Астанада үш айда 7000 сәби дүниеге келді

12 Маусым 2013, 09:49

2013 жылдың 1 мамырындағы мәлімет бойынша Астана қаласы тұрғындарының саны 788 266 адамға жетті. Оның ішінде Алматы ауданында - 364 396 (46,2%) Есіл ауданында - 106 076 (13,5%), Сарыарқа ауданында - 317 794 (40,3%) адам болды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық статистика департаментінен мәлім еткен. «2013 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда Астана қаласының халқының саны 10 068 адамға, соның ішінде Алматы ауданы - 714 адамға, Есіл ауданы - 3 339 адамға, Сарыарқа ауданы - 6 015 адамға өсті», - деп хабарлайды департаменттен. Сондай-ақ, ведомство 2013 жылдың бірінші тоқсанында - қаңтар - сәуір айлары халықтың табиғи өсімі - 5 728 адам, көші-қон есебінен - 4 340 адам болғанын атап көрсетеді. Өткен жылдың осы кезеңіндегі бірінші тоқсанмен салыстырғанда туу мен өлім-жітімнің өскендігі де байқалады. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 19,8%-ға артып, 5 728 адамға жеткен. «2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында Астана қаласы бойынша 6 919 сәби тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға артық. Сондай-ақ, осы аралықта 1 191 адам өлімі тіркелген. Бұл 2012 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2%-ға артық», - деп атап өтті ведомствадан. Қаңтар-сәуір айларында 1 жасқа дейін шетінеген сәбилер саны - 58. Бұл 2012 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 12-ге кем. 1 жасқа дейінгі сәбилердің шетінеу коэффицинті 1000 жаңа туған сәбиге шаққанда (2012 жылдың қаңтар-сәуір айларында - 11,72) 8,38 болды. Тұрғындар арасындағы өлімнің негізгі себептері бұрынғысынша, қан айналымы жүйесінің бұзылуы - 39,3%, жаңадан пайда болған аурулар - 18,3%, бақытсыз оқиға, улану мен жарақаттан көз жұму - 14,5% болуда. 2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында АХАТ органдарына тіркелген неке қиюшылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 8,2%-ға, ажырасқандар саны - 13,4%-ға өскен. ҚазАқпарат.

2013 жылдың 1 мамырындағы мәлімет бойынша Астана қаласы тұрғындарының саны 788 266 адамға жетті. Оның ішінде Алматы ауданында - 364 396 (46,2%) Есіл ауданында - 106 076 (13,5%), Сарыарқа ауданында - 317 794 (40,3%) адам болды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық статистика департаментінен мәлім еткен.

«2013 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда Астана қаласының халқының саны 10 068 адамға, соның ішінде Алматы ауданы - 714 адамға, Есіл ауданы - 3 339 адамға, Сарыарқа ауданы - 6 015 адамға өсті», - деп хабарлайды департаменттен.

Сондай-ақ, ведомство 2013 жылдың бірінші тоқсанында - қаңтар - сәуір айлары халықтың табиғи өсімі - 5 728 адам, көші-қон есебінен - 4 340 адам болғанын атап көрсетеді.

Өткен жылдың осы кезеңіндегі бірінші тоқсанмен салыстырғанда туу мен өлім-жітімнің өскендігі де байқалады. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 19,8%-ға артып, 5 728 адамға жеткен.

«2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында Астана қаласы бойынша 6 919 сәби тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға артық. Сондай-ақ, осы аралықта 1 191 адам өлімі тіркелген. Бұл 2012 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2%-ға артық», - деп атап өтті ведомствадан.

Қаңтар-сәуір айларында 1 жасқа дейін шетінеген сәбилер саны - 58. Бұл 2012 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 12-ге кем. 1 жасқа дейінгі сәбилердің шетінеу коэффицинті 1000 жаңа туған сәбиге шаққанда (2012 жылдың қаңтар-сәуір айларында - 11,72) 8,38 болды.

Тұрғындар арасындағы өлімнің негізгі себептері бұрынғысынша, қан айналымы жүйесінің бұзылуы - 39,3%, жаңадан пайда болған аурулар - 18,3%, бақытсыз оқиға, улану мен жарақаттан көз жұму - 14,5% болуда.

2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында АХАТ органдарына тіркелген неке қиюшылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 8,2%-ға, ажырасқандар саны - 13,4%-ға өскен.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: