 40 техника тіпті, жеке ұшағы бар. Естаевтың қожалығында 70 еңбеккер жұмыс істейді. Естаев өз кәсібіндегі жетістігін ылғалды сақтайтын технология қолдануды және егіс науқаны алдында химиялық өңдеу жүргізуден деп санайды. Оған қоса жерсіндірілген өте сапалы тұқым егу және соңғы агротехниканы қолданудың да пайдасы аз емес. Ибраштың екі ұлы Қайрат пен Алмат диқан кәсібін таңдаған. Қазір шаруашылық басшысы ісін сенімді ізбасарларына біртіндеп тапсырып жатыр. Қайрат еш ойланбастан әкемнің жолын таңдадым деп отыр. Ал Алмат болса астық өсіріп, ас атасы – нанды көбейткеннен беделді кәсіп жоқ деп санайды. Диқаншылар өз балалары да диқаншылар кәсібін жалғастыратынына сенімді.
Естаевтар әулеті (фото)