«ЭКСПО – 2017» – Астананың абыройын аспандатады

12 Маусым 2013, 05:15

2012 жылдың 22 қарашасы барша қазақ­стан­дықтар үшін ақ түйенің қарны жарыл­ған күн ретінде есте қалды. Дәл осы күні төрткүл дүниені төрінде тоғыс­тыратын «ЭКСПО» халықаралық көр­ме­сі қазақ жерінде өтетін болып келісілді. Париж қаласында өткен Халықаралық көр­ме­лер бюросы Бас ассамблеясының 152-сессиясында қатысушы 161 мемлекеттің 103-і Аста­наны қолдап, дауыс берді. Кешеге дейін күллі жұрт елордада өткен ЕҚЫҰ Саммиті, VІІ Қысқы Азия ойындары,­ ИКҰ форумы, V Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­бас­шы­ларының съезі сынды маңызды оқи­ға­ларға куә болған. Халықаралық салмағы бар жиындар мен басқосулардың алаңына айналған Астана сәтін салса, енді «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін қабылдамақ. Халықаралық көрмелер бюросының талап­тарына сай көрме өткiзушi қаланың әлеуетi үш ай көлемiнде кемі 5 млн адамды қа­былдауға дәрмендi болуы тиiс. Талапқа сай шаһардың оңтүстік-шығыс бөлігінде халықаралық шараны өткізуге арналған тұтастай жаңа қалашық тұрғызу жоспарлануда. Бұл мақсатқа Астана қаласы әкімдігі 124 гектар жер бөлді. Ол коммуникациялық жағынан қолайлы меди­ци­на­лық кластердің солтүстігінде, Орын­бор, №27, №30 және Қабанбай батыр көше­ле­рінің шекараларында орналасқан. «ЭКСПО-ның» орталық көрмесі Назарбаев Университеті мен «Абу Даби Плаза» кешені аралығындағы желілік парктің қиы­лыс­қан тұсында орналасады. Қазір ЭКСПО қалашығының жобасына халықаралық конкурс жарияланды. Конкурс жеңімпазын осы жылдың қазанында Халықаралық көрмелер бюросы бекітеді. Ал, келесі жылдың басында құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Көрме әлемді қазақстандықтардың көп ұлтты мәдениетімен, көне тарихымен, өне­рі­мен, дәстүрімен және қонақжай мінезімен таныстыруға жол ашып, еліміздің әлемдік қауымдастық алдындағы танымалдылығы мен тартымдылығын одан сайын арттыра түсетін болады.

2012 жылдың 22 қарашасы барша қазақ­стан­дықтар үшін ақ түйенің қарны жарыл­ған күн ретінде есте қалды. Дәл осы күні төрткүл дүниені төрінде тоғыс­тыратын «ЭКСПО» халықаралық көр­ме­сі қазақ жерінде өтетін болып келісілді. Париж қаласында өткен Халықаралық көр­ме­лер бюросы Бас ассамблеясының 152-сессиясында қатысушы 161 мемлекеттің 103-і Аста­наны қолдап, дауыс берді.

Кешеге дейін күллі жұрт елордада өткен ЕҚЫҰ Саммиті, VІІ Қысқы Азия ойындары,­ ИКҰ форумы, V Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­бас­шы­ларының съезі сынды маңызды оқи­ға­ларға куә болған. Халықаралық салмағы бар жиындар мен басқосулардың алаңына айналған Астана сәтін салса, енді «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін қабылдамақ.

Халықаралық көрмелер бюросының талап­тарына сай көрме өткiзушi қаланың әлеуетi үш ай көлемiнде кемі 5 млн адамды қа­былдауға дәрмендi болуы тиiс.

Талапқа сай шаһардың оңтүстік-шығыс бөлігінде халықаралық шараны өткізуге арналған тұтастай жаңа қалашық тұрғызу жоспарлануда. Бұл мақсатқа Астана қаласы әкімдігі 124 гектар жер бөлді.

Ол коммуникациялық жағынан қолайлы меди­ци­на­лық кластердің солтүстігінде, Орын­бор, №27, №30 және Қабанбай батыр көше­ле­рінің шекараларында орналасқан. «ЭКСПО-ның» орталық көрмесі Назарбаев Университеті мен «Абу Даби Плаза» кешені аралығындағы желілік парктің қиы­лыс­қан тұсында орналасады.

Қазір ЭКСПО қалашығының жобасына халықаралық конкурс жарияланды. Конкурс жеңімпазын осы жылдың қазанында Халықаралық көрмелер бюросы бекітеді. Ал, келесі жылдың басында құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.

Көрме әлемді қазақстандықтардың көп ұлтты мәдениетімен, көне тарихымен, өне­рі­мен, дәстүрімен және қонақжай мінезімен таныстыруға жол ашып, еліміздің әлемдік қауымдастық алдындағы танымалдылығы мен тартымдылығын одан сайын арттыра түсетін болады.

Бөлісу: