12 Маусым 2013, 05:18
Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов биылғы есеп беруінде 15 жыл ішінде Астана халықаралық сахнада мызғымас абырой мен берік беделге қол жеткізіп, өз болмысына сай атақ-даңқын баян етті. Астананың кісірі мен ырысы артып, табысы ұлғая түскендігін, әлеуметтң әлеуеті артқандығын айтты.
2012 жылы жергілікті бюджет 105 880,4 млн теңгемен толықты.
Қаланың жалпы ішкі өнімі 8 пайызға өсіп, 2 трлн 400 млрд теңгеге жетті.
Өнеркәсіп өнімі 196 млрд теңгені құрады.
Инвестиция 616 млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға түсетін инвестиция көлемі бойынша Астана республикалық үлестің 11,4 пайызын құрады.
Қаланың алыс және жақын шетелдермен сауда ынтымақтастық аясы да кеңеюде.
Сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар-қазанында 7 823,1 млн АҚШ долларын құраған.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нәтижесінде өткен жылы 1 трлн 52 млрд теңгенің өнімі өндіріліпті.