11-13 маусым аралығында Ханойда Вьетнам Социалистік Республикасындағы (ВСР) Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері өтеді.
Бүгін қазақстандық делегацияны бастап келген ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаевтың ВСР Мәдениет, спорт және туризм министрі Хоанг Туан Анеммен кездесуі өтеді. Шараға ҚР-дың ҚХР-дағы және ВСР-дағы Елшісі Нұрлан Ермекбаев қатысады.
Қазақстанның Мәдениет күндері шеңберінде Ханой қаласында Қазақстанның жетекші өнер майталмандарының қатысуымен гала-концерт өтетін болады.
Еске салайық, 2011 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вьетнамға жасаған жұмыс сапарының нәтижесі бойынша, екі мемлекеттің басшылары дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл толуына орай тиісті ведомстволарға 2012 жылы Қазақстанда Вьетнамның Мәдениет күндерін және 2013 жылы Вьетнамда Қзақстанның Мәдениет күндерін өткізуді жүктеді.
Астанада 2012 жылдың қыркүйек айында Қазақстандағы Вьетнам Мәдениетінің күндері өтті.
Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың маусымында орнады. Елордада 2008 жылдың сәуірінен бастап Қазақстандағы Вьетнам елшілігі қызмет етуде. 2013 жылы ҚР-дың Вьетнамдағы елшілігін ашу жоспарланып отыр.
ҚазАқпарат.