Интернетке Сталиннің мұрағаттары орналастырылды

12 Маусым 2013, 08:41

Ресей мемлекеттік мұрағаты Иосиф Сталиннің   қорын интернетке орналастырды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі. «Кеңестік дәуірдің құжаттары» сайтында оның хаттары, сөздері, жазбалалары, мақалалары және басқа да құжаттары қойылған. Ашық түрде Сталин қорының және СОКП Орталық Комитеті саяси бюросының барлық 400 мың беттік құжаттары қолжетімді. Бұл жобаның таныстырылымы 11 маусымда өтті. Мұрағаттың жалпы көлемі 100 мыңға жуық құжатты құрайды. Оны сандық жүйеге көшіруге мамандар бес жыл жұмсады. «Сталин қоры» бөлімінде «Авторлық құжаттар», «Сталиннің кітапханасынан алынған және ол белгі салған кітаптар», «Өмірбаяндық құжаттар», «Сталиннің 70 жасқа толуына байланысты құттықтаулар», «Сталиннің сырқаттануы мен қайтыс болуына байланысты жолданған хаттар мен желделхаттар» деген санаттар бойынша топтастырылған. «Российская газетаға» берген сұхбатында «Ресей мұрағатының» директоры Андрей Артизов кеңестік дәуірдің басынан бастап құжаттарды жариялауға бұл кезеңнің күрделі болғаны себеп болды. «Кеңестік дәуірді «жақындата түсіп», бұл кезеңде біз мақтан ете алатын лайықты оқиғаларды және жаңа Ресей неден бас тартуы қажет» деген мәселені айқындау қажет», - деді ол. Артизовтің айтуынша, бұдан әрі кеңестік мемлекеттің басқа да қайраткерлері - Никита Хрущевтің, Леонид Брежневтің, Вячеслав Молотовтың және басқаларының қорлары жарияланады.   ҚазАқпарат.

Ресей мемлекеттік мұрағаты Иосиф Сталиннің   қорын интернетке орналастырды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

«Кеңестік дәуірдің құжаттары» сайтында оның хаттары, сөздері, жазбалалары, мақалалары және басқа да құжаттары қойылған. Ашық түрде Сталин қорының және СОКП Орталық Комитеті саяси бюросының барлық 400 мың беттік құжаттары қолжетімді. Бұл жобаның таныстырылымы 11 маусымда өтті.

Мұрағаттың жалпы көлемі 100 мыңға жуық құжатты құрайды. Оны сандық жүйеге көшіруге мамандар бес жыл жұмсады.

«Сталин қоры» бөлімінде «Авторлық құжаттар», «Сталиннің кітапханасынан алынған және ол белгі салған кітаптар», «Өмірбаяндық құжаттар», «Сталиннің 70 жасқа толуына байланысты құттықтаулар», «Сталиннің сырқаттануы мен қайтыс болуына байланысты жолданған хаттар мен желделхаттар» деген санаттар бойынша топтастырылған.

«Российская газетаға» берген сұхбатында «Ресей мұрағатының» директоры Андрей Артизов кеңестік дәуірдің басынан бастап құжаттарды жариялауға бұл кезеңнің күрделі болғаны себеп болды. «Кеңестік дәуірді «жақындата түсіп», бұл кезеңде біз мақтан ете алатын лайықты оқиғаларды және жаңа Ресей неден бас тартуы қажет» деген мәселені айқындау қажет», - деді ол.

Артизовтің айтуынша, бұдан әрі кеңестік мемлекеттің басқа да қайраткерлері - Никита Хрущевтің, Леонид Брежневтің, Вячеслав Молотовтың және басқаларының қорлары жарияланады.  

ҚазАқпарат.

Бөлісу: