Бес айдың ішінде мектеп оқушылары 173 алтын медаль иеленді - БҒМ

12 Маусым 2013, 09:29

2013 жылғы бес айдың ішінде Қазақстанның мектеп оқушылары сан алуан халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 835 медальды еншіледі. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова мәлім етті. Оның хабарлауынша, оның ішінде 173 алтын, 268 күміс және 394 қола медаль бар. Сондай-ақ 470 мың оқушы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына қатысты. Олардың 1 748-і жүлделі орындар мен I-III дәрежелі дипломдармен марапатталды. ҚазАқпарат.

2013 жылғы бес айдың ішінде Қазақстанның мектеп оқушылары сан алуан халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 835 медальды еншіледі. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова мәлім етті.

Оның хабарлауынша, оның ішінде 173 алтын, 268 күміс және 394 қола медаль бар. Сондай-ақ 470 мың оқушы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына қатысты. Олардың 1 748-і жүлделі орындар мен I-III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: