Қала күніне Астанаға Николь Шерзингер келеді

10 Маусым 2013, 08:33

«Асқақтай бер, Астана!» түнгі би кеші жобасының қонағы-  америкалық әнші Николь Шерзингер. Атақты әнші тыңдарман қауымға Pussycat Dolls тобының ең белді мүшесі ретінде танымал. Бұл жайында astana.kz сайтына Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің  медиатобы хабарлады. Жыл сайын қала күніне орай Қазақстан және шетел жұлдыздарының қатысуымен өтетін бірегей гала-концерті «Асқақтай бер, Астана!» елорданың өзіндік бренді ретінде қалыптасып үлгерді. Биылғы концерт «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Концертке отандық эстраданың танымал өнерпаздарымен қатар әлемдік  жарық жұлдыздар қатынасады деп күтілуде.   Мерекеде Луина, Әли Оқапов, Assyl этно-тобы, «Арнау» дуэті, SonPascal, K-Rim, А-Студио, Дискотека Авария,  Потап пен Настя сынды  өнер жұлдыздары ең танымал туындыларын Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арнамақ. astana.kz

«Асқақтай бер, Астана!» түнгі би кеші жобасының қонағы-  америкалық әнші Николь Шерзингер. Атақты әнші тыңдарман қауымға Pussycat Dolls тобының ең белді мүшесі ретінде танымал. Бұл жайында astana.kz сайтына Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің  медиатобы хабарлады.

Жыл сайын қала күніне орай Қазақстан және шетел жұлдыздарының қатысуымен өтетін бірегей гала-концерті «Асқақтай бер, Астана!» елорданың өзіндік бренді ретінде қалыптасып үлгерді.

Биылғы концерт «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Концертке отандық эстраданың танымал өнерпаздарымен қатар әлемдік  жарық жұлдыздар қатынасады деп күтілуде.

 

Мерекеде Луина, Әли Оқапов, Assyl этно-тобы, «Арнау» дуэті, SonPascal, K-Rim, А-Студио, Дискотека Авария,  Потап пен Настя сынды  өнер жұлдыздары ең танымал туындыларын Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арнамақ.

astana.kz

Бөлісу: